Қазақстан ДСҰ-ны реформалау бастамасын қолдады

2019 жылы 23 және 24 шілдеде Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымға мүше мемлекеттердің Елшілері мен Тұрақты өкілдерінің қатысуымен ұйымының Бас кеңесінің отырысы болып өтті.

Күн тәртібіне ДСҰ-ның келіссөз қызметі, Сауда бастамаларына көмек, электрондық коммерция жұмыс бағдарламасы және транспаренттілік жөніндегі мәселелері кірді. 

Қазақстан Республикасының Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Жанар Айтжанова ДСҰ-ның апелляциялық органына шенеуніктерді тағайындау туралы мәселені жедел шешудің қажеттілігі туралы айтты және Ұйымды әлемдік сауданың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келуі үшін оны реформалау жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Өкілі ДСҰ-ға мүше елдерді 2020 жылы маусымда Нұр-Сұлтанда өтетін 12-ші ДСҰ Министрлік конференциясына Беларусь Республикасының ДСҰ-ға қосылуын аяқтау мақсатында белсенді келіссөздерді жалғастыруға шақырды.

Елші Айтжанова Қазақстан конференцияны қабылдаушы ел ретінде ДСҰ-ға мүше барлық елдермен, министрлік конференциясының мазмұнды және ұйымдастырушылық мәселелерінде сындарлы ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді.

ДСҰ-ға мүше елдердің көпшілігі электрондық коммерция, қызметтерді ішкі реттеу және инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі бастамаларды белсенді пікірталастарды құптады және олар ДСҰ 12-ші Министрлік конференциясында нәтижелермен аяқталады деп үміттенді.

Қосылған : 26.07.2019, 17:30, Өзгертілген : 26.07.2019, 17:30