Халықаралық электрбайланыс одағы

ХЭО БҰҰ-ның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы мамандандырылған ұйымы болып табылады.

Ұйым жаһандық маштабта серіктік орбиталарды және радиожиілік спектрді таратады, желілер мен технологияларға кедергісіз қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық стандарттарды әзірлейді, және бүкіл әлемдегі жеткіліксіз қызмет көрсету қоғамдастығына АКТ қол жетімділікті жақсартуға ұмтылады.

ХЭО мақсаттары – барлық азаматтардың әлеуметтік-экономикалық даму мүдделеріне елеулі көмек көрсетуге бағытталған ақпарат пен байланысқа әрбір адамға баға қатынасындағы оңай қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

1993 жылы ХЭО толық құқылы мүшесі ретінде кіргеннен бері Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық және телекоммуникациялық сектордың проблемаларын шешуге белсенді қатысып, инновациялар саласында ынтымақтастықты жүзеге асыруда.

ХЭО алуан түрлі халықаралық конференцияларының жұмысына қатыса отыра, Қазақстан әрдайым еліміздің ақпараттық-коммуникациялар саласы үшін стратегиялық маңызы бар мақсаттарын шешу барысында Одақ мүшелерінің қолдауын көрді. Өзіміздің идеяларымыз және тәжірибемізбен алмасу кезінде Қазақстан мемлекет-қатысушылардың АКТ дамыту саласындағы соңғы жетістіктері туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.

Бүгінгі таңда осы саланың қарқынды дамыған кезінде, қабылданған шешімдердің ел үшін саяси, әлеуметтік және қаржылық салдары болатындықтан, өзара серіктестік аса маңызды болып саналады.

ХЭО-тың тұрақты қолдауы барысында Қазақстанда іске асырылған жобалардың арасында – электрондық үкіметті, цифрлық теледидарды, ADSL, CDMA, FTTH, 3G, 4G және т.б. сияқты озық байланыс технологияларын енгізу, сонымен қатар орбитада ойдағыдай жұмыс істеп тұрған халықаралық Жиілік Тіркелу каталогында Қазақстан байланыс және хабар тарату және қашықтықтан зондтау жөніндегі жерсеріктерінің, жиілік тапсырмаларының тіркелуі болып табылады.
Қосылған : 29.03.2017, 15:20, Өзгертілген : 30.04.2018, 18:10