Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы

Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы маманданған азаматтық қорғаныс саласындағы және халықаралық деңгейде қорғау бойынша жалғыз үкіметаралық ұйым болып табылады.

Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан.

ХАҚҰ Жарғысы 1966 ж. мақұлданып, ал 1972 ж. күшіне енді. 1975 жылы ұйымның Жарғысы БҰҰ Хатшылығында тіркелді.

ХАҚҰ Бас хатшысы, 4 жылдық мандатпен (2015-2018) Ресей өкілі Владимир Кувшинов болып табылады.

Жоғары органы Бас Ассамблея болып табылады, ол мүше-мемлекет делегат тарынан тұрып, кезекті сессияларға әрбір екі жыл сайын жиналады.

Атқарушы кеңес, атқарушы орган бола отырып, Ассамблеяның шешімдерін орындайды және ХАҚҰ қызметін жалпы басқару қызметін жүзеге асырады. Кеңес мүшелері төрт жыл мерзімге сайланады, мүшелерінің жартысы әрбір екі жыл сайын қайта сайланып отырады. Кеңес өз отырыстарын жылына кемінде бір рет өткізеді және әрбір отырыс орнын өзі белгілейді.

ХАҚҰ Жарғысын мойындаған кез келген мемлекет мүшелікке ие бола алады. Қазіргі уақытта ұйымға мүше болып табылатын 56 мемлекет бар, тағы 18 мемлекет бақылаушылар мәртебесіне ие, сонымен қатар, 30 ұйымдардың қауымдастырылған мүшелігі бар.

1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ХАҚҰ мүшесі болып табылады.

Ұйымына жыл сайынғы жарна мөлшері – 21 000 швейцар франкін құрайды.

ХАҚҰ мүшелігі еліміздің қолданыстағы халықаралық құрылымдарға енуге, кәсіби даярлауды жүргізуге, ақпаратпен алмасуға, Республика аумағында төтенше жағдайлар саласындағы жобаларға шетел инвестициясын тартуға мүмкіндік береді

Қазақстандық мамандар үнемі ХАҚҰ бағытындағы курстармен оқу-жаттығу семинарларға қатысады.

Оқу курстардың тақырыбы келесіні көздейді: төтенше жағдайлар кезіндегі басқару және жоспарлау мәселелері, азаматтық қорғау, құтқару қызметтерімен БАҚ арасындағы ықпалдастық, қазіргі заманғы технологиялар, халықаралық ұйымдар мен ұлттық құрылымдар қарым қатынас, төтенше жағдайда халықты хабардар ету, медицина, байланыс құралдары және басқа т.б.

Қосылған : 30.03.2017, 10:30, Өзгертілген : 30.03.2017, 10:30