Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесті

БҰҰ штаб-пәтері, Нью-Йорк, АҚШ - Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
Екі көшбасшы да түрлі салалар бойынша өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға дайын екендерін мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданиямен арадағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екенін айтты. Сондай-ақ, ол ІІ Абдаллаға Қазақстанның дінаралық диалогты нығайтуға қатысты бастамаларын үнемі қолдап келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді.

Қосылған : 24.09.2019, 22:00, Өзгертілген : 24.09.2019, 22:00