Қазақстанға Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 22 сәуір - Бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын және кеңейтілген құрамдарда келіссөздер жүргізді. Олардың барасында екі ел арасында бірлескен мәлімдеме жасалды.

Ақорда резиденциясында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, сондай-ақ Қазақстан-Корея бизнес-форумына қатысты.

Қосылған : 23.04.2019, 09:00, Өзгертілген : 23.04.2019, 09:00