Қазақстанның делегациясы Қарусыздандыру конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі

29 тамызда Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне орай Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімі жанындағы Тұрақты Өкілі Жанар Айтжанова Қарусыздандыру конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Тұрақты өкілдің сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздандыруға және ядролық қаруды таратпауына, ең алдымен Семей сынақ полигонын жабыуна, әлемде төртінші орындағы ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартуына, Орталық Азияда ядролық қарудан бос аймақты құруына қосқан зор үлесі кеңінен айтылды.

Конференцияның қатысушылары 28-29 тамызда Нұр-Cұлтан қаласында өткен ядролық қарудан бос аймақтар өкілдерінің кездесуі туралы және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін берілетін Назарбаев сыйлығы АЭХА-ның бұрынғы Бас директоры Юкия Амано және Ядролық қаруға жалпыға бірдей тыйым салу шарты даярлау комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға табыстауы туралы хабарланған болатын.

Сөздің соныңда қатысушалар Женевадағы БҰҰ бөлімінің Бас директоры Татьяна Валоваяның қатысуымен ү.ж. 2 қыркүйекте Женева қаласында өтетін ядролық қарудан бос аймақтар арасындағы ынтымақатстық  бойынша панельдік талқылауға шақырылды.

Қосылған : 29.08.2019, 19:00, Өзгертілген : 29.08.2019, 19:00