Тұрақты Өкіл

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова


Білімі:


1982-1988

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ағылшын тілін терең меңгерумен тарих факультеті, Алматы қ.;

1989-1990

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасы;

1991-1992

Карлов университеті және Орталық Еуропа университетінің аспирантурасы, Прага қ.;

1996-1997

Вена біріккен институтының экономика және қаржыны мемлекеттік басқару бағдарламасы, Вена қ.;

2002-2003

Гарвард университетінің мемлекеттік басқару бойынша магистратурасы, Кембридж қ.

Жұмыс тәжірибесі:

1993-1996

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ даму бағдарламасы/БҰҰ Өкілдігінің Мемлекеттік басқару және нарықтық экономикаға өту бөлімінің басшысы, бағдарламалар үйлестірушісі;

1998-1999

БҰҰ үйлестірушісінің көмекшісі/Монғолиядағы БҰҰ даму бағдарламасының резиденті;

1999-2002

Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ даму бағдарламасы Штаб-пәтерінің Еуропа және ТМД аймақтық бюросы бағдарламаларының үйлестірушісі;

2003-2010

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі;

2005-2016

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына ену бойынша Арнайы өкілі;

2010-2011

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі;

2011-2016

Қазақстан Республикасы Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрі;

2016 ж. маусым - 2019 ж. қыркүйек

Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2017 ж. мамыр - 2019 ж. қыркүйек

Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігі және Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;

2016 ж. маусымнан бастап
Қазақстан Республикасының Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі.

Дипломатиялық дәрежесі:

I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл;

Отбасылық жағдай:

Тұрмыс құрған, екі ұлы бар.

Меңгерген тілдері: Қазақ, орыс, ағылшын және чех.

Қосылған : 13.03.2017, 15:00, Өзгертілген : 18.09.2019, 09:00