Қазақстан Женевада өткен «Пекин + 25» аймақтық кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Динар Нүкетаева және «Шығармашылық бастамашыл әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асия Хайрулина 29-30 қазанда Женевада өткен «Пекин + 25» аймақтық шолу жиналысына қатысты.

Кездесуде әйелдер құқығын ілгерілетудің негізгі бағдарламасына айналған Пекин декларациясы мен Іс-қимыл платформасының міндеттемелерін орындау мәселелері талқыланды.

Қатысушылар әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы рөлін арттыру, гендерлік кемсітушілік пен теңсіздікке, жұмыс орнындағы жыныстық зорлық-зомбылық проблемаларына, стереотиптерге, киберқауіпсіздікке және әйелдердің ақпаратын қорғауға қарсы күреске, сондай-ақ сексуалдық қылмыстар үшін жазаны қатайту қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Кездесуге қатысқан азаматтық қоғам өкілдері бүкіл әлемдегі әйелдер мен қыздарға мүмкіндік беру үшін маңызды саяси шешімдерде жастардың ұжымдық көзқарастарына назар аударуға шақырды.

Делегация басшысы Е. Тарасенко өз сөзінде қатысушыларға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы және Үкіметке әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы тапсырмасы туралы хабарлады. Сондай-ақ, қатысушыларға Қазақстан саясатындағы әйелдердің өкілдігі, соның ішінде Парламенттегі олардың үлесі 23%-ы құрағаны туралы ілгерілеу туралы хабардар етілді.

Қосылған : 1.11.2019, 11:00, Өзгертілген : 1.11.2019, 11:00