Еуразиялық көзқарас: көпжақты сауда жүйесінің перспективасы

2019 жылғы 8 қазанда Женева қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) жыл сайынғы қоғамдық форумы аясында «Еуразиялық көзқарас: көпжақты сауда жүйесінің перспективасы» тақырыбында сессия өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен бірге ұйымдастырылды.

Отырысқа қатысушылар Еуразия елдерінің көпжақты сауда жүйесін нығайтуға қосқан үлесін, ДСҰ-ға кірудің және мүше болуына негізгі артықшылықтарын талқылады. Сонымен қоса, 2020 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтанда өтетін ДСҰ-ның 12-ші Министрлік конференциясы барысында қабылданатын құжаттардың Ұйым мүшелерімен қарастырылып жатқан дайындық жұмыстары туралы пікір алмасты. 

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіндегі тұрақты өкілі Жанар Айтжанова бастау сөзінде сессияға қатысушыларына Қазақстанның ДСҰ-ның мүшелігіне кіру процессі туралы баяндады. Сондай-ақ, ДСҰ-ның жаңа мүшесі ретінде Қазақстан 12-ші ДСҰ Министрлер конференциясында шешім қабылдауға қарастырылып жатқан электрондық коммерция, қызмет көрсету саласындағы ережелерді реттеу, инвестицияларды ынталандыру бойынша жаңа жаһандық ережелерін талқылауға белсенді қатысушы екенін хабарлады. 

Сонымен қатар сессия барысында ДСҰ Бас директорының орынбасары А.Вольф, Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі Сауда келіссөздері департаментінің директоры Е. Майорова, Беларусь Республикасының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіндегі тұрақты өкілі Ю. Амбразевич, Еуропалық Одақтың ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің орынбасары П.Гарзотти және Женева халықаралық университетінің профессоры С. Паулетто сөз сөйледі.

ДСҰ Бас директорының орынбасары А.Вольф өз сөзінде ДСҰ-на жаңа мүшесі болған, соның ішінде Қазақстан мен Ресей елдері көпжақты сауда жүйесінің белсенді жақтаушылары екенін және жүйенің модернизациясын қолдайтынын хабарлады. А.Вольф Нұр-Сұлтанда өткізілетін конференция арқасында Еуразия аймағы басқа елдермен өзара қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

Э. Майорова Ресей Федерациясы ДСҰ-ға кіру кезінде көлемді міндеттемелер қабылдағанын және осыған байланысты Ұйымның басқа мүшелері нарықтарынан тең шарттарына, сондай-ақ саудадағы тең бәсекелестік алаңына қол жеткізетіне сенім білдірді. 

Іс-шараға 150-ден астам адам, соның ішінде ДСҰ Бас директорының орынбасарлары К.Браунер және К.Йи, Еуразиялық экономикалық одақ Сотының өкілдері, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың, жеке сектордың, академиялық орта және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.


Қосылған : 10.10.2019, 15:05, Өзгертілген : 10.10.2019, 15:05