1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді көрсетеді.

Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақстанда, оның елордасы Нұр-Сұлтанда достық пен бірлікті нығайту сөз жүзінде қалмай, күнделікті іс-әрекетімізде басшылыққа алынған. Бүгінгі күн көпұлтты мемлекетімізді мекендейтін халықтар достығының, бірлігінің және бейбітшіліктің символы болып табылады.

Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!



Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі

Қосылған : 1.05.2019, 09:00, Өзгертілген : 1.05.2019, 09:00