Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясына қатысты

2019 жылғы 30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Швейцария, Женева қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ) Бас Ассамблеясының 59-сессиясы өтуде. Бас Ассамблея саясатты анықтайтын және Ұйымның маңызды мәселелері бойынша шешім қабылдайтын негізгі органы.


Iс-шарада қазақстандық делегацияны ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев басқарды. Бас Ассамблеяның ашылу салтанаты аясында Қазақстанның өкілі зияткерлік меншік саласындағы негізгі жетістіктері туралы баяндама жасады.


Қазақстандық делегация ДЗМҰ Бас директоры Фрэнсис Гарримен, Бас директорының орынбасары Сильви Форбэн, ДЗМҰ-дың өкілдерімен, сондай-ақ Германия, Сингапур, Франция, ҚХР және АҚШ-тың делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.


Кездесу барысында еліміздің негізгі серіктестерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен кеңейту және зияткерлік меншік саласында оның бастамаларын ілгерілету мәселелері талқыланды.


Қосылған : 4.10.2019, 11:45, Өзгертілген : 4.10.2019, 11:45