Қазақстан мен АҚШ Нұр-Сұлтандағы ДСҰ-ның Министрлік конференциясының ықтимал қорытындыларын талқылады

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Елші Жанар Айтжанова АҚШ Сауда өкілінің көмекшісі Даун Шакелфелдпен кездесті. 

Тараптар көпжақты сауда ережелерін реформалау саласындағы түрлі мәселелер бойынша алдағы келіссөздердің барысы туралы өз пікірлерімен алмасты, сондай-ақ екі ел үшін өзара қызығушылық тудыратын элементтерді қозғады.

Қазақстан мен АҚШ өкілдері ДСҰ-ның реттеуші қызметіндегі ашықтықты жоғарлату қажеттігін мойындады және осы мақсатқа тез арада қол жеткізу үшін үйлестірілген іс-қимыл жүргізуге келісті. Сонымен қатар, ДСҰ аппеляциялық органы, арнайы және сараланған режим, балық аулауға субсидия және электрондық транзакцияларға кедендік баж салығын енгізуге мораторий мәселелері талқыланды.

Елші Ж. Айтжанова Америка тарапына Қазақстан ДСҰ-ға мүше елдердің көпжақты сауда жүйесін жақсартуға ықпал ететін бастамалары мен ұсыныстарын сындарлы қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Қосылған : 27.09.2019, 16:45, Өзгертілген : 27.09.2019, 16:45