Қазақстан «Ізгіліксіз» қарулар жөніндегі конвенцияның кездесуінде қатысты


2019 жылғы 13 қарашада Женевадағы БҰҰ бөлімшесінде Шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін қарапайым қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе оны шектеу туралы конвенцияның («Ізгіліксіз» қарулар жөніндегі конвенция) жыл сайынғы кездесудің ашылуы өтті. 

Іс-шарада Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова бастаған делегация қатысты. Сонымен қатар, іс-шарада қазақстандық үкіметтік емес ұйымның «Халықаралық қауіпсіздік және саясат орталығы» директоры Ә. Ахметов қатысты.

Өз сөзінде  Қазақстанның Тұрақты өкілі Қазақстанның Конвенцияның гуманитарлық мақсаттарына деген оң ұстанымын растап, біздің еліміз Конвенциямен тыйым салынған өртегіш ату жарақтарын өндірмейтіндігін және өндіруді көздемейтіндігін атап өтіп, Қазақстанмен жаяу әскерге қарсы миналарды экспортқа және транзитқа тыйым салу мараторийның ұстануына ерекше көңіл аударды

Қазақстанның Тұрақты Өкілі өлімге алып келетін автономдық қару жүйелері халықаралық құқық, әсіресе халықаралық гуманитарлық құқық негізгі қағидаларға ұран тастау мүмкіндігі барына ерекше көңіл аударды. 

 Сондай-ақ БҰҰ-ның, азаматтық қоғамның, академиялық   қауымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың Конвенцияның мақсаттарына қол жеткізуге қосқан елеулі үлесін атап өтті. 


«Ізгіліксіз» қарулар жөніндегі конвенцияның негізі екі басты әдеттегі халықаралық гуманитарлық құқықтың нормаларынан құралған: іріктеусіз әрекет ететін қаруды қолдануға тыйым салу, және артық азап  немесе зиян келтіру мүмкіндігі бар қаруды қолдануға тыйым салу.

Қосылған : 14.11.2019, 11:10, Өзгертілген : 14.11.2019, 11:10