Қазақстанның Тұрақты өкілі БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарымен кездесті

2019 жылғы 8 қарашада Женевада Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Мишель Бачелетмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі аясында бір күн бұрын конструктивті және ашық түрде өткен Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайы туралы жаһандық мерзімдік шолудың нәтижелері мен ұсыныстарын талқылады.

М. Бачелет өзінің кеңсесінің Қазақстанға ұсынымдарды орындауға, оның ішінде техникалық көмек жобаларын іске асыруға көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті. Өз кезегінде, Ж.Айтжанова Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтардың өтініштеріне тиімді жауап бере алатын еститін мемлекет құруға бағыт бергенін және оны Қазақстан Республикасының іске асыруға ниеттілігін  атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі құрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың практикалық мәселелерін талқылады.

Қосылған : 11.11.2019, 17:50, Өзгертілген : 11.11.2019, 17:50