Қазақстанда БҰҰ күні атап өтілді

2019 жылғы 1 қарашада Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «БҰҰ және Қазақстан: Бірге орнықты болашақ жолында» тақырыбындағы брифинг өтті. Іс-шара жыл сайын 24 қазанда осы дүниежүзілік ұйымның құрылу құрметіне атап өтілетін БҰҰ күніне орай өткізілді.

Мәжілістің ашылуында сөз сөйлеген М.Тілеуберді әлемдік ұйыммен ынтымақтастықты нығайту елдің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтты. 

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның БҰҰ-ға қабылданғаннан бергі 27 жыл ішінде тараптар Ұйым қызметінің барлық үш бағыты – бейбітшілік пен қауіпсіздік, тұрақты даму және адам құқықтары салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қол жеткізгенін атап айтты. Министр өзара ынтымақтастықты, оның ішінде, 2019 жылы мамырда Алматыда БҰҰ-ның 16 агенттігі мен бағдарламаларының өңірлік, суб-өңірлік және елдік өкілдіктері орналасқан халықаралық ұйымдар ғимаратының негізінде, одан әрі нығайту перспективаларын айқындады.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура Қазақстанның БҰҰ жұмысындағы белсенді рөліне жоғары баға берді. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау, тұрақты даму және 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі табысты мүшелігі кезеңінде қақтығыстарды реттеу саласындағы күш-жігерлерін атап көрсетті.

Сондай-ақ, брифинг қатысушыларына Орнықты даму мақсаттарын ұлттық деңгейде жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ БҰҰ елдік тобы алдағы 5 жыл өз қызметінде басшылыққа алатын Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастығының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын әзірлеу барысы туралы ақпарат берілді.

Қосылған : 1.11.2019, 14:35, Өзгертілген : 1.11.2019, 14:35