Қазақстанның сауда және интеграция министрі ДСҰ-ға мүше елдердің Елшілерімен кездесті

ЖЕНЕВА, 2019 жылғы 29 қазан – Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтановтың Женеваға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымы арасындағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын 8-11 маусым аралығындағы Нұр-Сұлтан қаласында өткізу туралы келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, министр Б. Сұлтановтың ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының төрағасы ретінде ДСҰ-ға мүше негізгі елдердің елшілерімен жұмыс кездесуі өткізілді. Аталған іс-шараға ДСҰ Бас директоры Роберто Азеведо және ДСҰ жанындағы 40-ға жуық Тұрақты өкілдері, оның ішінде АҚШ, Жапония, Үндістан, Канада, Ресей Федерациясы, Швейцария, Оңтүстік Корея, Аустралия, Жаңа Зеландия, Моңғолия, Швеция, Бразилия және ОАР өкілдері қатысты.

Жұмыс кездесуінің басты мақсаты алдағы ДСҰ министрлік конференциясының әлеуетті қорытындыларын талқылау болды.

Б. Сұлтанов өз сөзінде 2020 жылы ДСҰ-ның ағымдағы сын-қатерлер мен халықаралық қоғамдастықтың қажеттіліктеріне толығымен сәйкес келуге мүмкіндік беретін көпжақты сауда саласындағы жаһандық іс-шараның субстантивтік қорытындыларын қамтамасыз ету мақсатында елдерді белсенді бірлескен жұмысқа шақырды.

ДСҰ Бас директоры Б. Сұлтановты Женевада қарсы алып, оны ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының төрағасы қызметіне сайлануымен құттықтады. Ол сондай-ақ, Келісімге қол қойлғанын Қазақстанның көпжақты сауда жүйесі қағидаттары мен ДСҰ ережелерін ұстануының айқын белгісі болып табылатынын атап өтті.

Іс-шараға қатысушылардың басым көпшілігі басым келіссөз бағыттары ретінде ДСҰ аппеляциялық органындағы дағдарыстың шешілуін, балық аулауды субсидиялау жөніндегі жаңа ережелерді келісуді, ауыл шаруашылығы және қызметтер саудасы жөніндегі ДСҰ ережелерін ырықтандыруды, электрондық коммерция және инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі келіссөздердегі прогресті бекітуді, сондай-ақ әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін атап өтті.

Министрлік конференция ДСҰ-ның жоғары басқарушы органы болып табылады, оның құзыретіне көпжақты сауда келісімдері шеңберінде барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, оның ішінде халықаралық сауданы реттейтін жаңа ережелер мен пәндерді келісу және бекіту құқығы кіреді.


Қосылған : 30.10.2019, 10:50, Өзгертілген : 30.10.2019, 10:50