Женевада Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын айқындау және гендерлік теңдік мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

2019 жылғы 23 қазанда БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінде Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ҚР Президенті К.К. Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Конструктивті қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауын гендерлік теңдік және әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірдегі рөлін алға жылжыту мәселелеріне қатысты арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс шарада ҚР Мәжіліс Парламентінің Әлеуметтік және мәдени даму комитетінің төрайымы Г.Н.Әбдіқалықова, Қазақстанның БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесіндегі Тұрақты өкілі Ж.С.Айтжанова, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Т.Д.Валовая, Канада, Бразилия, Корея және Оңтүстік Африканың тұрақты өкілдері сөз сөйледі. Сонымен қатар, Таиланд, Жаңа Зеландия, Ямайка, Израиль, Джибути, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі органдарының және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Қазақстан өкілдері тарапынан өз сөздерінде ҚР Президенті К.К. Тоқаевтың Жолдауында азаматтардың барлық сұраныстарына тез және тиімді жауап беретін «Естейтін мемлекет» атты тұжырымдамасын іске асыру маңызды міндет екенін айқындады.

Бұл себептен, ҚР Президентті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Оның құрамына адам құқықтары мен балалардың құқықтары жөніндегі уәкілдер, қоғам қайраткерлер, саяси партиялар мен үкіметтік емес сектор өкілдері кірді. Басты мақсат - билік пен қоғам арасындағы үнқатысуды ілгеріту, ұлт бірлігін нығайтуға негізделген пікірлердің плюрализмін дамыту.

Сондай-ақ, осы жылдың аяғында, ҮЕҰ рөлін күшейту шараларын қарастыратын, халықтың өзекті мәселелерін шешуде азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас тетіктерін жетілдіру жөніндегі 2025 жылға дейінгі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітіледі.

Үкімет пен Парламент үкіметтік емес сектормен бірлесе отырып, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, әйелдерге қатысты кемсітушілікке қарсы іс-қимыл, оның ішінде Президенттің Жолдауында айтылған әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша белсенді шаралар қабылдайтындығы айтылды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметтері бойынша 2018 жылы Қазақстан гендерлік алшақтық бойынша 149 елдің ішінде 60 орынды, оның ішінде білімі бойынша 30 орынды, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін іске асыру бойынша 32 орынды иеленетіні туралы хабарлады. БҰҰ Даму бағдарламасының Адам дамуы туралы есебіне сәйкес, 2018 жылы Қазақстан гендерлік даму индексінде 58 орын алды.

БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Т.Валовая, дипломатиялық миссиялардың басшылары ҚР Президенттің Жолдауына, оның ішінде гендерлік теңдікті қамтамасыз етуді жоғары бағалады. Сонымен қатар, Қазақстанның саяси және экономикалық басымдықтарды одан әрі іске асыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтындықтарын жеткізді.

Қосылған : 29.10.2019, 15:50, Өзгертілген : 29.10.2019, 15:50