Бас консулдық туралы

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасы Бас консулдығының веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттеміз. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едік: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм. Себебі осы тараулардан олар Қазақстан экономикасы туралы маңызды деректерді ғана емес, сондай-ақ еліміздегі инвестициялық ахуал, бизнес келешегі, болашақта ықтимал іскерлік серіктестер туралы да мәліметтер де ала алады. Қазақстанға барғысы келетіндер үшін визалық тәртіп пен елімізде жүріп-тұруға қатысты басқа да мәселелер туралы бөлімдер пайдалы деп сенеміз. Консулдық мәселелер бойынша ақпарат Германияға тұрақты тұруға көшіп келген көптеген бұрынғы қазақстандықтар үшін де пайдалы болар. Сіздерге көп жақсылық тілей отырып, Қазақстан Республикасы Бас консулдығының веб-сайтына келгендеріңіз үшін рахмет айтамыз.

Шын жүректен, Бас консулдықтың ұжымы

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.11.2016, 16:02