Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Білім және Ғылым

Екі ел арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық белсенді дамып келеді.

1999 жылдан бері Алматыда Қазақ-Неміс университеті табысты жұмыс істеп, мамандарды неміс үлгісі бойынша дайындауда.

1994 жылдан бері Қазақстанда Гёте институты, 1989 жылы Герман академиялық алмасу қазметі (ДААД) қызметі жұмыс істейді. Жыл сайын DAAD стипендиянттары түрлі неміс университеттеріне Германияға оқуға жіберіледі.

2009 жылдың мамыр айында Берлинде Германия мен континенттік Еуропаға жауапты «Болашақ» халықаралық бағдарлама орталығының өкілдігі ашылды. Германиядағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Өкілдік осы елде оқитын қазақстандық студенттердің форумын жыл сайын өткізуде.

Өзінің белсенді жұмысын «KazAlliance in Germany» атты Германияның жоғарғы орнындарында оқып жатқан қазақстандық жастарының одағы атқарып келеді. Одақ Қазақстан Елшілігімен бірлесе тақырыптық кездесулер, форумдар, спорттық іс-шаралар мен шығармашылық кештер өткізеді.

Білім беру саласындағы маңызды оқиғасы ретінде 2010 жылдың қазан айынан бастап Берлиндегі Гумболдьт университетінің жанындағы «Қазақстан және қазақ тілі» Лекторатының ашылуы болып табылады. Лектораттың неміс студенттері кейбір мәдени-гуманитарлық іс-шараларға жиі қатысады.

Сонымен қатар, неміс үлгісі бойынша Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы қосарлы білім беру жүйесін енгізу бойынша екі ел басшылығының келісімін жүзеге асыруындағы жұмысты Елшілік белсенді атқарып келуде («Назарбаев-Меркель» атты бастама).

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50