Майндағы Франкфуртте «KAZAKH INVEST» және «QAZINDUSTRY» қазақстандық компанияларының қызметі туралы таныстыру ресімі өтті

8 қарашада Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығында "НК «KAZAKH INVEST» және «QAZINDUSTRY» АҚ өкілдерінің «Daimler Truck AG», «SMS Group GmbH», «Schilling Zutt & Anschütz GmBH», «AKA Bank», «Societe Generale», «Belarusbank» және «RAEX» рейтинг агенттігімен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты және осы қазақстандық компаниялардың негізгі қызметтері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді, сондай-ақ перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуға шақырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің іскер топтары арасындағы өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.


Қосылған : 8.11.2019, 14:10, Өзгертілген : 8.11.2019, 14:30