«Алматыкітап», «Атамұра», «Мектеп» және «Фолиант» қазақстандық баспалары Франкфурттың кітап жәрмеңкесіне қатысты

Майндағы Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының қолдауымен 16-20 қазан аралығында әлемге әйгілі Майндағы Франкфурт қаласында өтетін «Create your revolution» ұранымен Франкфурт кітап жәрмеңкесінің жұмысына қазақстандық «Алматыкітап», «Атамұра», «Мектеп» және «Фолиант» баспаларының қатысуы ұйымдастырылды.

Келушілердің назарларына «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жарияланған қазақстандық көркем әдебиеті мен оқу материалдарының ең жақсы басылымдары ұсынылды. Мысалы, «Алматыкітап» баспасы бірегей «Аймақтану» оқулығы және «Менің Қазақстаным» кітабын таныстырды.

Ұлы Абайдың 175-ші жылдық мерейтойы қарсаңында қазақстандық суретші Ержан Бұхарбаев әшекейлеген «Абайдың қара сөздер» кітабы қазақстандық стендінің үлгісі болды.  «Алматыкітап» баспасы осы көрмеде барлығы 80-ге жуық кітап таныстырды.

Франкфурт кітап жәрмеңкесінің негізін Иоганн Гуттенберг 500 жыл бұрын қалаған. Заманауи Франкфурт кітап жәрмеңкесі 1949 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл көрмеге 109 ел, 7,5 мыңнан астам баспалар қатысады, 10 мың аккредиттелген журналистер, 4 мыңнан астам іс-шаралар жоспарланған, 300 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде. Қазіргі көрменің Құрметті қонағы - Норвегия Корольдігі.  

Қосылған : 17.10.2019, 16:30, Өзгертілген : 17.10.2019, 16:30