Экономикалық ынтымақтастық

Германияның статистика мәлiметтері бойынша, қазақстан-герман өзара тауар айналымының көлемi 2016 ж. қорытындылары бойынша 3,986 млрд. еуро (2015 жылға қарағанда -2,0%), оның ішінде экспорт – 1,087 млрд. еуро, импорт – 2,899 млрд. еуро. Көрсеткіштер екі тарап арасындағы тауар айналымының азайғанын бірнеше объективті себептерден белгіледі: шикізаттық ресурстары бағасының түсуі, ұлттық валютаның девальвациясы, әлем нарығындағы құбылмалылық және т.б. Алайда, сарапшылардың пікірінше, 2017 ж. бағалардың тұрақтандыруы мен тауар айналымның өсуіне сенімділіктің негізі бар.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылдан 2016 ж. 3-ші тоқсаны арасында Германиядан Қазақстанға жалпы тікелей инвестициялардың ағылып келуі 3,852 млрд. АҚШ долл. құрады (2015 ж. – 320 млн., 2014 ж. – 480 млн.). Қазақстанға шетелдік тікелей инвесторларының Германиядан жалпы тікелей инвестициялардың барлық көлемі 2005 жылдан 2016 ж. 3-ші тоқсанына дейін шамалы 1,53% (2015 ж. – 2,16%) құрады. Өз тарапында, ҚР-ның Германияға қатысты инвестициялық ұстанымы (міндеттерді шығарғанда талаптар) 4 млрд. АҚШ долл. құрады. Қазақстаннан Германияға жалпы тікелей инвестициялардың жылыстауы 2005 жылдан 2016 ж. 3-ші тоқсанына дейін 227 млн.АҚШ долл. құрады (2016 ж. 3-ші тоқсанында 9,7 млн., 2015 ж. 74,3 млн.).

Белсенді жұмыстың нәтижесінде соңғы 4 жыл ішінде сомасында шамамен 2,4 млрд. еуро құрайтын 19 ірі және маңызды инвестициялық жобалар іске асырылды. Қазіргі таңда бірлесіп шамамен 1,4 млрд. еуро сомасына бірқатар жобалар дайындалып, 2017 ж. болатын сапарлар шеңнебірде қол қоюға жоспарланған. 90% неміс инвестициялар ҚР экономикасының шикізаттық емес секторына жолданған.

Қазақстанда герман капиталының қатысумен бiрлескен кәсiпорындар мен немiс компаниялары және банктердiң өкілдіктерiн қоса есептегенде, 1500-ден аса экономикалық құрылымдар тіркелген. 850-ден астам неміс кәсіпорындар белсенді жұмыс атқаруда. Ынтымақтастық өңдеуші өнеркәсiп, құрылыс, көлiк және байланыс, ауыл шаруашылығы, басқа да коммуналдық, әлеуметтiк және дербес қызмет салаларында, экономиканың өзге де жақтарында iске асады. «Сименс», «Даймлер», «Фольксваген», «Метро», «Ман», «РВЕ», «Кнауф», «Байер», «БАСФ», «Бош»және т.б. белгiлi герман концерндер Қазақстанда жұмыс атқарады.

2016 ж. Елшілік 53 экономикалық іс-шаралар өткізді (2015 ж. – 44): ҚР-ның экономика күндері, бизнес-форумдар, іскерлік делегациялардың Германияға сапарлары мен олардың «Grüne Woche», «East Forum Berlin», «InnoTrans» «ITB Berlin» сияқты халықаралық экономикалық конференциялар мен көрмелерге қатысуы, екіжақты экономикалық топтар мен комиссиялардың отырыстары, Берлин Еуразиялық клубының іс-шаралары және т.б.

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50