Екі-жақты ынтымақтастық

1991 ж. 31 желтоқсанда - Германия Федеративтік Республикасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін мойындады.

1992 ж. 11 ақпанда - дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1992 ж. желтоқсанда Алматыда Германия Елшілігі ашылды.

1993 ж. қыркүйекте Бонн қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды, ол 1999 жылы Берлинге көшірілді.

2019 ж. 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Дәурен Айтбайұлы Кәріпов.

2018 жылдың тамыз айынан бастап Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Тило Клиннер.

Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастар тұрақты даму қарқынымен сипатталады. ГФР 2007 жылы Орталық Азияға қатысты ЕО стратегиясын жасаудың бастамашысы болды және ЕО жаңа стратегиясын жасауға белсенді түрде қатысуда. Қазақстан өз кезегінде Германияны «Еуропаға жол» мемелкеттік бағдарламасын іске асыруда негізгі әріптес ретінде қарастыруда.
Берлин Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына және АСЕМ мүшелігіне кандидатурасын қолдады. Сонымен қатар, Германия ОЭСР-дағы Қазақстанның кредиттік деңгейін көтеруге ықпал болды. 
Жоғарғы деңгейдегі сапарлар. Дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан бері ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев Германияға 7 ресми сапар жасады (1992, 1997, 2001, 2004, 2007, 2009, 2012 жылдар). 2015 жылғы қаңтарда Мемлекет Басшысының Берлинге жұмыс сапары болды.
Қазақстанға ГФР президенті Р.Херцог (1995 ж.), Федералдық канцлер Г.Шредер (2003 ж.), Федералдық президент Х.Кёлер (2008 ж.), Федералдық канцлер А.Меркель (2010 жылғы шілде, желтоқсан), Федералдық президент Ф.-В.Штайнмайер (2017 жылғы шілде). 
Жоғары деңгейдегі сапарлар. 

Қазақстанға ГФР сыртық істер министрлері Г.Вестервелле (2010, 2012ж.), Ф.-В.Штайнмайер (2014 ж.) келді.

Германияға ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов (2012 ж.), Премьер-Министрдің орынбасары – Өндіріс және жаңа технологиялар министрі Ә.Есекешев (2014 ж.), Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев (2015 жылғы сәуір, қазан), Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов (2013, 2016 ж.), Сыртқы істер министрдің бірінші орынбасары Р.Жошыбаев (2013, 2015ж.) және Сыртқы істер министрі Б.Атамқұлов келді.

Парламентаралық ынтымақтастық. 
Қазақстанға Бундестаг президенті Н.Ламмерт (2010 ж.), Бундестаг вице-президенті Й.Зингхаммер (2015 ж.), Бундестаг депутаттары А.Фишер (2014, 2016 ж.), К.Штренц (2014, 2015 ж.), Г.Цертик, Х.Кошик (2015, 2016 ж.), М.Грунд, С.Циммерманн, К.Петри, У.Шифнер, Д.Джусуф, Ф.Фогель, Ю.Климке, К.Штренц, А.-К.Ляйснер, Г.Цертик (2017 ж.) келді. 

Германияға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.-Ж.Тоқаев (2015, 2017, 2018 ж.), ҚР Мәжілісінің Төрағасы Н.Нигматулин (2012 ж.), ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасынң орынбасары – БҰҰ ҚК тұрақты емес мүше ретінде Қазақстанның кандидатурасын жүргізу бойынша ҚР Президентінің арнайы өкілі Д.Назарбаева (2015 ж.), Мәжіліс депутаты Р.Мадинов (2012 ж.), Сенат депутаты С.Ақылбай и Мәжіліс депутаты Р.Мұқашев (2013 ж.), Мәжіліс депутаттары А.Конырова, А.Әбілдаев және Т.Ибраева (2014 ж.), Мәжіліс депутаттары Р.Мадинов, Р.Ким, Р.Шаекин, С.Кадыралиева (2015 ж.), Г.Исинбаева и О.Киколенко (2015 ж.), Сенат депутаты Б.Бекназаров и Мәжіліс депутаты Р.Мұқашев (2015 ж.), Сенат депутаты И.Адырбеков (2016 ж.), Мәжіліс депутаты С.Омаров, С.Звольский (2017 ж.), Сенат депутаттары Т.Мұқашев, М.Бортник, Д.Құсдәулетов, М.Кубенов (2018 ж.), Мәжіліс депутаттары С.Бычкова, К.Каракен (2018 ж.), А. Рау (2018 ж., Екі рет, 2019 ж.), Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары В. Божко (2019 ж.).

Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 6.11.2016, 18:50