Тәжікстан дипломатиялық қызметінің ардагеріне «Нәзір Төреқұлов» атындағы медалін табысталды

2018 жылғы 1 қазанда Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Қазақстан Республикасының жоғары дипломатиялық наградасы «Нәзір Төреқұлов» атындағы медалін Тәжікстан дипломатиялық қызметінің ардагері Талбак Назаровқа табыстады.

Т. Назаров 12 жыл бойы Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымын атқаруы барысында қазақ-тәжік қарым-қатынастарын нығайтуға елеулі үлес қосты. Біздің елімізде оның Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы саясат ведомстволарының өзара ықпалдастығын барынша жоғары деңгейге көтеру жөніндегі еңбегін жоғары бағалайды.

Тәжікстан Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин өз сөзінде Т. Назаровты наградасын алуымен құттықтады және қазақ-тәжік екіжақты қарым-қатынастарының стратегиялық әріптестіктің жоғары рухына сай екендігін атап өтті.

Елші Н. Сейтімов T. Назаровқа ұзақ өмір, зор денсаулық және дипломатиялық қызметтегі өзінің бай тәжірибесін тәжікстанның жас дипломаттарына табысты беруін тіледі, сондай-ақ Тәжікстан Сыртқы істер министрлігінің ұжымын кәсіби мерекесі - Дипломат күнімен құттықтады.

T. Назаров дипломат ретінде оның қызметін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдірді және екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығаюын тіледі.

Қосылған : 1.10.2018, 11:00, Өзгертілген : 1.10.2018, 11:10