Ресми атауы:

Малайзия

Астанасы:

Куала-Лумпур

Ресми тілі:

Малай тілі. Сонымен қатар ағылшын, қытай және тамиль тілдері кең ауқымда қолданылады.

Территориясы:

329 758 км². Малайзия – Оңтүстік Қытай теңізінің екі жағалауындағы екі бөліктен тұратын Оңтүстік Шығыс Азиялық мемлекет. Батыс Малайзия (ұлттық атауы - Малайя) Малакка түбегінің оңтүстік жағалауында орналасқан, солтүстік бөлігінде Тайландпен, оңтүстік бөл

Халық:

29,72 миллион адам

Уақыты:

Сағаттық белдеу көрсеткіші UTC+8. Қазақстан мен Малайзияның уақыт айырмашылығы +2 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар – Жаңа Жыл;

14 қаңтар - Yang di-Pertuan Besar Negeri Sembilan's Birthday;

17 қаңтар - Sultan of Kedah's Birthday;

24 қаңтар - Thaipusam

1 - ақпан Federal Territory Day

8-9 ақпан – Қытай Жаңы Жылы;
4 наурыз - Anniversary of Installation of Sultan of Trengganu

23 наурыз - Sultan of Johor's Birthday

25 наурыз - Good Friday

15 сәуір - Declaration of Malacca as a Historical City

26 сәуір - Sultan of Trengganu's Birthday

1 мамыр - Labour Day

5 мамыр - Israk & Mikraj

7 мамыр - Hari Hol Pahang

17 мамыр - Raja Perlis' Birthday

21 мамыр - Wesak Day

30-31мамыр - Harvest Festival Pesta Kaamatan Sabah

1-2 маусым - Sarawak Harvest Festival Hari Gawai Sarawak

4 маусым - Malaysian King's Birthday Harijadi Agong

6 маусым - Awal Ramadan Start of Muslim fasting month (bulan Puasa)

22 маусым - Nuzul Al-Quran

6-7 шілде - Hari Raya Puasa

9 шілде - Penang Governor's Birthday

31 тамыз - National Independence Day Merdeka

10 қыркүйек - Sarawak Governor's Birthday

12-13 қыркүйек - Hari Raya Qurban

16 қыркүйек - Malaysia Day & Sabah Governor's Birthday

2 қазан - Awal Muharram (Maal Hijrah)

14 октября - Malacca Governor's Birthday

24 октября - Sultan of Pahang's Birthday

29 октября - Deepavali or Diwali

11 декабря - Sultan of Selangor's Birthday

12 декабря - Prophet Muhammad's Birthday (Maulidur Rasul)

25 декабря - Christmas


Демалыс күндері – сәрсенбі, жексенбі, және кейбір штаттарда жұма күндері. Сонымен қатар демалыс күндер қатарына мұсылмандық мерекелер мен жергілікті мейрамдар жатады.

Валютасы:

Малайзиялық ринггит.

Климаты:

Малайзияның ауа райы - тропикалық аймақта орналасқан соң жыл бойы ыстық және ылғалды болып келеді. Жылдық орташа температура көрсеткіші +26 мен 30С аралығында тербеледі. Биік таулы аймақтарды салқын болады. Өлкенің ең салқын мерзімі қараша мен қаңтар аралығын қамтиды. Мемлекеттің оңтүстік бөлігінде сәуірден қазанға дейін, ал солтүстік шығыс бөлігінде қазаннан ақпанға дейін түрлі бағыттар бойынша муссон желі соғады. Малайзияның шеткі аймақтарында температура көрсеткіші аса қатты өзгермейді, + 22 мен +32 С аралығында болады. Батыс жағалауда қыркүйек пен желтоқсан аралығы мерзімінде ауа райы қысқа жауын-шашын мен ашық шырайлы күн болады. Шығыс жағалауда қазаннан мен ақпанға дейін аса қатты климаттық өзгерістер болмайды. Бұл мерзімде муссон желі тек Малакканың солтүстік-шығыс жиегінде болады, ал өзге уақыттарда қатты желдер өте сирек соғып тұрады.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Тікелей рейс Алматы – Куала-Лумпур «AirAstana» авиакомпаниясы. Транзиттік ұшулар: «Узбек Авиалиниялары» — транзит Ташкент арқылы; Thai Airlines — транзит Бангкок арқылы; Emirates — транзит Дубаи арқылы; Qatar Airlines — транзит Доха арқылы; Singapore Airlines — транзит Сингапур арқылы.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық сұрақтар:

Егер Қазақстан Республикасының азаматтары Малайзияға 30 күнге ғана бара жатса, оларға виза алудың керегі жоқ. Сонымен қатар, мемлекетке кіру кезінде шекарада иммиграциялық картаны толтыру қажет, сосын сол картаны сапардың соңына дейін өзіңізде сақтауыңыз керек. Шетелдік төлқұжаттың жарамдылық мерзімі сапардан қайта оралған сәтке дейін 6 айдан кем болмауы тиіс. Сондай-ақ шетелде болу кезінде жеткілікті қаражат құралдары бар екендігіне көз жеткізу қажет (бұл соманың мөлшері 500 АҚШ долларынан кем болмауы тиіс). Мемлекетке кіру кезінде визалық алымдар талап етілмейді және де төлқұжатқа ешқандай белгілер қойылмайды. Жеңілдетілген (яғни визасыз) рәсімдеудің нұсқаулығы бойынша 6 айдан асқан жүкті әйелдер және де жалпы қабылданған нормаларға сәйкес бет келбеті мен тәртіп тұрысы тура келмейтін азаматтар мемлекетке кіргізілмейді. Малайзияның көші-қон заңнамасына сәйкес, осы елге келуіне рұқсат етілмеген немесе Малайзия аумағында заңсыз болушы адам қамауға алынуы мүмкін және шешім шығарылғанға дейін 30 тәулікке дейін депортациялық лагерьге орналастырылуы мүмкін. Сонымен қатар Малайзия заңнамасында, территорияға заңсыз түрде келген азаматтарға 60 тәуліктен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру туралы санкциясы немесе 2000-нан 13000 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салу қарастылған.

Көші-қон билік иелері жарамды қайтар ұшақ билетін немесе қаражат көздерін талап етуі мүмкін. Малайзияда болу мерзімінде өмір сүруге жеткілікті қаражат құралдарының болуы мемлекетке кіруші азамат үшін міндетті шарт болып табылады.

Мемлекетке келген сәтте, кедендік бақылаудан өту кезінде шетел азаматының төлқұжатына Малайзия мемлекетінде қысқа мерзімге болуға рұқсатын куәландыратын мастикалық мөр қойылады.

Осы жағдайға сәйкес рұқсаттамалардың бірнеше түрі бар:

- Малайзияда контракт арқылы жұмыс жасауға рұқсаттама;

- Ортақ мақсатта өмір сүру рұқсаттамасы (long term social visit pass), бұл рұқсаттама Малайзия азаматтарының шетелдік әйел азаматшаларына 6 айдан 5 жылға дейінгі уақыт мерзіміне беріледі.

- Жұмыс жасауға рұқсаттама (employment pass), бұл рұқсаттама Малайзияда келісім шарт арқылы жұмыс жасауға ниетті шетел азаматтарына беріледі.

- Кәсіби қызметтік рұқсаттама (visitor's pass/ professional), бұл рұқсаттама білім және ғылым, өнер саласындағы жоғары білікті мамандарға және Малайзияда кәсіби қызметпен айналысуды жоспарлаушы техникалық мамандарға 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

- Уақытша жұмыспен қамту үшін рұқсаттама (visitor's pass/ professional), бұл рұқсаттама жалданбалы жұмыс іздеуші қызметшілерге 1 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

- Оқу бойынша рұқсаттама. (студент Pass).

2002 жылдан бастап мемлекет абыройын арттыру және де шетел азаматтарына отбасыларымен бірге Малайзияда қалуға насихаттау мақсатында «Малайзия- менің екінші үйім» атты мемлекеттік бағдарлама жұмыс атқарып келеді. Шетел азаматтары бағдарлама шарттарына сәйкес бірқатар критерияларға сай болуы тиіс. Атап айтқанда, ауқымды банк депозитінің болуы мемлекет шеңберінде уақытша 10 жылға дейінгі мерзімге рұқсаттама алуға мүмкіндігі бар.

Төлқұжат жарамдылығы:

Төлқұжат мерзімінің жарамдылығы шекарадан өткен сәтінен бастап 6 айдан кем болмауы керек.

Әр түрлі кіру пунктлерінің ерекшеліктері:

Барлық шекаралық пункттер арқылы кіру тәртібі ұқсас.

Кедендік бақылау:

Ішімдік мен темекі. Малайзия мемлекетіне баж салынбайтын әкелім рұқсат етілген, яғни темекі – 200 дана, немесе 50 сигара, немесе 225 грамм табак. Алкогольді ішімдіктер қатарына – 1 литр шарап немесе ликер рұқсат беріледі.

Көркемөнер және тарихи-мәдени құндылықтар. Кедендік бақылауға кіру және шығу кезінде өнер туындысы туралы міндетті түрде тиісті рұқсат құжаттарын жабдықтау арқылы алып өтуге рұқсат беріледі.

Қару-жарақ пен оқ-дәрі.

Кедендік бақылауға кіру және шығу кезінде әскери қару туралы міндетті түрде тиісті құжаттарын көрсету арқылы алып өтуге рұқсат етіледі.

Валюта. Мемлекеттен кіру және шығу барысында 10 000 АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде сомманы тасымалдау декларацияны толтыруды талап етпейді.

Өзге ақпараттар:

Адам басына 1 данадан аспайтын элекронды аудио және видео аппараттарын тасуға рұқсат етіледі. Есірткі заттарын және препараттарын тасымалдау өлім жазасымен жазаланады.

Мемлекеттен тасымалдауға тыйым салынатын заттар:

Санитарлы және
фитосанитар
лы бақылау:

Қазіргі уақытта Малайзиядағы қатаң карантиндік талаптар мен фитосанитарлық ережелер - өсімдік, тұтыну өнімдері, құрлық және теңіз жануарларын қорғауды және адам өміріне қауіп тудыратын микроағзалар мен ауруларға қарсы күресті қамтамасыз етуді үндейді.

Уругвайлық раундқа сәйкес, ГАТТ Малайзия тарапы ДСҰ шеңберінде санитарлық және фитосанитарлық ережелер туралы келісімі бойынша жергілікті заңнама үйлестірді.

Бүгінгі таңда мемлекетте санитарлы және фитосанитарлы ережелерді реттеуге бағытталған заңдар қолданыста.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп-қатер:

Малайзия террористік қаупі бар аймақ болып саналмайды. Бүгінгі таңға дейін Малайзия территориясында ірі масштабты террористік қауіп-қатерлер орын алған жоқ. Алайда Джакарта қаласындағы жарылысқа байланысты, мемлекеттегі құқық қорғау ұйымдары террористік қауіп-қатер деңгейін жоғары деңгеңде екенін көрсетті. Одан басқа, мемлекетте антитеррористік шаралардың көбеюі, әлемде және тікелей осы аймақта соңғы бірнеше айда орын алып жатқан көптеген инциденттерге ұласуда.

Қылмыскерлік:

Малайзия мемлекетінде соңғы бірнеше жылда криминогендік жағдай нашарлады. Кең өріс алған қылмыс түрі – ұрлық. Бұл туралы қаланың кейбір көшелерінде ескерту белгілерін кездестіруге болады. Мотоциклші ұрылардың жаяу жүргіншілерден әсіресе әйелдердің қолынан сөмкесін тартып алу әрекеті жергілікті тәртіп сақшыларының назарын алаңдатып отыр. Мұндай жағдайлар орталықта немесе қаланың кез-келген бөлігінде тіпті кез-келген уақытта орын алуы мүмкін. Көбінесе қылмыс обьектілер қатарын шетел азаматтары толықтырады, оның ішінде Қазақстандық азаматтар да бар. Сондықтанда сол сынды қылмыстарды алдын алу мақсатында, қалаға шығу кезінде құжаттардың түпнұсқасын, кең мөлшердегі ақша және де бағалы заттарды алып шықпауға кеңес береміз. Серуендеу кезінде қолыңыздағы заттарды бір сөмкеге салуға, және де оны иыққа асынып айналаңызды бақылауға кеңес етеміз. Сауда орталықтарына бару кезінде тұрақты түрде сөмкенін ішіндегі заттарды тексеріп тұрыңыз және ірі банкноталы қаражат көздерін көрсетпеңіз.

Назар аударыңыз! Сізге қарсы құқық бұзу әрекеті орын алған кезде, жақын жерде орналасқан полиция бөліміне хабарлаңыз және сәйкес арызды толтырып Малайзиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне хабар беруге тырысыңыз. Соңғы уақытта Малайзияда алаяқтық қылмыстық әрекеттер кеңінен орын алуда, олардың көбісі мұрагерлікті алу, бизнес ашу, келешек әсерлі дивиденттерді қаржыландыру, қайырымдылық қоры сияқты сылтаулар арқылы бопсалаушылықпен аяқталады. Анықталған айғақтарға байланысты аталмыш қылмыстардың көбісі Африка континентінен шыққан азаматтар жасайды.

Назар аударыңыз. Жоғарыдағыларға байланысты, сізге түскен кез-келген ұсыныс немесе өтініш (төлем жасау, билет сатып алу, құжаттарды даярлау) туралы шешім қабылдамас бұрын Малайзиядағы Қазақстан Республикасының елшілігіне хабарласуға кеңес береміз.

Мемлекеттің түрлі аудандарына бару:

Аумақта ешқандай жерге бармауға тыйым салынбаған. Мемлекеттің жалпы жағдайы тұрақты түрде тыныш қалыпта.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктер:

Малайзияда автомобиль қозғалысы сол жақ бағытты қолданылады. Жол бойындағы көп мөлшердегі мотоциклистер саны Куала-Лумпур қаласының қозғалыс ерекшелігі болып табылады. Көбінесе, бұл жапон өндіріс жеңіл мотоциклдер өнімдері болып табылады. Жол жүру тәртібі ұялы полиция патрульдері мен камералардың кең желісі арқылы басқарылады. 100 АҚШ доларынан басталатын заң бұзушылықтың барлық түрлеріне түрлі айыппұлдар қарастырылған (жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдемесі, ұялы телефон арқылы сөйлесу, алкоголь тұтыну, заңсыз екі жолақты жолды кесіп өту, рұқсатсыз паркинг, т.б.).

Тұтынатын жанармайдың негізгі көзі АИ-95-ке аналог PRIMAX бензині және дизель (1 литрдің құны сәйкесінше 55 және 45-40 АҚШ центіне тең), сондай-ақ газ қолданылады( доллардың курсына байланысты баға толқып отырады).

Жанармайдың негізгі түрлері:

Жүргізушіге тұрақтайтын паркинг:

Куала-Лумпурда жүргізушілерге тоқтайтын паркингтер жеткілікті. Паркинг құны оның орналасу аймағына байланысты. Орта есепте, 1 сағатқа - көшелерде 1-2 АҚШ долларын, сауда орындарында 3-4 АҚШ долларын, ал бір тәулікке 10 АҚШ долларынан басталатын сомманы төлеуіңіз қажет.

Жол салығын төлемінің қажеттілігі:

Жолдардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Қала ішіндегі ел орналасқан аймақтарды байланыстырушы автожолдар жақсы дамыған. Рұқсат етілген максималді қозғалыс жылдамдығы - 110 км/сағ.
Барлық трассалар ақылы негізде жұмыс істейді, алайда өту құны салыстырмалы түрде жоғары емес. Мысалыға Куала-Лумпурдан Сингапур(330 км) аралығындағы жол құны 25 АҚШ долларын, ал Куала-Лумпурдан KLIA (55 км) халқаралықаралық әуежайға дейін 20 АҚШ долларын құрайды.

Ұлттық қазақстандық жүргізуші куәлігін қолдану мүмкіндігі:

Автокөлікті сақтандыру:

Көлік құралын басқару үшін жергілікті жүргізуші куәлігін алу керек.

Жеке автокөлікпен мемлекетке кіру кезінде келесі мемлекетке қолдануы үшін жергілікті ГАИ-де автокөлікті қайта тіркеу қажет. Сондай-ақ толық сақтандыру ( орта класты жеңіл автокөлікке – 1000 АҚШ доллары ) мен жол салық төлеміне (100 АҚШ доллары мөлшерінде) төлеу керек. Процесс айтарлықтай ұзақ және бюрократиялды.

Автокөліктерді жалға алу:

Мемлекетте автокөлікті жалға алу - біршама қымбат ғанибет:

-Мерседес (С класс) – 1 сағатқа – 30 АҚШ доллары;

-Киа Наза – 1 сағатқа – 20 АҚШ доллары шамасында.

Автокөлікті ұзақ мерзімге жалға алу кезінде болар-болмас жеңілдіктер болады.

ДТП кезіндегі сіздің әрекеттеріңіз:

ДТП процедурасы стандартты түрде рәсімделеді, тұтас алғанда Қазақстан автокөлік жүргізу түсінігіне ұқсас келеді, алайда өзіндік ерекшеліктері де бар. Егер де ДТП болған жерде мәселені екіжақ шеше алмаса, 24 сағат ішінде жол қозғалыс полициясына хабарлауға міндетті. ДТП болған екіжақтың бірі бірінші болып хабарласа айтарлықтай басымдылыққа ие болады. Ал егер де екінші жақ полицияға тіптен рапорт бермесе, автоматты түрде кінәлі деп танылады. Рапорт дайындығынан соң тергеу бөлімшесінде кінәліні анықтау процесі жүргізіледі. Сондықтан да ескеруді қажет ететін жағдай: егер де ДТП болған екінші жақ жергілікті азамат болса, онда бұл мәселе сіздің пайдаңызға шешілуі қиын, тіпті мүмкін емес екенін біліңіз.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Мінез-құлық нормалары:

Малайзия халқының басым көпшілігі мұсылмандар, сондықтан да қоғамды бақылап отыратын жалпы ортақ заңдардың қабылдануын қолдайды. Бұл бірінші кезекте әйел құқығына қатысты. Малайзияның туристік аймақтарында және үлкен қалаларында еуропалық киім үлгіде киінген шетелдік азаматтарға жақсы көз-қараста қарайды. Христиандық елдер әлемінде адам құқығына либералды қатынас қалыптасқан.

Қылмысты жазалау түрлері:

Малайзияда алкогольді ішімдіктердің қоғамдық ортада қолдананылуы, гомосексуализм, некеге дейінгі сексуалды қарым-қатынастар сынды бірқатар мәселелер қатары тынышталар емес.

Мемлекеттің негізгі діні – Ислам. Отбасылық өмірде дін маңызды рөл ойнайды. Сонымен қатар Малайзияда мұсылмандар мен өзге дін өкілдері неке құрғысы келген жағдайда жұбайының ислам дінін қабылдаған кезінде ғана неке құруға рұқсат етіледі.

Шетел азаматтарының мемлекет территориясында меншікке ие болу туралы жергілікті заңнама:

Малайзияда шетел азаматтарына тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алуға белгілі бір көлемге дейін шектеулер қойылады.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіпті аурулар:

Географиялық орналасуы тропиктік климатта болуына байланысты адам өміріне қауіпті малярия және денге безгегі бар. Жергілікті билік өкілдерінің тиімді шешім қабылдау арқасында малярия ауруын мемлекеттің бірқатар бөлігінде және Борнео аралының жағалауын жойды. Дегенмен Малайзияның кейбір бөліктерінде малярия ауруын жұқтыру қаупі бар, сондықтан малярияға қарсы вакциналау қабылдаған жөн.

Одан басқа денге безгегі бар. Табиғаттың зардап шегуіне байланысты бұл мәселенің шешілуі қиындап отыр. Медицина ғылымының жоғары деңгейге дамығандығына қарамастан, әлі бұл вирусқа қарсы вакцина өңделіп табылған жоқ. Бұл аурудың негізгі тасымалдаушы көздері масалар мен маймылдар. Тропиктік және субтропиктік климат жәндіктердің көбеюіне тән мекен болғандықтан нөсерлі кезеңде денге безгегінің жұғу қаупі көтеріледі. Масаларға қарсы күрес мақсатында ел аумақтарында тұрақты түрде түтіндету операциясы жүргізіліп отырады. Алайде ең тиімді қорғаныс адам өзін-өзіне сақ болуы.

Медициналық қызметтің ерекшелігі:

Біздің ұлттық түсінігіміздегідей Малайзияда жедел-жәрдем институты жоқ, алайда жеке-меншік және мемлекеттік медициналық ұйымдары бар. Науқастанған сәтте мекен-жайыңызға жақын медициналық орталыққа барыңыз. Қоғамдық көліктерде немесе өзге жағдай орын алған сәтте ғана жедел-жәрдем қызметкерлеріне жүгінсеңіз болады.

Егулер:

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін эпидемия аймақтан мемлекетке кірген кезде ғана арнайы егулер талап етіледі.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік ахуалы:

Малайзия территориясында шетел азаматы өз компаниясын немесе филиалын тіркеу туралы өтініш қағазымен Орталық Тіркеу Компаниясына (Registrar of Companies) жүгінуі қажет. Сонымен қатар компанияның келешек фирманың профилі жөнінде сыртқы сауда Министрлігі тарапынан қабылдау керек. Тіркелуге бағытталған өтініштер 1 ден 3 ай аралық мерзімінде қаралады. Шетелдік компания министрлік тарапынан қабылдауды алып болған соң бірнеше құжаттар жиынтығын ұсынуы тиіс. Соның ішінде:

  • -Компанияның білімі туралы сертификаттың нотариалды расталған көшірмесі;
  • -Компанияның Заң жинағы туралы расталған көшірмесі;
  • -Басшылар мен хатшылардың тізімі;
  • -Сыртқы сауда министрлігі қабылдаған құжаттың көшірмесі;
  • Одан басқа, компания келесі құжаттарды даярлауы тиіс:
  • -аудиторлық тексеру құралдары;
  • -теңгерімдік есеп беру;
  • -салық декларациясы.
  • Егер шетелдік компания Малайзияда өндірістік ұйым құруға ниетті болса, өндірістік лицензия алу үшін сыртқы сауда және өндіріс министрлігіне қажетті құжаттарды дайындап бағыттауы керек. Өтінішті тіркеуге қатысты алдағы процесс компанияның регистрі арқылы жүзеге асады.

Басқа:

Қоғамдық автокөлік. Куала-Лумпур қаласының қоғамдық автокөлік жол торабы жақсы деңгейде дамыған. Автобус маршруттары қаланың барлық бөліктеріне қатынайды. Сонымен қатар, автобус көліктері заманауи үлгіде негізделген, ауа салқындатқышы бар, сондай-ақ билет бағасы арзан. Тоқтайтын аялдамалар аралығы 200-500 метр қашықтықта орналасқан, сонымен қатар жолаушылардың өтініші бойынша автобусты тоқтатады. Куала-Лумпурдың негізгі аудандарын байланыстыратын жерасты теміржолдары қатынайды. Бұл транспорт түрін дамыту одан әрі жалғастырылуда.
Такси. Куала-Лумпурдағы транспорт ситуациясындағы нағыз кедейлер такси жүргізушілері. Жол полицияларының периодты бақылаулары мен үкіметтің тәртіпке шақырулары дұрыс нәтежилерге алып келер емес. Мемлекет астанасында аталмыш қызмет түрін ұсынатын бірнеше кооперативті ұйымдар бар. Кез-келген ұйымның жеке авто-тұрағы бар. Барлық автокөліктерде есептеуіш құралы қондырылған, алайда барлық жүргізушілер қоса бермейді. Осындай жағдайлар әсіресе шетел азаматы тоқтатқан жағдайларда кездеседі. Мұндай тәжірибе түрін жүргізушілер қонақ үй немесе сауда орталықтары жанында жасайды. Сондықтан да таксиге міну кезінде бірінші кезекте жүргізушіден есетеуіш құралды қосуды сұраңыз.

Азық-түлік және өнеркәсіп тауар сауда үйлерінің жұмыс уақыты.

Малайзияда сауда орталықтары аптасына 7 күн, сағат таңғы 10:00 ден 22:00 ге дейін жұмыс жасайды. Мемлекеттік мерекелер мен діни ерекше күндерде байланысты жабық болады. Мемлекетте «7—11» атты сауда желісі кең өріс алған.

Ұялы байланыстың бар болуы. Малайзия - ұялы байланыс қызметі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына жататын мемлекет. (3G және 4G). Сондай-ақ Малайзия бірнеше жылдар ағымы бойынша СМС қызметін көп пайдаланушы мемлекет болып табылады.

Банкоматтардың болуы және де кредит картасы таралымы:

Малайзияның соңғы он жылдағы экономикалық жетістігі елдегі қаржы қызметі секторының дамуына әкеліп соқтырған соң, банкоматтар мемлекеттің кез-келген өңірінде табылуы оңай.