Ресми атауы:

Кувейт (Кувейт Мемлекеті)

Астанасы:

Әл-Кувейт

Ресми тілі:

Араб тілі, ағылшын тілі кеңінен қолданылады.

Территориясы:

17 818 км². Кувейт Мемлекеті солтүстік пен батыста Иранмен, оңтүстікте Сауд Арабиясымен шектеседі. Шығыс жағында Парсы шығанағы орналасқан. Бұл елде Парсы шығанағы - Араб шығанағы деп аталады.

Халық:

3,9 млн. адам, оның 31,3% жергілікті тұрғындар.

Уақыты:

Астана 3 сағат алда.

Мерекелік және демалыс күндері:

25 ақпан (1961 ж.) — Ұлттық күн,

26 ақпан (1991 ж.) — Азаттық күні.
Діни мейрамдар кеңінен аталып өтіледі.
Демалыс күндері – жұма, сенбі.

Валютасы:

1 кувейттік динар = 3,5 АҚШ долларына тең.

Климаты:

Климат – тропикалық. Қаңтар айындағы орташа жылылық +10, шілдеде +34 дәреже. Жауын деңгейі жылына 100-150 мм.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазақстанмен тікелей әуе қатынастары жоқ. Дубай, Абу-Даби, Стамбул қалалары арқылы транзитпен қана.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Виза сұрақтары

Шетелдіктерден Кувейтке бару үшін виза талап етіледі. Қазақстан тұрғындары кувейттік визаны алу үшін Кувейттің Астана қаласындағы Елшілігіне баруы тиіс. Сонымен қатар, Кувейттегі қабылдаушы тарап шақыру жолдай алады. Бұл жағдайда визаның копиясы келетін адамға жолданып, түпнұсқасы әуежайдағы иммиграциялық қызмет орнына күтіп алу кезінде тапсырылады.

Төлқұжаттың жарамдылығы

Төлқұжаттың жарамдылығы Кувейтке келгеннен кемінде 6 ай жарамдылығы болуы керек.

Кедендік бақылау

Әуежайда жеке жүкті тексеру кезінде арнайы декларация толтырылмайды.

Алып кіруге тыйым салынған заттар

Есірткі, порногрфиялық материалдар, алкагольдік ішімдіктер, доңыз еті және т.б. алып кіруге болмайды.

Санитарлық бақылау

Егу туралы сертификат талап етілмейді.

Фитосанитарлық бақылау

  • Кувейтске енгізілетін ауылшаруашылық өнімдерінің тұқымдары фитосанитарлық бақылаудан өтуі тиіс.

Ветеринарлық бақылау

Үй хайуандарын алып кіру үшін Кувейттің Ауыл шаруашылығы және балық қоры жөніндегі мемлекеттік мекемесінің рұқсаты қажет.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп-қатер

Кувейттегі жағдай тұрақты және тыныш.
Террористік қауіп-қатер деңгейі өте төмен.

Қылмыс

Қылмыс деңгейі өте төмен.

Елдің түрлі аудандарына бару

Шетелдіктердің ел ішінде жүруіне шектеулер жоқ.

Құқық қорғау органдары сізді ұстаған жағдайдағы сіздің әрекетіңіз

Сізді құқық қорғау органдары ұстаған жағдайда ҚР-ның Кувейттегі Елшілігіне хабарласыңыз.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктер

Кувейттегі жол жүру ережелері және жол көрсеткіштері Қазақстанда қолданылатын ережерлермен бірдей. Бірден-бір ерекшелік бағдаршамы жоқ жол торабына кіргенде сол жақтағы автокөлікке жол беру керек.

Жанармайдың негізгі түрлері

Жанармайдың негізгі түрі – 95 (премиум) және 98 (супер).

Автокөлік тұрақтары

Қалада қажетті көлемде тегін көлік қоятын орындар бар.

Жол салығын төлеу қажеттігі

Барлық жолдарды пайдалану тегін. Жол салығы жоқ.

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі

Автокөлікті жекеменшікке сатып алғанда міндетті сақтандыру жасау қажет.

Қазақстанның жол жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі

Кувейт шетелдік жүргізуші куәліктерін мойындамайды.

Автокөлікті сақтандыру

Автокөлікті барлық қатерлерден сақтандыру әркімнің еркіне қарай.

Автокөлік құралдарын жалға алу

Автокөлік құралдарын жалға алу үшін халықаралық жүргізуші куәлігі және кредиттік карта болу керек.

Жол-көлік апаты кезіндегі әрекет

Жол-көлік апаты кезінде оған қатысы бар жүргізуші болған жағдай туралы 112 телефон нөмірі арқылы жол полициясына хабар беруі тиіс.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қабылданған жүріс-тұрыс

Кувейт мұсылман елі. Қоғамдық жерлерде әйелдер ашық, тырысқан, қысқа көйлек, ал еркектер қысқа шалбар, жеңсіз көйлек кимеуге тырысулары керек.

Түрлі қылмысқа жаза түрлері

Кувейттің құқықтық жүйесі аралас сипатқа ие, алайда шариат заңдылықтың басты негізі болып табылады.

Елдің отбасы заңнамасы

Жеке стутус құқығы (неке, талақ, қамқорлық, мұрагерлік) Кувейтте ислам дінінің маликиттік мазхабқа негізделген. Кувейттің шиит тұрғындары (30 пайыз) джафариттік бағытты ұстанады.

Жергілікті заңнама осы елдің аумағында шетелдіктердің меншікке ие болуына қатысты

Кувейттің заң жүйесі шетелдіктердің бұл елде жылжымайтын мүлікті иеленуіне құқық бермейді.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қатер, жайылған аурулар

Кувейттің мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау деңгейі айтарлықтай биік деңгейде.

Медициналық қызмет ерекшелктері

Шетелдіктерге бірінші жедел көмек тегін көрсетіледі.

Егу

Кувейтке келу алдында егу жасау қарастырылмаған.

Медициналық сақтандыру

Кувейттің миграциялық заңнамасына сәйкес елге келетін шетелдіктерден медициналық сақтандыру полисі сұралмайды.

Жедел медициналық көмек

Шетелдіктерге бірінші жедел көмек тегін көрсетіледі. Одан кейінгісі ақылы болып табылады.

Жедел ветеринарлық көмек

Жедел ветеринарлық көмек көрсету қызметі туралы ақпарат жоқ. Үй жануарлары таза емес (харам) саналғандықтан оларды ұстау кең тарамаған.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік орта

Шетелдік іскер адам бұл елде іс жүргізу үшін кувейттікпен бірігіп бірлескен кәсіпорын ашуы тиіс. Шетелдік компаниялар өз өкілдіктерін аша алмайды, тек жергілікті компаниялар арқылы жұмыс істеулері керек.

Пайдалы телефон

Өрт қызметі, полиция, жедел жәрдемді төтенше көмек көрсету – 112 телефонымен тегін шақыруға болады.

Басқа

Валютаны жекеменшік айырбас орындарында айырбастауға болады.

Әуежайдың қала орталығынан қашықтығы және автобус қатынасы

Автобус қатынастары айтарлықтай дамымаған. Таксиді пайдалану үшін алдына ала келісіп алу керек және жолақы бойынша саудаласу орынды.