Ресми атауы:

Катар (Катар Мемлекеті)

Астанасы:

Доха

Ресми тілі:

араб тілі

Территориясы:

11 586 км². Мемлекет (әмірлік) Азия құрлығының Оңтүстік-шығысы Қатар түбегінде орналасқан (Араб түбегінің солтүстік-шығыс бөлігі). Оңтүстігінде Сауд Арабиясымен, басқа шекарасы толығымен Парсы шығанағының суымен қоршалған.Бахрейн, Кувейт және БАӘ-мен теңі

Уақыты:

Сағаттық белдеуі UTC+3. Астана мен Доханың уақыт айырмашылығы -3 сағат

Мерекелік және демалыс күндері:

18 желтоқсан — Ұлттық мереке.

Мұсылмандық мерекелер Хиджра күнтізбесі бойынша қадағаланады.
Демалыс күндері — жұма мен сенбі

Валютасы:

Қатарлық риал (100 дирхам).

Климаты:

Теңіз жағалауындағы тропикалық климат. Мамыр айынан қыркүйекке дейінгі ауа температурасы шамамен +40 /+46 °С, сонымен бірге +50°С жиі көтеріліп тұрады, ауа ылғалдылығы 90 %. Желтоқсаннан наурызға дейін орташа +25 °С.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасында тікелей әуе қатынасы жоқ. Абу-Даби, Франкфурт, Ыстанбұл, Дубай және Баку қалалары арқылы транзиттік ұшулар іске асуда.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық сұрақтар:

Виза алуға қатысты қажетті құжаттардың тізімі:
- үш визалық сауалнама (ағылшын немесе араб тілдерінде), визалық сауалнамалардың әр қайсысына сурет жапсырылуы тиіс;
- Шақыру хаты (факс) немесе қонақүйді брондау жөніндегі ақпараты.
Виза ресімдеу кемінде бес жұмыс күні аралығында қарастырылады.
Консулдық алым 70 долл. (АҚШ) құрайды.

Қатар Ішкі істер министрлігінің жазбаша келісімі бар болған жағдайда визаны (жұмыс, студенттік немесе жеке) Доха қаласының халықаралық әуежайында алуға болады. Бұл жағдайда қабылдаушы тарап (кепілгер немесе демеуші) Қатар Ішкі істер министрлігін шетел азаматының ұшып келетіні жөнінде хабардар етіп, алдын-ала келуші азаматтың толық деректерін ақпарат ретінде жолдауы тиіс. Оның ішінде: төлқұжат деректері, рейс нөмірі, ұшып келетін күні мен уақыты, сонымен қатар ұшып келушінің діни ұстанымы жөнінде ақпарат болуы тиіс. Әуежайда берілетін виза үшін консулдық алым 70 АҚШ долларын құрайды.

Туристтік виза 14 күнге жарамды мерзімге беріліп, одан әрі жергілікті көші-қон Департаментінде тағы 14 күнге созылу мүмкіндігі бар.
Транзиттік ұшуларға сәйкесінше категориядағы виза қажет.

Төлқұжаттың мерзімі:

Төлқұжат мерзімі сұрау салынған визадан кемінде 6 айға жарамды болуы тиіс.

Кеден сұрақтары:

Алкогольдік ішімдіктерді елге кіргізуге тыйым салынған.
Елге алып кіру әрекеті барысында, алкоголь өнімдері кеден қызметкерлерімен алып тасталынып, елден шығарда қайтарылады.

Қару және оқ-дәрі. Қару жарақ пен жарылғыш заттарды кіргізуге тыйым салынған.

Валюта. Шетелдік валютаны алып жүру шектелмеген.

Азаматтардың жеке жүктері кедендік алымдардан босатылған.

Алып кіруге/шығуға тыйым салынған заттар:

Тыйым салынған:
- есірткі және құрамында есірткі бар өнімдер;
- шошқа еті;
- халықаралық стандарттардан тыс жиіліктерде жұмыс жасайтын электр және радиоқұрылғылары;
- Ислам қағидаларына қайшы келетін баспасөз, аудио және видеоөнімдер.

Санитарлық бақылау:

Елге кіру барысында медициналық анықтамалардың қажеттілігі жоқ.

Ветеринарлық бақылау:

Жануарларды алып кіру үшін әмірліктің Ауыл шаруашылық министрлігінің ветеринарлық куәлігі талап етіледі.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Лаңкестік қауіп-қатерлер:

Қатар – әлемдегі ерекше қауіпсіз елдер қатарында.
Елдегі қылмыс деңгейі өте төмен.
Қараңғы түскен тәулік уақытында еш қауіп-қатерден сескенудің қажеті жоқ. Ерекшелік ретінде индустриалды және жаңадан салынып жатқан құрылыс алаңдары аудандарында Оңтүстік Азия елдерінен шыққан жұмысшылардың көпшілігін ескеріп, абай болу қажет.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Қатар Мемлекетінде оң жақтық жол жүру тәртібі қолданылуда.
Шеңберлі қиылыстардың көп мөлшерде болуын ерекшелік ретінде ескерген жөн.

Қолданылымдағы жанармай түрлері:

Жанармайдың үш түрі қолданылады: дизельді, бензин АИ-92, АИ-95 және АИ-97.
Дизельді жанармайдың1 литрге орташа бағасы — 40 дирхам, АИ-92 — 70 дирхам, АИ-95 — 80 дирхам.

Тұрақ орындары:

Автокөлік тұрақ орындары әуежай, ірі сауда орталықтары және басқа жерлерде орналасқан.
1 сағат тұрақ уақытының бағасы орта шамамен 2-4 риалды құрайды. 1 тәулікке шамамен 90—100 риал.

Жол жүру салығын төлеу қажеттілігі:

Қатарда жол жүру салығы мен төлемді авто жолдары жоқ.

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Жеке көлік сатып алу барысында міндетті сақтандыру полисін алу қажет, полис бағасы - сақтандыру жоспары, автокөлік бағасы және жүргізушінің жеке тәжірибесіне байланысты болады.

ҚР-ның жүргізуші куәлігін қолдану мүмкіндігі:

ҚР-ның жүргізуші куәлігі әмірлікке келгенде бір апта мерзімінде ғана өз күшінде болады. Халықаралық стандарттағы жүргізуші куәлігі 3 ай мерзімінде қолданылуға рұқсат беріледі.
Қатар елінің жүргізуші куәлігін алу үшін тиісті емтихан тапсырып, көз дәрігерінің анықтамасын алуды талап етеді.
Басшылық лауазымындағы, дәрігерлер және инженерлерге емтихан тапсырудың өажеті жоқ.

Көлік құралын жалға алу:

Автокөлікті жалға алу үшін тиісті автосеріктестіктерге немесе ірі қонақ үйлерде алуға болады.
Бағасы — тәулігіне 150 риалдан жоғары.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Тұрақталынған тәртіп үлгілері:

Қатар – шариат негізіндегі мұсылмандық ел болып табылады.
Әйелдерге қоғамдық орындарда дене бітімін ашық ететін киім киюден бас тарту қажетті (тізеден жоғары белдемше, ашық иықтар мен арқа).
Жергілікті мешіттерге тек мұсылмандарға кіруге рұқсат етілген.

Түрлі қылмыстарға қолданылатын жаза:

Жаза түрлері:
- Қоғамдық тәртіп бұзғаны үшін — 1-3 тәулік мөлшеріне тергеу изоляторына қамау және айыппұл төлету талабы, одан әрі елден депортациялануы мүмкін;
- Елге есірткі кіргізу әрекеті үшін — 50 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкіндігі.

Елдің жанұя заңнамасы:

Сот мекемелерінде ерлі-зайыптылардың ажырасуын қарастыру барысында, тәртіп бойынша шариат үлгілері қолданылып, кәмелетке толмаған балалары әкесімен қалдырылады.

Шетел азаматының әмірліктегі жылжымайтын мүлікті сатып алу мүмкіншілігі:

Жергілікті заңнама бойынша шетел азаматтары Қатар Мемлекетіндегі жылжымайтын мүлікті 99 жылға сатып алуына және ода әрі тағы 99 жылға создыру құқығына ие (тек арнайы территорияларда).

Бұл жағдайда, шетел азаматы тұрақты тұруға (резиденттік) құқығы бар.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіпті негізгі науқастар:

Табиғи қауіп қатерге келесілер жатады:
- күн шуағы радиациясының жоғары деңгейі, күн тию қатері бар – күннен қорғайтын киім, көзілдірік және қорғайтын майларды қолдану қажет;
- жергілікті ас-тамақ және судың ерекше екенін ескерген жөн.
Қауіпті жабайы аңдар мен жәндіктер жоқтың қасы.
Басқа да табиғи қатерлер тиф, гепатит B және тері ауруларын екіталай жұқтыру мүмкіндігі бар.
Грипп және тұмау мерзімді аурулар екенін есерген жөн.

Екпе шаралары:

Негізгі аурулардың стандартты екпелерін жасау қажеттілігі бар.

Медициналық сақтандыру:

Медициналық сақтандыру шаралары талпты емес.
Қатарда тәртіп бойынша негізгі халықаралық сақтандыру полистері өз күшінде.
Консультацияларды қызмет беруші сақтандыру компанияларынан алуға болады.

Жедел медициналық көмек:

Жедел көмек, соның ішінде стоматология жеке немесе мемлекеттік емханаларда ересектер мен балалар үшін көрсетіледі.
Дәріханалар кез келген жеке немесе мемлекеттік емханалардың ішінде және ірі сауда орталықтарында орналасқан.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік климат:

Қатар басшылығы елдегі іскерлік климатты жақсарту мақсатында жүйелі саясат жүргізуде.
Елде жеке кәсіпорын немесе компания ашу үшін Сауда және бизнес Министрлігінен коммерциялық тіркеу куәлігін алу қажет.

Жергілікті заңнаманың ерекшелігін айта кеткенде, 90 % компаниялардың және жеке сектордағы кәсіпкерлердің қатарлық серіктестеріның бар болуы, қатарлық серіктеске жарғылық капиталдың 51% тіркелуі тиіс (кіріс-пайданы бөлісуі пропорционалды болмауы мүмкін)
Шетелдік азаматқа компанияның жүз пайызының иегері болу үшін Сауда және бизнес министрлігінің арнайы рұқсаты болуы тиіс, және де бұл тек шектелген секторларда болады (ғылым және технология, өнеркәсіп, білім).

Пайдалы телефондар:

Полиция, жедел медициналық көмек, өрт сөндіру қызметі, құтқару қызметі - 999.

Басқалар:

Көлік. Қоғамдық көліктермен жол жүру бағасы 3- 5 риал, қала ішінде такси төлем бағасы – 30-50 риал.

Орта сыныптағы ресторанда тамақтану. Ас-тамақтың бағасы 120-150 риалды құрайды.

Орта сыныптағы қонақүйде тұру. Шамамен 700—1000 риал.

Дүкендер мен азық түлік маркеттерінің жұмыс уақыты.Таңғы 08.00-ден кешкі 22.00 сағатқа дейін

Жиелі байланыс құралдары. Жиелі байланыс екі оператордың қызметінен тұрады - «Ooredoo» және «Vodafone», 3G және 4G форматында ғаламтор жүйесіне кіру мүмкіндігі бар.

Банкоматтар мен кредиттік карталар. Банкоматтар қаланың бар аймағында орналасқан және кредитті карталарды қолдану елде кең тараған.
Жиедегі электр қуатының күші.
220—240 В.

Әуежай, темір жол және автокөлік вокзалдарының қалаға жақындығы:

Қала ортасынан әуежайға дейінгі жолды такси көлігімен шамамен 15-20 минутта өтуге болады.