Ресми атауы:

Канада

Астанасы:

Оттава

Ресми тілі:

Ағылшын, француз

Территориясы:

9 984 670 км²

Халық:

36, 286.4 млн.

Уақыты:

UTC-3:30. Оттава мен Астана арасындағы уақыт ерекшелігі – қыста - 11 сағат, жазда – 10 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар— Жаңа Жыл;
Пасха алдындағы жұма — Киелі жұма;
Пасхалық дүйсенбі;
25 мамыр алдындағы соңғы дүйсенбі – Ханшайым Виктория күні;
1шілде — Канада күні;
Тамыздағы бірінші дүйсенбі — Азаматтық мереке (Квебек пен Юкон провинциялардан басқа);
Қыркүйектегі бірінші дүйсенбі — Еңбек күні;
Қазандағы екінші дүйсенбі — Алғыс айту күні;
11 қараша — Ұлттық естелік күні;
25 желтоқсан — Рождество;
26 желтоқсан — Сыйлықтар күні.

Канаданың провинциялары мен территорияларында басқа тойланатын мерекелері бар.

Валютасы:

Канадалық доллар

Климаты:

Континенталды. Қарлы қыс, температурасы -30 °С дейін түсуі мүмкін, солтүстікте -50 °С. Жаздағы температура +35 °С дейін жетеді.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Тікелей әуе байланыс жоқ.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Виза мәселелері:

Канаданың «Көші-қон және босқындарды қорғау туралы» Заңына сәйкес, визадан босатылған адамдардан басқа, Канадаға келетіндердің барлығы «уақытша резидент» визасын алуы қажет. Туристтік және транзиттік мақсаттарда, сондай-ақ, қысқа мерзімді іскерлік іс-сапармен баратын шетел азаматтары да қонақ визасын алуы тиіс. Қонақ визасы 10-жылдық мерзімге дейін беріледі, алайда онымен Канадада болу уақыты 6 айға шектіледі.

Қысқа мерзімді виза алу
Қазақстандағы канадалық виза орталығына (Алматы қ.) немесе http://www.cic.gc.ca/english/visit/apply-how.asp#visitorvisa сілтеме бойынша онлайн өтініш беру арқылы келесі құжаттарды тапсыру тиіс:
- Канадаға баратын 18 жастағы және 18 жастан асқан әрбір тұлға бойынша уақытша резидент визасын алу туралы өтініштің толтырылған бланкі. Егер балалар жалғыз баратын жағдайда, олар үшін жеке анкета тапсыру тиіс;
- Канадаға баратын 18 жастағы және 18 жастан асқан әрбір тұлға «Отбасы туралы ақпарат» анкетасын толтырып, тапсыру тиіс;
- жарамды төлқұжат;
- 100 канадалық долл. көлемінде виза ақысы және 98.93 канадалық долл. көлемінде Виза орталығының қызмет көрсету ақысы төленгенін көрсететін квитанциялар (жеке төленуі тиіс), виза ақысын келесі онлайн сілтеме арқылы төлеуге болады http://www.cic.gc.ca/english/information/fees/index.asp;
- Ата-анасыз Канадаға баратын 18 жасқа толмаған балалар нотариалдық кеңседе расталған ата-ананалардың немесе бірге бармайтын бір ата-анасының келісімін тапсыру тиіс (жағдайдан жағдайға);
- сапардың бағдар-бағыты, соның ішінде, билет пен қонақ үйді броньдағаны туралы құжаттар;
- сапарға бару үшін жеткілікті қаражаттың болғанын дәлелдейтін құжат, мысалыға банк шотының көшірмесі (ағылшын немесе француз тілдерінде);
- жұмыс орнынан лауазымы, еңбек стажы мен жалақы көлемін көрсететін және Канадаға демалысқа баруға рұқсат беретін хат. Бұл хат ағылшын немесе француз тілінде немесе аталмыш тілдеріндегі ресми аудармасы болуы керек.

Егер өтініш беруші некелескен болса, бұндай хатты жұбайының жұмыс орнынан да алуы тиіс.
Құжаттармен бірге 35 х 45 мм екі сурет тапсыру тиіс.

Дәйекті ақпаратты Канаданың Азаматтық және көші-қон министрлігінің келесі сайтында табуға болады:
http://www.cic.gc.ca/English/Visit/index.asp

Студенттік (оқушы) виза алу.
Қазақстандағы канадалық виза орталығына (Алматы қ.) немесе http://www.cic.gc.ca/english/visit/apply-how.asp#visitorvisa сілтеме бойынша онлайн өтініш беру арқылы келесі құжаттарды тапсыру тиіс:
- Канадада оқуға жоспарлайтын әр өтініш берушінің толтырған Канадада оқуға рұқсат беру туралы өтініш бланкі (ағылшын немесе француз тілдерінде) (жалғыз баратын бала үшін анкета толтыру тиіс);
- Канадаға баратын 18 жастағы және 18 жастан асқан әр тұлға «Отбасы туралы ақпарат» анкетасын толтырып тапсыруы тиіс. Егер кәмелеттік жасқа толмаған бала Канадаға сапарға жалғыз барарда, осы балаға жеке анкета толтырылуы тиіс;
- жарамды төлқұжат;
- 150 канадалық долл. көлемінде виза ақысы және 98.93 канадалық долл. көлемінде Виза орталығының қызмет көрсету ақысы төленгенін көрсететін квитанциялар (жеке төленуі тиіс), виза ақысын келесі онлайн сілтеме арқылы төлеуге болады http://www.cic.gc.ca/english/information/fees/index.asp;
- Канадаға ата-анасыз баратын 18 жасқа толмаған балалар нотариус растаған ата-ананалардың немесе бір ата-анасының Канадаға бару келісімін тапсыру тиіс;
- Канадаға оқуға баратын провинцияның заңнамасына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін, қамқоршылығын дәлелдейтін құжат.
Кәмелеттік жаcы Канаданың әрбір провинциясында түрлі болып табылады. Альберта, Манитоба, Онтарио, Принц Эдвард аралы, Квебек және Саскачеван провинцияларында 18 жасқа толмаған тұлғалар қамқоршылық туралы декларациясын тапсыруы тиіс.
Британдық Колумбия, Нью-Брансуик, Ньюфаундленд және Лабрадор, Жаңа Шотландия, Солтүстік территориялар, Нунавут және Юкон аймақтарында қамқоршылық туралы декларациясын 19 жасына толмаған тұлғалар тапсыруы тиіс.

Кәмелеттік жасқа толмаған балалар Канадаға сапар шегу үшін, Канада азаматы немесе тұрақты тұрғынының баланы қамқоршылыққа алатынын дәлелдейтін және нотариус растаған ата-анасының келісімін, сондай-ақ 19 жастан асқан Канада азаматы немесе тұрақты тұрғынының аталған баланы Канадада болу уақыты ішінде қамқоршылыққа алуға құқық беретінін аффидевитті тапсыру тиіс.

Бұдан басқа 35 х 45 мм. үш сурет тапсыру тиіс.

Назар аударыңыздар.
Жоғарыда аталған нотариуспен расталған құжаттар, яғни ата-ананың қамқоршылыққа беруге келісімі және қамқоршылық туралы аффидавит, қамқоршылық пен қамқоршы туралы декларациясы тапсырылған жағдайда, тапсыруға қажет емес.

Квебек провинциясында оқуға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет болуы мүмкін:
- Квебек провинциясы үкіметінің рұқсаты (Certificat d'acceptation du Quebec, CAQ). Осы рұқсатты оқу орны арқылы алуға болады;
- Канадада оқуға қабылданғаны туралы хаттың көшірмесі немесе факс арқылы жіберілген көшірмесі;
- Өтініш берушінің жеткілікті қаражаты бар екендігін дәлелдейтін құжат.

Дәйекті ақпаратты Канаданың Азаматтық және көші-қон министрлігінің келесі сайтында табуға болады:
http://www.cic.gc.ca/English/Visit/index.asp

Жұмыс визасын алу.
Қазақстандағы канадалық виза орталығына (Алматы қ.) немесе http://www.cic.gc.ca/english/visit/apply-how.asp#visitorvisa сілтеме бойынша онлайн өтініш беру арқылы келесі құжаттарды тапсыру тиіс:
http://www.cic.gc.ca/english/information/fees/result.asp?countrySelect=KZ&lob=wp:
- Канадада жұмыс істеуді жоспарлайтын әрбір өтініш берушінің жұмысқа орналасуға рұқсат беру туралы толтырылған өтініш бланкі (ағылшын немесе француз тілінде);
- Толтырылған «Отбасы туралы ақпарат» анкетасі;
- жарамды төлқұжат;
- 150 канадалық долл. көлемінде виза ақысы және 98.93 канадалық долл. көлемінде Виза орталығының қызмет көрсету ақысы төленгенін көрсететін квитанциялар (жеке төленуі тиіс), виза ақысын келесі онлайн сілтеме арқылы төлеуге болады http://www.cic.gc.ca/english/information/fees/index.asp;
- канадалық компания немесе жұмыс берушінің шақыру хаты;
- қол қойылған келісім-шарт;
- өтініш берушінің жұмыс атқаруға сәйкестігін дәлелдейтін кез келген дипломдар және кәсіби сертификаттар;
- бұрынғы жұмыс берушілердің ұсыныс хаттары;

- Квебек Көші-қон және мәдениет министрлігі берген уақытша жұмысқа орналастыруға келісім растайтын сертификат (Certificat d'acceptation du Quebec (CAQ) pour travail temporaire) (Квебек провинциясында жұмысқа тұру үшін қажет болуы мүмкін).

Шақыру хатында келесі ақпарат көрсетілуі тиіс:
- канадалық компанияның аты, байланыс тұлғасының аты-жөні, компанияның мекен-жайы мен телефоны;
- ұсынылған жұмыстың сипаттамасы:
- келісімшарттың мерзімі;
- жоспарланған жалақы көлемі;
- көшу, тұрғын үйді жалға алу және басқа мәселелер көрсетілген әлеуметтік пакет.

Бұдан басқа 35 х 45 мм. үш сурет тапсыру тиіс.


Канада Елшілігі өтініш берушіні жеке сұхбатқа шақыруға, сондай-ақ құзыретті дәрігер жасаған медициналық бақылаудан өтуді талап етуге құқығы бар.


Дәйекті ақпаратты Канаданың Азаматтық және көші-қон министрлігінің келесі сайтында табуға болады:
http://www.cic.gc.ca/English/Visit/index.asp

Канадаға (тұрақты тұрғын ретінде тұру үшін) көші-қон визасын Федералды және провинциялық бағдарламалардың біріне қатысу арқылы алуға болады. Кандидаттар көші-қон процесстен өтіп, тиісті визаны алу үшін әр бағдарламамен бірқатар талаптар мен процедуралар көзделген.

Федералды бағдарламалар Канада аумағында (Квебек провинциясын қоса алмағанда) барлық провинцияларда күші бар. Провинциялық бағдарламалар әрбір провицияның жағдайына байланысты әзірленген және иммигранттың сол провинцияда қалуға бағытталған.

http://www.cic.gc.ca/english/immigrate/apply.asp

Төлқұжаттың мерзімі:

Канадалық билік, егер төлқұжатыңыздың қалған мерзімі алты айдан кем болса, канадалық визасны алу үшін жаңа төлқұжат рәсімдеуді ұсынуда.

Кедендік бақылау:

Канада шекарасынан өткенде жолаушылар Канаданың Шекара қызметі агенттігінің (КШҚА) иммиграциялық және кедендік бақылауынан өтеді. КШҚА қызметкерлері қолдағы визаның болуына қарамай, сапар шегетін тұлға елге кіруге құқығын беру бойынша соңғы шешім қабылдайды.


КШҚА қызметкеріне канадалық виза бар төлқұжат және кедендік декларацияны (ұшақта немесе кіру пунктінде толтырылатын) Е311 формасын тапсыру тиіс:
http://www.cbsa-asfc.gc.ca/publications/forms-formulaires/e311-eng.pdf).

Декларациялауға жататын заттарды, оның ішінде азық-түлік, өсімдіктер, жануар және/немесе оларға байланысты заттар туралы шекара қызметкерін хабардар ету қажет.

Спирттік және темекі өнімдері. Алкогольдік және темекі өнімдерін Канадаға тек 19 жасқа толғандарға кіргізуге болады, келесі заттарды салықсыз кіргізуге болады:
- 1,5 л шарап;
- 1,14 л қатты спирт ішімдік;
- 1,14 л шарап немесе қатты спирт ішімдік (толығымен);
- 8,52 л сыра;
- 200 темекі;
- 50 сигара немесе сигарилла;
- 200 г темекі (табак).
Аталған шектеулерден асқан жағдайларда федералды және провинциалды ақы, салық, акциз, алымдар төленуі тиіс.

Әкелу/ шығаруға тыйым салынған заттар

Заңсыз қару-жарақ, азық-түлік, өсімдік, жануар тауарлары, жарылғыш заттар, оқ-дәрі заттар (кіргізуге рұқсат жоқ жағадайда).

Балалар порнографиясы, ұлттық, нәсілдік және діни алауыздыққа себеп болатын материалдар, есірткі заттар.

Көркем өнер және мәдени-тарихи құндылықтарды тек Канаданың Атамұра істері бойынша министрлігі (Canadian Heritage) жазбаша рұқсатының негізінде әкелуге болады.

Ұлттық және шетел валютасын әкелуге және шығаруға шек қойылмаған. Алайда, егер валютаның көлемі 10 мың канад. долл. Кұрса декларациялауға жатады.

Санитардық бақылау:

Егер жолаушының ауа арқылы жұғатын вирустық ауруының симптомдары байқалса, ол міндетті түрде КШҚА қызметкерін хабарлауы тиіс.
Бұндай жолаушы медициналық тексеруден өтуі тиіс. Медициналық тексеріс нәтижелері негізінде оны карантинге кіргізу туралы шешім қабылданады.

Проблемаларды болдырмау мақсатында сапар алдында канадалық кедендік және санитарлық ережелермен таныс болу жөн.

Фитосанитарлық
бақылау:

Импорт анықтамасы болып Канада азық-түлік өнімдері инспекциясы агенттігі дайындаған Автоматизацияланған ақпараттық импорт жүйесі (AIRS) табылады.

Ветеринарлық
бақылау:

Мемлекетке әкелінетін жануарларды кеденде міндетті түрде декларациялау тиіс.
Әкелетін әр жануарға ветеринар берген денсаулық туралы (құтырғандыққа қарсы) жасалған прививкалар туралы сертификат болуы тиіс. Сертификатты ағылшын немесе француз тіліне аудару тиіс.
3 айға толмаған мысық пен күшіктер міндетті түрде 30 күндік карантинге кіргізілуі тиіс.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористтік қауіп:

Соңғы жылдары дара тұлғалар жасаған бірнеше террористтік акт орын алған. Дегенмен, жалпы террористтік қауіп-қатер аз.

Қылмыс деңгейі:

Жалпы, Канадада даладағы қылмыс деңгейі жоғары емес. Ірі қалалардың (Торонто, Ванкувер, Монреаль) кейбір аудандарында біршама қауіп бар.

Мемлекеттің өңірлері:

Канаданың қандай да бір аумағына баруға шек қойылмаған.

Құқық қорғау органдарының өкілдерінің алдында іс-әрекетіңіз:

Полиция офицерімен ұсталған жағдайда оған қарсылық көрсету ауырлататын фактор ретінде қарастырылады. Бұндай жағдайда өз елінің дипломатиялық өкілдігін орын алған жағдай туралы жедел хабарлау тиіс.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктер:

Әр провинцияның жеке жол қозғалыс ережелері бар. Негізінен Канададағы ережелер Қазақстандағы ережелерге ұқсас және тәжірибелі жүргізушілерге таныс.
Канадада автокөлікпен жүргенде жалпы ережелерді ғана емес, жергілікті дәстүрлерді ескеру қажет.

Автокөлік жүргізушілері жаяу кісілерді белгілердің болмаған жерлерде де тоқтап өткізу тиіс.
Канада жолдарында велошабандоздар санының көптігімен ерекшеленеді.

Арнайы велосипед жолдары қарастырылмаған жерлерде, велошабандоздар автокөлік жүретін жолмен автокөлік жүргізушілерімен қатар, толық құқылы автожол қатысушысы ретінде жүреді. Канаданың жол жүру ережелеріне сәйкес, велошабандоздан озып өту дистанциясы 1 метрден кем болмауы тиіс.

Канадалық заңнамаға сәйкес, 8 жасқа дейін балаларды автокөліктерде тек арнайы креслода тасымалдау шарт.
Автокөлік жол қатысушылардың кейітуін тудырмау мақсатында, Канаданың барлық провинция мен территорияларында (Монреаль қ. басқа), егер оңға бұрылатын автокөліктер үшін арнайы бағдаршам сигналы болмаса, бағдаршамның қызыл түсіне оңға бұрылуға рұқсат етілген.
Оңға бұрылуға болмайтын жерлерде арнай жол белгілері орнатылған.
Көптеген жерлерде автокөлікті жүргізгенде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған. Автокөлік жүргізгенде тек қолсыз сөйлесу құралдары арқылы ұялы телефон немесе басқа телефон құралдарын пайдалануға болады. Онтарио провинциясында басқа мобильді құралдарды пайдалануға да тыйым салынған (МР3-плейер, GPS навигаторлары, КЖК және т.б.).

Балалардың міну/шығуын білдіретін мектеп автобусының қызыл шамы жылтылдаған кезде автобустан озу ЖЖЕ ең қатаң бұзушылығы болып табылады.

Барлық федералды трассаларда максималды жылдамдық көлемі 100 км/сағ. (озып өтуде 105 км/сағ.)

Жанармайдың негізгі түрлері:

Жанармайдың негізгі түрлері Қазақстандағы 92, 95 және 98 нөмірлеріне сәйкес келетін 87, 89 және 91 октан нөмірлері және дизель жанармай болып табылады.

87 (92) бензинінің орташа бір литр бағасы 1 канад. долл. (251 теңге) құрайды.

Көліктің тұрақ орындары:

Жолдарда көше бойы және жабық жер үсті/асты көлік тұрақтарының саны жеткілікті.

Тұрақтың бір сағат бағасы 5 канад. долл. (1255 теңге.). Жол бойындағы тұрақтар демалыс күндері ақысыз.

Өрт сөндіргіш гидранттардың жанында қалдырылған көлік иесіне 100 канад.долл. көлемінде айыппұл салынады.

Жол салығы:

Ақылы жолдардың міндетті түрде ақысыз альтернативалары бар.

Автокөлік сақтандыру:

Канадада автокөлікті сақтандыру полисін әр көлік жүргізуші алуға міндетті. Жалға алынған көлікке сақтандыру полисін алуды ұмытпау тиіс.

Толық седан үшін полистің орташа бағасы жылына 1600 канад. долл. құрайды. Полис көлемі провинциядан провинцияға ерекшеленуі мүмкін.

Қазақстандық ұлттық көлік жүргізу куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Онтарио провинциясында ҚР ұлттық көлік жүргізу куәлігін Канадаға келгеннен кейін 60 күн ішінде пайдалануға болады.

Осы мерзім өткеннен соң, жергілікті жүргізу куәлігін алу қажет.

Автокөліктерді жалға алу:

Жергілікті нарықта Hertz, Avis, Thrifty, Budget және т.б. көптеген ірі автокөлікті жалға беретін компаниялар бар.
Бір көлік жалға алу ақысы тәулігіне 30 канад. долл. шамасында.

Жол апатына ұшыраған жағдайда іс-әрекетіңіз:

Егер алдын ала бағалау негізінде зақым көлемі 1000 канад. долл. аспайтын болса және келіспеушілік болмаған жағдайда, апат тараптары жол-көлік оқиғасының схемасын құрып, өздерінің сақтандыру компанияларын хабардар етіп, полицияның ең жақын бөлімшесіне сұраныстарын тапсыру тиіс.
Басқа жағдайларда жол-көлік оқиғасының жеріне полиция шақырылады.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қоғамдағы мәдениет пен мінез-құлық:

Канадалықтар әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлықтарға жарық жүзді және көңілді ниетпен қарайды. Әдетте, ел алдында жағымсыз эмоция, ашушаңдық немесе наразылық білдіру жөнсіз. Қоғамдық жерлерде (мейрамханаларда, кафелерде, қонақ үй холлдарында, әуежайларда) темекі шегуге толығымен тыйым салынады.
Далада, парктер мен басқа қоғамдық жерлерде алкогольді ішімдіктер ішу (соның ішінде, сыра) үшін тыйым салынады.

Ішімдік пен темекі сатып алуға және пайдалануға жас бойынша шектеулер қойылған (провинцияға сәйкес 18—19 жас). Жоғары аталған категориядағы тауарларды жеке куәлік көрсету арқылы ғана сатып алуға болады.

Түрлі қылмыс түрлерін жасағаны үшін жазалау:

Ең ауыр қылмыстардың бірі ол адамға қарсы жасалған қылмыс, терроризм және тыншылық.
Адам өлтіргені үшін жазаланғандар 5 жылдан 25 жылға дейін, ұрлық жасаған үшін жазаланғандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Айыппұл сияқты үкімілер кең таралған.

Мемлекеттің жанұя қатынастары:

Жанұя қатынастарының құқықтық реттелуі жеке нормативті актілері бар әр провинция басшылығының құзыретіне кіреді.

Әдеттегідей, балаларды қамқорлыққа алу құқығы сот шешімі негізінде ата-анасының біреуіне беріледі.

Шетелдіктердің мемлекет территориясында меншік сатып алу туралы заңнамасы:

Жергілікті заңнама шетелдіктердің жылжымайтын мүлік сатып алуға шек қоймайды.

Инвесторларға мемлекетке көшуге мүмкіндіктер береді. Аса дәйекті ақпаратты Канаданың Азаматтық және иммиграция министрлігінің сайтында орналыстырылған.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа төнетін қауіп, ауру түрлері:

Канададағы ауру түрлері Қазақстандағы ауру түрлеріне ұқсас. Әдеттегідей, ол вирустық инфекциялар сияқты аурулар.

Медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері:

Қанада азаматтары мен оның тұрақты тұрғындарына мемлекеттік медициналық қызмет ақысыз көрсетіледі.

Жеке компаниялар өз қызметін ақысыз негізде немесе сақтандыру полистері арқылы көрсетіледі.
Резидент мәртебесі жоқ тұлғалар (туристтер және т.б.) медициналық қызмет үшін қолма-қол ақша немесе кредиттік карта арқылы төлеуі тиіс.

Медициналық қызметтің қымбат болуының себебінен, медициналық полисті алу қадала сұраймыз.

Прививкалар:

Канадада суық тиюге қарсы прививка салу тәжірибесі бар.

Балаларға салынатын прививкалар ҚР прививкаларының дәрежесіне тең. Ерекшеліктің бірі ол егудің салу жиілігі және вакцина тізімі.

Медициналық сақтандыру:

Канадаға сапар алдында медициналық полис алу жөн, себебі шетелдіктерге медициналық қызмет көрсету бағасы өте қымбат болғандықтан, Канадаға келгеннен соң, 5 күн ішінде медициналық сақтандыру полисін (мысалы, ең қарапайым медициналық көмек көрсету ақысы 400—500 кан. долл.құруы мүмкін).

Медициналық сақтандыру полисін Канадаға келген соң сатып алуға болады. Орташа алғанда осы сақтандыру тәулігіне 4-5 канадалық долл. тұрады. Канадалық өмір мен денсаулық сақтандыру қоғамдастығы (Canada Life and Health Insurance Association — CLHIA) мемлекетке келгеннен соң, 5 күн ішінде медициналық сақтандыру полисін алу қадала сұрайды. Кері жағдайда, сақтандыру компаниясы өтінішті қабыл алмайды.

Жедел медициналық көмек:

Жедел медициналық көмекті 911бірыңғай телефонмен арқылы (төтенше жағдайларда жедел көмек көрсету қызметі) шақыруға болады.
Жедел көмек көрсету көлігі аса қысқа уақыт ішінде (5-10 минут) келеді. Ауру адамды ең жақын ауруханасына жеткізеді (балалар ауруханалар болса, балаларды сол мекемеге жеткізіледі).

Қабылдау бөлімінде күту уақыты 30 минуттан бір тәулігіне дейін болуы мүмкін.

Жедел стоматологиялық қызметті жеке клиникалар мен жеке дәрігерлермен көрсетеді.
Ірі аптекалық желілер тәулік бойы жұмыс істейді (Shoppers Drug Mart, Pharmaprix, Rexall).

Жедел ветеринарлық көмек:

Жеке ветеринарлық клиникаларында көрсетіледі.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік климат:

Канада бизнеске ашық мемлекет болып табылады. Заң тұлғаны тіркеу үшін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша немесе онлайн режимінде істейтін үкіметтік сервер арқылы рәсімдеуге болады.

Пайдалы телефондар:

Төтенше жағдайда көмек алу бірыңғай нөмірі - 911.
Канаданың телефондық коды - +1.

Басқа ақпарат:

Банкоматтар мен кредиттік карталар. Белгілі бір банктердің иелігіндегі банкоматтар саны, яғни комиссия алмайтын, сондай-ақ, белгілі бір комиссия алатын жекеше банкоматтардың саны көп.
Сатып алынған тауарлар үшін төленген салықты қайтару. Сатып алынған тауарлар үшін төленген салықты қайтару мүмкіндігі жоқ. Шекарада да салық қайтару мүмкіндігі жоқ.

Электрикалық кернеу. Кернеу — 120 В, 60 Гц. А және В розеткалары.

Роуминг. Канададағы роуминг қызметі туралы ақпаратты мобильдік байланыс операторымен хабарласу тиіс.

Теміржол, автобус вокзалдары және әуежайлардың қаладан қашықтығы:

Теміржол, автобус және вокзалдар қаланың орталығында орналасқан (Монреаль, Торонто, Оттава).
Әуежайлар қаладан 20-30 км қашықтықта орналасқан. Әуежай мен қала арасында автобус және теміржол байланыстары бар.