Ресми атауы:

Оңтүстік Африка (Оңтүстік- Африкалық Республика)

Астанасы:

Претория (әкімшілік), Кейптаун (заңды), Блумфонтейн (сотты)

Ресми тілі:

Ағылшын, африкаанс, венда, зулу, коса, ндебеле, свази, солтүстік сото, сесото, тсвана және тсонга тілдері

Территориясы:

1 219 090 км². ОАР Африка континентінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстікте Намибия, Ботсвана және Зимбабвемен, ал солтүстік-шығысында Мозамбик және Свазилендпен шектеседі. ОАР аумағында Лесото анклавы орналасқан.

Халық:

55,7 млн. адам

Уақыты:

Сағаттық белдеуі UTC+2. ОАР мен Астана арасындағы уақыт айырмашылығы – 4 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар - Жаңа жыл;

21 наурыз - Адам құқықтары күні;
27 сәуір- Ұлттық мейрамы, Бостандық күні;
1 мамыр- Еңбекші күні;
16 маусым - Жастар күні;
9 тамыз - Ұлттық әйелдер күні;
24 қыркүйек - Мұра күні;
16 желтоқсан - Татуласу күні;
25 желтоқсан – Иса пайғамбардың туған күні;
26 желтоқсан - Тілектестік күні.

Валютасы:

Оңтүстік африкалық ранд (ZAR)

Климаты:

Тропикалық және субтропикалық. Жаз мезгілде орташа күндік температура + 30°С шамасында, түнде температура +15, +20°С дейін төмендейді. Қыс мезгілі маусым мен тамыз аралағында. Күндіз +20°С, түнде +5°С дейін төмендейді.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазақстанмен тікелей әуежол қарым-қатынасы жоқ. ОАР халықаралық (Йоханнесбург, Кейптаун, Дурбан) әуежайларына (Lufthansa, British Airways, KLM, Air France, Swissair, Iberia, Emirates, Etihad және т.б.) ірі әуе компаниялары тұрақты түрде қатынайды.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Қазақстан мен ОАР арасында визалық режим орнатылған. Осыған байланысты, ОАР сапармен баратын қазақстандық азаматтарға алдын ала осы елдің визасын алу қажет.

Баламен берге сапар. Егер ОАР ата-анасының біреуі кәмелетке толмаған баласымен кіру/шығу үшін, сол баланың екінші атана-анасынан нотариуспен куәләндырылған рұқсат қажет. Сонымен қатар, егер кәмлетке толмаған баланы басқа азамат ОАР алып жүретін болса, онда баланың екі ата-анасынан да нотариуспен куәләндырылған рұқсат қажет.

Төлқұжаттың мерзімі ОАР шығатын уақытқа дейін 30 күн мерзімге жарамды болуы тиіс және оның ішінде виза жапсыру үшін кемінде 2 таза парақ болу қажет.

Ішімдік пен темекі. ОАР 200 темекі, 20 сигара, 250 грамм шылымдық темекі, 2 литр шарап және 1 литр өте күшті ішімдікті бажсыз алып кіруге рұқсат етіледі.

18 жасқа толмағандарға ішімдік пен темекіні алып кіруге рұқсат етілмейді.

Дәрі-дәрмек. Дәрі-дәрмекті кіргізу (жеке тұтынудан басқа) үшін арнайы рұқсат қажет.
Тағы басқа. ОАР 250 миллиграмм иіссу және жеке тұтыну мақсатында 3000 ранд баламында басқа да заттарды бажсыз алып кіруге рұқсат етіледі.

ОАР есірткіні, психотроптық заттарды, у, автоматты және әскери қаруларды, контрафактілік тауарларды және жекелеген порнографиялық материалдарды алып кіруге тиым салынады.

Сонымен қатар, ОАР өңделмеген алмаздарды алып шығуға рұқсат етілмейді. Зергерлік бұйымдарды алып шығу үшін дүкеннің арнайы растау куәлігі қажет.

Ұрық, гүл, жеміс, бал, маргарин, өсімдік майы, ет және ет өнімдерін, ірімшік және сүт өнімдерін елге кіргізу үшін арнайы рұқсат қажет.

ОАР үй жануарларын кіргізу және шығару үшін халықаралық вакцинациялар мен арнайы имлантацияланған чиптер талап етіледі.

Жабайы жануарлардың терілері мен басқа да өнімдерін шығару үшін мемлекеттік мал дәрігерлік қызметтен арнайы рұқсат талап етіледі.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Соңғы уақытта ОАР лаңкестік әрекеттер байқалмады. Қандай да бір лаңкестік ұйымдар ресми түрде тіркелмеген. Алайда, орналасқан мемлекетте ксенофобияның өршуіне байланысты, соңғы кезде заңсыз мигранттарға зорлық-зомбылық көрсету оқиғалары жиі орын алуда.

ОАР криминалдық ахуал, әсіресе үлкен қалаларда (Йоханнесбург, Дурбан, Претория және Кейптаун) өте күрделі. Негізінен қылмыскерлер әуежайлар, автовокзалдар және туристер көптеп шоғырланатын көрікті жерлерде жұмыс жасайды. Осыған байланысты және ұрлыққа жол бермеу мақсатында туристерге кешкі мезгіл кезінде топ-топ болып сөмкесіз бірге жүрген дұрыс.

ОАР қандай да бір аудандарына баруға шектеу қойылмаған.

ОАР болған кезіңізде төтенше жағдай орын алса, Елшіліктің консулдық бөліміне келесі телефон +27-124600162 мен email: visa@kazembassy-sa.com арқылы хабарласуға кеңес береміз.

Жол жүру тәртібі:

ОАР жол қозғалысы ережесіне сәйкес, көлік құралдарына оң жақты қозғалыс белгіленген. Жол жүру ережесі мен жол белгілері халықаралық стандарттарға сәйкес. Қала сыртындағы авто жолдарда сағатына максималды түрде 120 км, ал елді мекен жерлерде сағатына 60 км жүруге рұқсат берілген. Көлікті айтарлықтай көлемде ішімдік ішіп жүргізуге рұқсат етілмейді. Қауіпсіздік белбеуді міндетті түрде түймелеу қажет.

ОАР незінінен бензин мен дизель жанармайдың көзі болып табылады. Жанармайдың құны дүние жүзіндегі мұнай бағасына байланысты. Мәселен, 95 маркалық бензиннің құны 1 АҚШ доллар көлемінде, ал дизель одан 5 % қымбатырақ.

ОАР арнайы автотұрақтар негізінен әуежайлар, үлкен дүкендер, сауда орталықтары мен қонақ үйлердің жандарында орналасқан. Мұндай тұрақтың орташа құны сағатына шамамен 10 рандті (АҚШ 80 центі) құрайды.

Автокөлікке қатысты қандай да бір арнайы салық алынбайды. Негізгі автомагистральдердің бәрінде арнайы жол ақысын төлеу бекеттері орналасқан. Жеңіл машиналар үшін жол ақысы шамамен 5 АҚШ доллары, жүк машиналар мен автобустар үшін 20 АҚШ доллары көлемінде төлемақы алынады.

Жол жүру ережесіне сәйкес, міндетті түрде көлікті сақтандыру қарастырылған.

ОАР халықаралық үлгідегі Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін пайдалануға рұқсат етіледі..

Көлікті сақтандырудың құны оның бағасына байланысты болады.

ОАР үлкен қалалары мен әуежайлары төңіректерінде көліктерді жалға алу орындары қызмет атқарады. Халықаралық кредиттік банк карточкасы және халықарылық жүргізу куәлігі бар 23 жасқа толған әрбір азамат көлікті жалға ала алуға құқылы. Көлікті жалға алудың минималды уақыты – 24 сағат.

Жол апаты орын алған жағдайда, міндетті түрде полицияны шақырып, хаттама толтырқан жөн. Соның арқасында сақтандыру төлемақысы төленді.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Оңтүстік Африка Республикасында африкалық дағдылы құқықпен қатар, роман-голаннық және ағылшын құқық жүйелері қолданылады. Осыған байланысты, ОАР болған кезде африкалық елдерге тән тәртіпті сақтаған дұрыс. Кешкі мезгіл кезінде қаланың үлкен көшелерімен серуендемеген жөн.

ОАР сот жүйесі өте дамыған. Қылмыстық және әкімшілік жазаларға тарту, жасалған қылмыстың ауырпалығына байланысты. ОАР заңдарына сәйкес, ауыр қылмыс жасағандарды, оның ішінде асыл тастармен заңсыз айналысқандарды, есірткіні тасымалдағандар мен сатқандарды, адам өлтіргендерді, зорлағандарды, тонау мен заңсыз қару иеленгендерді түрмеге қамайды. 1995 жылдан бастап өлім жазасы жойылған.

ОАР аймағында осы елдің азаматы/азаматшасымен некеге тұру үшін шетел азаматының өз елінде некеге тұрмағандығы жөнінде анықтамасы болу қажет. ОАР туылған баланың ата-анасының біреуі осы елдің азаматы болса, онда сол бала осы елдің азаматы болып табылады. Егер неке бұзылған жағдайда, баланың одан әрі тәрбиесі соттың шешіміне байланысты болады.

ОАР заңнамаларына сәйкес, шетел азаматтарына жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат беріледі. Бірақ, жылжымайтын мүліктері бар шетел азаматтарына ОАР тұрақты тұруға және азамматық алуға құқық бермейді.


Денсаулық сақтау:

ОАР АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) және ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы) денсаулық сақтау саласындағы ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Ресми ақпарат бойынша, қазіргі таңда 18 жас пен ересектер арасында халықтың 11,2% инфекцияланған. Инфекцияланғандардың басым бөлігі Квазулу-Наталь, Мпумаланга және Гаутенг аймақтарында.

Елде мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелері жұмыс істейді. Шет ел азаматтарын емдеу ақылы түрде жүргізіледі. Орналасқан тәртіпке сәйкес, жеке меншік емханалар мемлекеттік клиникаларға қарағанда заманауи құралдармен жабдықталған. Бірақ, жеке меншік емханалардың қызметі мемлекеттік емдеу мекемелеріне қарағанда әлдеқайда қымбат. Емдеу қызметі өте жоғары дәрежеде және еуропалық стандартқа сәйкес.

ОАР кіру үшін ешқандай ауруларға қарсы арнайы егу талап етілмейді.

ОАР туристік немесе жеке сапар мақсатында баратын азаматтарға алдын-ала сақтандыру полисін рәсімдеу қажет.

Көптеген госпитальдар мен ауруханаларда тәулік бойы ауруларға жедел жәрдем көрсету үшін қабылдау бөлмелері қызмет жасайды. Дәріханалар тек күндізгі уақытта ғана ашық. Олар демалыс күндері қысқартылған уақытпен жұмыс істейді.

Көп қалаларда мал дәрігерлік бекеттер орналасқан.

Қосымша мәліметтер:

Жергілікті заңнамаға сәйкес, бизнесті тіркеу немесе фирма ашу үшін оның штатын пропорционалды түрде африкалық (қара нәсілді) қызметкерлермен қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты, шетел азаматтарына тұрақты жұмыс табу өте қиын. Ерекшілік тек қана аса білікті және тапшы мамандарға ғана беріледі. Сонымен қатар, мұндай мамандарға жеңілдетілген тәртіппен тұрақты тұру рұқсаты мен азаматтық алу мәселелері қарастырылған.

Халықаралық телефон коды - +27

Ел ішінде қала кодынан және ұялы телефон номерінен бұрын «0» теру қажет.

Жедел қызмет телефондары:

Полиция - 101-11.

Жедел медициналық жәрдем - 101-77.

Құтқару қызметі - 112, 107.

Ауа райы қызметі - 082-162.

Қоғамдық көлік өте нашар дамыған. Негізінен автобустар мен бағыттық таксилер жолаушыларды тасымалдайды. Қала ішінде орташа автобуспен жүру құны - 15, ал бағыттық таксилер – 20 рандті құрайды. Орташа мейрамханада тамақтану құны адам басына - 200 ранд.

Орта есептегі қонақүйде тұру құны тәулігіне шамамен 600-800 рандты құрайды. Алайда, туристік мезгіл кезінде оның құны 2 есеге асып кетуі мүмкін.

Үлкен ауылшаруашылық дүкендер и сауда орталықтары күнделікті сағат 8.00-9.00-ден кешкі сғат 18.00-19.00 -ге дейін ашық болады. Жексенбі және мейрам күндері олар сағат 14.00-16.00 дейін ғана жұмыс істейді.

Ішімдіктерді демалыс күндері сатуға шектеу қойылған. Барлық ішімдіктер тек қана арнайы мамандырылған дүкендерде ғана сатылады.

Аймақтардың басым бөліктері ұялы 3/4G стандартымен қамтылған. Жергілікті телефон операторларының тарифтік жоспарына сәйкес бір минут сөйлесу - шамамен 1,5 - 3,5 рандты құрайды.

Ірі қонақ үйлер тегін интернетпен қамтамасыз етілген. Интернет бағасы Қазақстанмен салыстырғанда қымбат және оның жылдамдығы төмен. Интернет кафелерде желіде бір сағат жұмыс істеу құны 8-15 ранд.
В крупных гостиницах предоставляется доступ в интернет. По сравнению с Казахстаном интернет-услуги дорогостоящие, скорость соединения низкая. В интернет-кафе стоимость часа работы в Сети составляет 8—15 рандов в час.

Банкоматтар өте ширек қолданылады.

Халықаралық әуежайларда сатып алынған тауарлар мен түбіртектерді көрсеткен жағдайда Құн салығы қайтарылады (ҚСҚ). ҚСҚ адам басына 3500 ранд көлемінде елден шығып кеткеннен соң, оның есеп шотына 3 ай мерзімге дейін уақытта аударылады.

Ток тізбегі 220/230 вольтты құрайды, жергілікті розеткаларға арнайы адаптерлер қажет.

Йоханнесбург қаласынан ең таяу әуежайға дейінгі ара қашықтық – 20 – км, Преториядан – 50 км, Кейптауннан - 50 км.

Негізгі қатынас көздері такси болып табылады. Соңғы уақытта арнайы автобус бағыттарын жетілдіруде. Криминалдық ахуалға байланысты, қала маңына қатынайтын поездарға сұраныс өте аз.