Ресми атауы:

Швейцария (Швейцария Конфедерациясы)

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қатер:

Швейцарияда қылмыс және террористік қатердің деңгейі өте төмен.

Қылмыс:

Қалта ұрылары мен сөмке жымқырушылардан сақтану қажет.

Олартуристікмезгілде(жаз және Рождество кезі), сондай-ақ ірі қалаларда өтетін конференциялар мен көрмелер кезінде белсенділік танытады.

Көптеген қылмыстар туристер аулақ жүретін аудандарда, яғни есірткі сатушылар мекендейтін жерлерде болады.

Сонымен бірге, вокзал, қоғамдық көлік, әуежай, адамдар шоғырланатын жерлерде сақтық пен қырағылық танытқан жөн.

Қаланың әртүрлі аудандарына бару:

Қала сыртында жарық түспейтін көшелер бойымен жалғыз жүрмеуге кеңес береміз. Адамдар шоғырланатын жерлерде болатын қалта ұрылары мен алаяқтар туралы ұмытпаған жөн.

Құқық қорғау органдары ұстаған кездегі әрекеттеріңіз:

Берн қаласындағы ҚР Елшілігінің консулы Еркебұлан Тәуекелмен +41 76 648 5666 ұялы телефоны арқылы байланысу қажет.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Жол қозғалысы оңжақты. Швейцариядағы жол қауіпсіздігі жоғары деңгейде болып есептеледі.

Жол полициясы жолдағы жағдайды мұқият қадағалап отырады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғандығы үшін үлкен көлемде айыппұл қарастырылған.

Қауіпсіздік белбеулерін пайдалану міндетті болып табылады.

12 жасқа дейінгі балалар көліктің артқы отырғышында орналасқан арнайы автоорындықта отыруы қажет.

Қозғалыс кезінде маңдайшамды/фараны қолдану міндетті болып табылады.

Қала ішіндегі жылдамдық шектелуі - 50 км/сағ (тұрғын үй зоналарында – 20-30 км/сағ дейін), үлкен жолдарда - 80 км/сағ, тас жолдарда (автобандарда) - 120 км/сағ. Қар түскен кезде тау жолдарында жүру үшін дөңгелек шынжырларын орнату қажет.

Швейцария жолдарында дыбысты сигнал беру тек ерекше жағдайларда және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қолданылады.

Жанармайдың негізгі түрлер:

95 маркалы бензин литрінің орташа бағасы - 1,522 шв. фр., дизель - 1,562 шв. франкі.

Автокөліктер тұрағының болуы:

Швейцарияда көптеген автокөлік тұрақтары ақылы, әдетте олар стандартты паркоматтармен жабдықталған.

Алғашқы сағаты - 0,5-1,5 шв. фр. шамасында.

Жол салығын төлеудің қажеттілігі:

Автобандарды қолдану ақылы, Vignette (виньет) жылдық жол жарнасы 40 шв. фр. тұрады. Төлем жасалғаны туралы тиісті белгі көліктің маңдай терезесіне орналастырылуы қажет.

Міндетті сақтандыру полисін сатыпалудың тәртібі:

«Жасыл карта» халықаралық авто сақтандыру жүйесінің сақтандыру полисі мен автоазаматтық жауапкершілікті сақтандыру полисінің болуы міндетті.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Жүргізушіде ағылшын, француз, неміс және итальян тілдеріндегі халықаралық жүргізуші куәлігі болуы міндетті.

Авто көлікті сақтандыру:

Жоғарыда қараңыз.

Автокөлік құралдарын жалға алу:

Автокөлікті жалға алу үшін халықаралық жүргізу куәлігі мен франшиза және жанармайға арналған кепіл сомасы бар депозитті ұстап қалатын кредит картасын ұсыну қажет. Автокөлікті қайтарған соң аталған сома 2-4 апта аралығында босатылады. Міндетті сақтандыру (сақтандыру сомасын ұлғайтуды қоспағанда), әуежай жарналары мен жергілікті салықтар автокөлікті жалға алудың құнына кіреді.

Автокөлікті жалға алу кезеңінде автокөлік жүрісінің километражы бойынша шектеулер жоқ.

Жалға алу құнына жанармай бағасы кірмейді. Автокөлік толық бакпен ұсынылып, толық бакпен қайтарылуы тиіс.

Швейцарияда жалға алынған автокөлікпен алдын-ала сұраным бойынша және тиісті визалар болған жағдайда, басқа елдердің мемлекеттік шекараларынан өтуге болады.

ЖКА кезіндегі Сіздің әрекеттеріңіз:

Жол апаты кезінде қақтығыс болған автокөлік құралының нөмірін, оқиға орны мен уақытын, жүргізушінің аты-жөнін және мекен-жайын, құжат мәліметтерін (жүргізуші куәлігі, техпаспорт), сондай-ақ куәлардың мәліметтерін жазып алу қажет.

117 нөмірі бойынша полиция шақыру қажет.

Бұдан кейін автокөлік сақтандырылған сақтандыру компаниясының атауын анықтау қажет.

Адамдар жарақат алған жағдайда, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қажет болса, жедел жәрдем шақыру қажет.

Аз зиян келтірілсе және жол апатына қатысушылар өзара келісімге келген жағдайда, Unfallprotokoll арнайы бланкі – жол апатына ұшыраған автокөлік құралдарының жүргізушілері қол қоятын жол апаты туралы хаттамаға қол қойылады, және сақтандыру компанияларына жіберіледі.

Бұл жағдайда полицияны шақыру қажет емес.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

Швейцарияда өмір салты бірқалыпты және байыпты.

Сондықтан, бұл елге келгенде ұстамды болып, жалпы қалыптасқан тәртіп пен ережелерді сақтау қажет.

Сағат 22.00-07.00 аралығында тыныштықты сақтаған жөн.

Алуан түрлі қылмыстар үшін берілетін жазалар:

Швейцария заңнамасында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін айыпты адамға ақшалай айыппұл салынады немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

Мемлекеттің отбасылық заңнамасы:

Кәмелетке толмаған балалары бар отбасында некені бұзу туралы шешімді сот қабылдайды.

Сонымен қатар, ажырасудан кейін баланың қай ата-анамен қалатындығын сот белгілейді.

Елдің аумағында шетел азаматымен меншікті сатып алу туралы жергілікті заңнамасы:

Швейцарияда шетелдік азаматтардың жылжымайтын мүлікті сатып алуға құқықтары шектеулі. Резидент емес алдымен жылжымайтын мүлік сатып алуға арналған арнайы рұқсат алуы тиіс. Жыл сайын шетел азаматтарына жылжымайтын мүлік сатып алуға 1500 квота бөлінеді.

Аталған квоталар туризмді және экономикалық дамуға мұқтаж кантондар арасында таратылады.

Швейцарияда резидент еместер тек демалуға арналған жылжымайтын мүлік сатып алу құқылы. Жылжымайтын мүліктің бар болуы ықтиярхат алу құқығын бермейді.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа төнетін қатерлер, әдеттегі дерттер:

Елдегі жалпы эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Швейцария аумағында ешқандай табиғи жұқпа ауру ошақтары жоқ, дегенмен, шет аймақтарда құтыру, кене энцефалиті және асқазан-ішек ауруларын жұқтыруға қарсы қауіпсіздік шаларын қабылдаған жөн.

Сапар кезінде ешқандай арнайы егулер талап етілмейді, дегенмен тау аймақтарына барған кезде сіреспе, дифтерия және полиомиелиттен алдын ала иммунизация жасау қажет.

Медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері:

Дәрігерге барған кезде немесе ауруханаға жатқызу барысында депозит төлеу немесе медициналық сақтандыру ұсыну қажет, ол болмаған жағдайда медициналық қызметтерді қолма-қол ақшамен төлеуді талап етеді.

Медициналық қызметтердің бағасы жоғары, ауруханаға жатқызуды немесе елден эвакуацияны талап ететін денсаулыққа қатысты ауыр проблемалардың құны бірнеше мың шв. фр. құрауы мүмкін.

Дәрігер консультациясы 250 шв. фр. басталады, күрделі диагностикалық шаралар спектрін өткізумен қоса толықтай тексеру 2500-3000 шв. фр. шамасын құрайды.

Егулер:

Егулер туралы куәлік Швейцарияға келгенге дейін 14 күн бұрын эпидемия маңында болған адамдардан ғана талап етіледі (әсіресе сары безгек ауруына қатысты).

Медициналық сақтандыру:

Швейцарияда болу кезеңінде медициналық сақтандыру міндетті түрде талап етіледі.

Шұғыл медициналық көмек:

Егер Сізге шұғыл түрде медициналық көмек қажет болса, 144 нөмірі бойынша (тәулік бойы) таяудағы госпитальге немесе санитарлық-медициналық көмек қызметіне телефон шалып, өзіңіз туралы, қайдан телефон шалып тұрғандығыңызды, не болғанын және қандай шаралар қолданғандығыңыз туралы хабарлау қажет.

Барлық стоматологиялық көмек ақылы негізде жүзеге асырылады. Әдетте, жұмыстан тыс уақытта дәрігер-стоматологтар жұмыс жасамайды.

Шұғыл ветеринарлық көмек:

Жоқ. Ветеринарлық қызмет тұрақты негізде және алдын-ала жазылу бойынша көрсетіледі.

Қосымша мәліметтер:

Іскери климат:

Женевада ауа-райы ылғал қоңыржай, жыл бойы туристерге және жергілікті халыққа қолайлы. Жаз жайлы және жылы, бірақ тымырсық емес, Леман көлінің температурасы мамырдан бастап қыркүйек айына дейін созылатын маусым бойы суға түсуге мүмкіндік береді. Жазда су температурасы +15 +20 аралығында.

Күз жаңбырлы, әрі шуақты болады, саяхатшылар қаланың көрікті жерлерін қарау және экскурсия үшін жылдың осы уақытын таңдайды.

Қыс Женевада қатты суық емес, қар жылда жаумайды, дегенмен шаңғы тебу және сноубордта сырғанау үшін таулы жерлерде қар жеткілікті. Бұдан басқа, көл маңында мұзды жаңбыр жаууы мүмкін.

Пайдалу телефондар:

Өрт сөндіру: 118

Полиция: 117
Жедел жәрдем: 144
Жол-көлік апаттарындағы шұғыл көмек: 140

Тікұшақ құтқару қызметі: 1414

Басқалар:

Таксимен жүру құны – шамамен 1 шақырымға 4 шв. фр., 5-6 шв. фр. көлемінде отырғызу үшін базисті төлемді төлеу мүмкін.

Қоғамдық көлікпен (автобус, трамвай, троллейбус) жүрудің төменгі құны 2,8 шв.фр.

Орташа деңгейлі мейрамханада түскі ас ішу. Өзіне-өзі қызмет көрсету дәмханасындағы түскі астың құны 25-30 шв. фр., мейрамханада - 60 шв. фр. құрайды.

Орташа деңгейлі қонақ үйдегі бөлме. Қонақ үйдегі бөлме құны – 90 - 220 шв. фр. құрайды.

Мекемелердің жұмыс істеу уақыты. Швейцарияда мекемелер жұмыс күндері сағат 08.00-12.00 және 14.00-17.00 дейінгі аралықта жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі – демалыс күндер.

Швейцария банктері көбінесе, демалыс күндерінен басқа, сағат 08.30-16.30 аралығында ашық.

Банктер аптасына бір мәрте әдеттегі уақыттан ұзақ уақыт жұмыс істейді, бұл туралы әр банкіден анықтау қажет.

Ірі қалалардағы пошта бөлімшелері жұмыс күндері сағат 08.30-12.00 және 13.30-18.30 дейінгі аралықта, сенбіде сағат 07.30-11.00 аралығында жұмыс істейді. Жексенбі – демалыс.

Теміржол, автобус вокзалдарының және әуежайдың қала орталығынан ара қашықтығы, олармен көліктік байланыс:

Ірі әуежайлар Женева, Цюрих және Базель қалаларында орналасқан.

Женева әуежайынан және теміржол вокзалынан Қазақстан Тұрақты Өкілдігіне дейінгі ара-қашықтық – сәйкесінше 2,5 және 4 шақырым.

Әуежайлар мен вокзалдарда жүк тасушылар жоқ, барлық жерде өзіне-өзі қызмет көрсету.