Ресми атауы:

Хорватия Республикасы

Астанасы:

Загреб қаласы

Ресми тілі:

Хорват тілі

Территориясы:

56 594 км²

Халық:

4 246 809 (2014 ж.)

Уақыты:

UTC/GMT +1 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар - Жаңа жыл.

6 қаңтар – Богоявление.

Наурыз-сәуір - Пасха және Пасхалық дүйсенбі.

1 мамыр - Еңбек күні.

22 маусым - Антифашистік күрес күні.

25 маусым - Мемлекет күні.

5 тамыз - Жеңіс және Отанға алғыс білдіру күні.

15 тамыз – Велика Госпа.

8 қазан - Тәуелсіздік күні.

1 қараша - Барлық әулиелер күні.

25 - 26 желтоқсан – Први дан по Божичу, Свети Стьепан, Штефанье.

Валютасы:

Хорват кунасы

Климаты:

Солтүстік Хорватиның климаті – континенттік, Орталықта — жартылай таулы және таулы, жағалау аймағында - Жерорталық.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Әуе қозғалысы: Мәскеу, Ыстамбұл, Майндағы Франкфурт, Амстердам және бірнеше басқа қалалар арқылы.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Қазақстан Республикасының азаматтары Хорватия аумағына хорват немесе шенген визасы негізінде кіре алады.

Шенген визасы негізінде Хорватия аумағына кіру және шенген аумағына (Австрия, Германия, Словения және т.б.) қайта шығу қажеттілігі болған жағдайда, паспорттарыңызда екі немесе көпмәртелік шенген визасы болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының азаматтары Босния және Герцеговина аумағына босния визасымен кіре алады. Виза алу үшін Босния және Герцеговинаның Мәскеудегі Елшілігіне хабарласу қажет.

Қазақстан Республикасының азаматтары Черногория аумағына черногориялық визамен кіре алады. Виза алу үшін Черногорияның Мәскеудегі Елшілігіне немесе Астанадағы Болгарияның Елшілігіне хабарласу қажет.

Сілтеме: http://www.mvep.hr/en/consular-information/visas/visa-requirements-overview/

Төлқұжаттың қолданылу мерзімі визаның қолданылу мерзімінен үш айға асуы тиіс.

Сілтеме: http://www.mvep.hr/en/consular-information/visas/visa-requirements-overview/

Хорватияның Кедендік ережелері

Келесі тауарларды әкелуге рұқсат етіледі (бажсыз):

200 темекі немесе 100 сигарилла немесе 50 сигар немесе 250 грамм шылым

1 литр спиртті ішімдіктер

1 литр ликер немесе шараптар

50 гр. хош иіс

250 мл. иіссу

Валюта әкелу:

Әкелінген немесе әкетілген валютаның сомасы 10 000 еуро сомасынан немесе басқа валютадағы сомасынан асатын болса, ол жазбаша декларациялауға жатады.

Сілтеме: http://croatia.hr/en-GB/Journey-through-Croatia/Useful-information

Сілтеме: http://www.iatatravelcentre.com/HR-Croatia-customs-currency-airport-tax-regulations-details.htm

Әкелуге тыйым салынады:

- Қару, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер;

- Антиквариат;

- Есірткі;

- Озон қабатын зақымдайтын заттар.

Әкетуге тыйым салынады:

- Мәдени-тарихи құндылығы бар заттар (Мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік басқармасының берген рұқсатымен ғана мүмкін);

- Жабайы жануарлар терілері;

- Есірткі, қару-жарақ және оқ-(рұқсат қажет).

Сілтеме: http://www.iatatravelcentre.com/HR-Croatia-customs-currency-airport-tax-regulations-details.htm

Жануарларды әкелу:

Жануарларда үй жануарларының төлқұжаты немесе сертификаты, микрочипі, және далылыққа қарсы вакциналары болу керек.

Сілтеме: http://www.iatatravelcentre.com/HR-Croatia-customs-currency-airport-tax-regulations-details.htm

Белгілі өсімдіктерді әкелу үшін тиісті сертификаттар болуы тиіс.

Сілтеме: http://www.ec.europa.eu/food/plant/plant_health_biosecurity

Үй жануарларды әкелу үшін тиісті сертификаттар болуы тиіс.

Сілтеме: http://www.iatatravelcentre.com/HR-Croatia-customs-currency-airport-tax-regulations-details.htm

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қатерлер тұрғысына қарағанда, Хорватия Еуропаның ең қауіпсіз елдеріне жатады.

Уровень преступности в Хорватии не высокий.

Хорватияның полициясы жүктелген міндеттерді тиімді түрде орындайды.

Хорватия территориясында қатынас еркін. Тек әскери бөлiмдер, әскери инфрақұрылымдар, БӨП, шекаралар маңайларында болуға тыиым салынылуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары ұстаған кезде, заңгер мен аудармашыны (керек болған жағдайда) сұрауға және ҚР Елшілігінің консулы мен байланысу қажет.

Жол жүру тәртібі:

Хорватияда көлікпен саяхат жасау үшін, келесі құжаттар қажет:

- жүргізуші куәлігі;

- автокөліктің техникалық куәлігі;

- сақтандыру куәлігі.

Жол ережелерін, жылдамдықты шектейтін белгілерді қатан түрде байқау қажет. Сонымен қатар, басқа жүргізушілерге қарсы тым әсерлі және кез келген іс-қимылдарына жол бермеуге қажет.

Барлық жолаушылар қауіпсіздік белдіктерді пайдалану, ал балаларға арнайы орындықтар керек.

Жүргізушіге ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады.

Бензиннің келесі түрлері пайдаланылады:

- «Eurosuper-95»;

- «Eurosuper 98».

- «Eurosuper 100»

және дизель:

- «Eurodiesel»;

- « Eurodiesel Макспауэр» немесе «Eurodiesel BS Класс».

Автотұрақтың орташа құны автотұрақ аймағына байланысты.

Дұрыс орнатылмаған көлік айыппұл салынып күшпен көшіріледі.

Кейбір автожолдар - ақылы. Жол ақысы бөліктің ұзындығына байланысты.

Хорватияда көлікпен саяхат жасау үшін, сақтандыру полисі қажет.

Ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалануға болады.

Бірқатар компаниялар автокөлікті сақтандыру қызметін ұсынады.

Автомобильдерді әуежайларда, қонақ үйлерде, туристік орталықтарда жалға алуға мүмкін.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жол полициясын шақырып, басқа көліктердің, объектiлердiң немесе тұлғалардің зақымдануы аз болса да, ЖКО болған жерде полицияны күту керек.

Сондай-ақ, қарсы көлік жүргізушінің (және сақтандыру полисінің) деректерін жазып алуға керек.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Хорватияның мәдениеті Батыс Еуропа мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін шетелдік азаматтары қуып жіберулері мүмкін.

Қуып жіберілу елге қайта кіруге 3 айдан 5 жылға дейін мерзімге тыйым салынуы мүмкін.

Ажырасқан ерлi-зайыптылардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты құқықтары, сот арқылы шешіледі.

Қазақстандықтарға Хорватияда мүлікті сатып алу мүмкін емес.

Денсаулық сақтау:

Қысқы уақытта өткір суық аурулар мүмкін.

Мемлекеттік және жеке медициналық мекемелер қызметтерін ұсынады. Халықтың екпеленуі ДДҰ-ның талаптарымен негізделген.

Хорватияға саяхат үшін арнайы вакциналар қажет емес.

Денсаулық сақтау мекемелерінде жәрдем беру міндетті медициналық сақтандыру негізінде жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарында медициналық сақтандыру полисі болу керек.

Жедел медициналық жәрдем тәулік бойы қамтамасыз етіледі.

Ветеринарлық жәрдем мамандандырылған ветеринарлық мемлекеттік және жеке ауруханаларда қамтамасыз етіледі.

Қосымша мәліметтер:

Кәсіпкерлік қызмет және жұмыс үшін рұқсатты ІІМ-мен беріледі және жұмыс берушілердің талабы бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, рұқсаттар квоталар бойынша берілерді..

Құқықты бұзушылар елеулі жазаландырылады:

шетелдіктер – мемлекеттен қуып жіберіледі, жұмыс берушілер – үлкен айыппұл төлейді немесе бас бостандығынан айырылады.

Полиция - 192.

Өрт сөндірушілер - 193.

Жедел жәрдем - 194.

Хорватияның халықаралық телефон коды — 385.

Банктер барлық ірі несие карталарды қабылдайды.

Шетел азаматтарына, 740 хорват кунадан артық сомаға сатып алынған тауарлар үшін, қосылған құн салығы (PDV) tax-free үшін жарамды чек болған жағдайда мемлекеттен кеткен заманда қайтарылады.

Шетел валютаны банктерде, айырбастау пункттерінде, почта бөлімшелерінде, қонақ үйлерде, сауда орталықтарында, туристік агенттіктерде айырбастауға болады.

Кернеу - 220 В, жиілік - 50 Гц. Розеткалар - Еуропалық.

Теміржол вокзалы мен қала орталығының арасы - шамамен 2 км (автобус немесе трамваймен жетуге болады), автовокзал - 3 км (автобус, трамвай), әуежай - 15 км.