Ресми атауы:

Финляндия (Финляндық Республика)

Астанасы:

Хельсинки

Ресми тілі:

фин, швед

Территориясы:

390 905 км² Финляндия Шығыста Ресеймен, Солтүстік-батыста Швециямен, Солтүстікте Норвегиямен шекаралас. Елдің Оңтүстік пен Батыс жағалауы Балтық теңізі мен Фин және Ботния шығанағына шығады. Эстониямен теңіз арқылы шектеседі. Оңтүстіктен-Солтүстікке 116

Халық:

5 502 284 адам. (2016 ж.қараша). Өмір сүру жасының орташа ұзақтығы – 80,8 жас. Орта жас – 42,4.

Уақыты:

Сағаттық белдеу UTC+2. Астанамен уақыт айырмашылығы жазда 3 сағат, ал қыста 4 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар — Жаңа жыл;

6 қаңтар — Шоқыну мерекесі;

Страстная пятница;

Пасха (протестанттық шіркеу күнтізбесі);

1 мамыр — Еңбек күні;

мамырдың басы — Ғибадат күні;

мамырдың екінші жексенбісі – Аналар күні;

мамырдың ортасы — Троица;

Жаз ортасы мерекесі — Иван күні (маусымның аяғы);

қарашаның бірінші сенбісі — Әулиелер күні;

қарашаның екінші жексенбісі – Әкелер күні;

6 желтоқсан — Тәуелсіздік күні;

24 желтоқсан — Сочельник (рождество мен шоқындыру мейрамдарының қарсаңы);

25-26 желтоқсан — Рождество.

Бұл күндері Финляндияда мемлекеттік мекемелер, банктер мен дүкендердің көпшілігі жабық.

Валютасы:

Еуро

Климаты:

Климаты қоңыржай, теңіздіктен континетікке өтпелі. Қыста орташа температура Оңтүстікте −6 °C, Солтүстікте −14 °C; жазда Оңтістікте +17°C, ал Солтүстікте +14°C дейін көтеріледі.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Тікелей авиақатынас болмағандықтан, Қазақстаннан Финляндияға Мәскеу, Ыстамбұл, Минск, Киев және Майндағы Франкфурт арқылы ұшуға болады. Қазақстан Елордасындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде «Финнэйр» авиакомпаниясы Астанаға рейстер ашуды жоспарлауда.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Финляндия Республикасы Шенген келісіміне мүше. Финляндияға сапар шегетін Қазақстан Республикасының азаматтары Астана қ. Эстония Елшілігінің консулдық бөлімінде немесе Алматы қ. Литва Республикасының Бас Консулдығында виза ресімдеуіне болады. ҚР Үкіметінің 26.06.2015ж. №483 қаулысына сәйкес, 2017 ж.

31 желтоқсанға дейін ФР азаматтары мемлекеттік шекараны өткен күннен бастап Қазақстанда 15 күнге дейін визасыз бола алады.

2017ж. 1 қаңтардан бастап ЭЫДҰ мемлекеттерінің азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз қатынай алады. Тізімге Финляндия Республикасы кіреді.

Паспорттың жарамдық мерзімі:

Саяхат аяқталғаннан кейін, төлқұжаттың мерзімі кемінде 3 айға жарамды болуы тиіс.

Кедендік бақылау:

Төлемсіз кіргізуге болады: 4 литр шымырлайтын шарап (қызыл, ақ, қызғылт) және 16 литр сыра. Сондай-ақ, 1 литр күшті алкогольді ішімдіктер (22% жоғары) НЕМЕСЕ 2 литр алкогольді ішімдіктер (22% төмен).

Жеке тұлғалар алып кіретін ішімдіктер сорттары әр түрлі болуы мүмкін. Алайда, олардың саны рұқсат етілетін көлемнен аспауы тиіс. Мысалы, 0,5 литр күшті алкогольді ішімдіктер мен 1 литр аперитивті кедендік алымдар мен төлемдерсіз кіргізуге рұқсат етіледі. Бұл ереже шымырламайтын шарап пен сыраға, 200 темекі НЕМЕСЕ 100 сигарилла (3г/д. көп емес) НЕМЕСЕ 50 сигара НЕМЕСЕ 250г. табакқа қатысты емес.

Валюта: Арнайы кедендік декларация толтырусыз 10 000 еуро кіргізуге болады. (http://www.tulli.fi/ru/persons/Restrictions/index.jsp)

Кіргізу/шығару үшін тыйым салынған заттар:

Арнайы рұқсатсыз келесі заттарды кіргізу/шығаруға тыйым салынады:

- қару-жарақтар мен оқ-дәрі;
- есірткі, улы және радиоактивті заттар;

- жануарлар.

(http://www.tulli.fi/ru/persons/Restrictions/index.jsp)

Санитарлық бақылау:

ЕО-дан тыс елдерден ет пен сүт өнімдерін кіргізуге тыйым салынады.

Алайда, ана сүтінің орнына қолданылатын өнімдерді 2 кг. дейін, балалар тамағын 2кг. дейін, медициналық мақсатта берілетін арнайы тамақтарды 2 кг.дейін кіргізуге болады. (http://www.tulli.fi/ru/persons/Restrictions/index.jsp)

Фитосанитарлық бақылау:

Өсімдіктер мен олардың бөліктерін кіргізуге рұқсат берілмейді.

Ағымдағы кедендік шектеулер және ветеринарлық бақылау туралы толық ақпарат ФР Кеден қызметінің сайтында

(http://www.tulli.fi/ru/persons/Restrictions/index.jsp)

Ветеринарлық бақылау:

Үй жануарларын елге кіргізу барысында халықаралық үлгідегі егулер туралы мәліметі бар ветеринарлық сертификаты талап етіледі.

Ағымдағы кедендік шектеулер және ветеринарлық бақылау туралы толық ақпаратты ФР-дың шетелдегі мекемелерінен алуға болады.

(http://www.tulli.fi/ru/persons/Restrictions/index.jsp)

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп:

Финляндия қауіпсіз мемлекет болып саналады. Сонымен қатар, Еуропа мемлекеттеріндегі террористік қауіпті ескеріп, сақ болған абзал.

Қылмыс, әртүрлі аудандарға ахуал:

Жалпы криминогендік ахуал полиция бақылауында. Алайда, сақтық шараларын сақтау абзал.

Құқық қорғау органдары ұстаған жағдайда:

Құқықтық көмек үшін ҚР азаматтары Хельсинкидегі Елшіліктің консулдық бөліміне хабарласа алады.

тел: +358 9 4247 2048

моб: +358 44 945 6166

эл.пошта: helsinki-consul@kazembassy.fi

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Жолдардағы жылдамдық режимін сақтау қажет.

Автотрасса мен көшелердің басым көпшілігі автоматты бақылау камераларымен жабдықталған.

Тәуліктің кез келген уақытында Финляндияда көліктің жақын жарық шамы жағылуы міндетті.

Қыста (қараша-ақпан) қыстық дөңгелек (бүртаңбамен немесе онсыз) пайдаланылуы тиіс.

Бойы 135 см. аспайтын балаларды арнайы орындыққа отырғызу қажет.

Қалаларда жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге бөлек жолдар бар. Сондықтан, жол жүру белгілеріне мұқият болу керек.

Жанар май түрлері:

Октандық саны 95-ші және 98-ші бензин, дизельдік жанармай сатылады.

Жанармайдың бағасы шамамен 1 литрге 1,5 еуро.

Автотұрақтар:

Финляндияда автотұрақтардың басым көпшілігі ақылы. Автотұрақ пен уақытша тоқтауға рұқсат беретін белгілерге мұқият болу керек.

Арнайы рұқсатсыз үйлердің аулаларында көлікті қалдыруға тыйым салынады.

Финляндияның ірі қалаларында, зоналарға қарай, автотұрақ құны әртүрлі. Қала орталығында оның бағасы сағатына 2-4 еуро, ал 15 минутқа 1-2 еуро.

Жол салықтары:

Финляндия жолдарында ақы төлеу көзделмеген.

Міндетті сақтандыруды сатып алу тәртібі:

Финляндияға кіретін көліктерге қосымша салықтар мен төлемдер жоқ. Бірақ автомобилистің азаматтық жауапкершілігі жалпы қолданыстағы халықаралық полиспен («жасыл карта») кепілденуі тиіс.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Қазақстан жол жүру жөніндегі Женева және Вена конвенцияларына мүше. Сондықтан, қазақстандық жүргізуші куәлігін Финляндияда 2 жылға дейін пайдалануға болады (2 жылдан кейін жергілікті құжаттарды алу қажет).

Автомобильді сақтандыру:

Жекеменшік көлігіңіз болған жағдайда сақтандыру компаниясынан тиісті полис сатып алу қажет.

Финляндияда автомобильдер арнайы станцияларда техникалық бақылаудан өтіп, тіркелуі тиіс. Тіркеуді техникалық станциялардан басқа, сақтандыру компанияларында, автосалондарда және интернет арқылы жасауға болады.

Автокөліктерді жалға алу:

Барлық әуежайларда, темір жол станциялары мен автобус бекеттерінің көпшілігінде автокөлікті жалға беретін офистер бар.

Финляндияда 50 мыннан аса авто жалға берілетіндіктен, қалтаға қарай көлік таңдай аласыз. Өкілдік класс пен соңғы үлгідегі микроавтобустар жеткілікті.

Онлайн қызмет көрсетіледі. Көптеген ірі компаниялар клиенттердің жасы (18-22 жас) мен жүргізу стажына (1 жылдан 3 жылға дейін) қарай талаптар қояды.

Жол апатына түскен жағдайда кеңес:

Жолапат орнын тастап кетуге болмайды.

Жолапатына түскен күнде, жүргізуші 10 022 (бүкіл ел үшін бірыңғай нөмір) телефоны бойынша жол полицициясын шақыру және апат белгісін (қызыл үшбұрыш) қою міндетті.

Шұғыл көмек телефондары – полиция, жедел жәрдем, өрт – 112 (мобильді немесе басқа телефондардан елдің және қаланың кодысыз теріледі).

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Жалпы нормалар:

Қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынады. Финляндияда қоғамдық, оның ішінде, автобус аялдамаларында, оқу орындарында, сондай-ақ қоғамдық іс-шаралар өтетін жерде темекі шегуге болмайды.

18 жастан бастап жеңіл алкогольді ішімдіктер ішуге рұқсат беріледі. Күштілігі 10% асатын алкогольді ішімдіктер тек 20-дан асқандарға ғана қол жетімді.

Тұрғын үйлерде тыныштық сақтауға қатаң талаптар бар. 22.00-ден кейін маза алуға болмайды. Көп пәтерлі үйлерде кешке кір жууға тыйым салынады.

Әңгіме барысында сұхбатасты ұстауға, арқасынан қағуға, дауыс көтеру, сөзді бөлу, қол былғап сөйлеу ерсі болып саналады.

Сұхбаттаспен қол алысу, әдетте, алғашқы танысу кезінде орынды, содан кейінгі,кездесулерде бас изеп немесе ауызша амандасумен шектелуге болады.

Ресми немесе іскерлік этикетте қол алысу міндетті. Ханымдармен қол алыспау Cіз үшін ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін.

Іскерлік қатынастар этикетінде кездесуге кешігуге болмайды.

Жұмыс уақытынан кейін және түнде әріптестерге телефонмен хабарласу жергілікті халыққа жат. Шұғыл жағдайда смс хаттар жіберуге болады.

Бірнеше жыл бұрын офис қызметкерлері әтір-су пайдаланудан бас тартты. Бұл «таза ағза» ережесінен шыққан (өйткені, кейбір иістер басты ауыртуы немесе аллергия шақыруы мүмкін).

Телефон арқылы алдын-ала уақытты келісусіз қонаққа бару тұрпайы саналады.

Иттерге мұрындық кигізу және байлау міндетті.

Қызмет көрсету мен сауда саласында шайақы (қонақ үйлерде - 15%, мейрамханалар мен барларда жұмыс күндері - 14%, ал демалыс күндері - 15%) қоса саналады. Швейцарға шайақы ұстату қажеттілігі ескертіледі. Такси жүргізушілер, кезекшілер мен шаштарздарға шайақы беру міндетті емес.

Әртүрлі қылмыстарға көзделген жазалар:

Заңдардың орындалуын полиция қадағалайды.

Қылмыс жасаған күдікті адамдарды жазаға тарту, яғни айыппұл салу, ұстау және тұтқынға алу полиция еншісінде. Полиция талаптарына бағыну қажет. Полиция пара алмайды және күш қолданбайды.

Қажет болған жағдайда, полиция аудармашымен қамтамасыз етеді және бұл шығындарды көтереді. Тәртіп бұзылған жағдайда, айыппұл салумен шектелетіндікке қарамастан, олардың көлемі өте үлкен екенін ескергені абзал. Әр тәртіп бұзу жағдайында шартты айып-күндерде саналады. Мұндай айып-күндер сомасы жеке табысқа, қамқордағы адамдар санына байланысты.

Айыптар көбіне жылдамдық режимін бұзғаны үшін көзделеді.

Жылдамдығы 60 км/сағат шектеулі жолда 25 бірлікке тәртіп бұзған үшін 14 күн шартты күн айып салынады: Мысалы, жұмыссыздар үшін мұндай жағдайларда 115 еуро айып көзделеді (ең аз сома);

Айлық 3400 еуро және баласы болмаса 728 еуро немесе күніне 52 еуро айып;

30 жастаға орта статистикалық азаматтар үшін:

Айлық 3400 еуро және 3 баласы бар болса 602 еуро немесе күніне 43 еуро айып;

Айына кіріс 100 000 еуро болса 23 268 еуро немесе күніне 1 662 еуро айып төленуі тиіс.

Елдегі отбасы жөнінде заңнама:

Финляндияда отбасы ұғымына тек жақын туыстар кіреді. Яғни, ата-аналар мен балалар, мысалы, егер әжелер мен аталар, ата-аналар мен балалар бір пәтерде тұрса, ресми түрде ата-ана мен балалар бір отбасы, ал әжелер мен аталар жеке отбасы болып саналады.

Ерлі-зайыптыларда бала болмаған жағдайда да отбасы. Сондай-ақ, жалғыз ана немесе жалғыз әке жұбайысыз баламен бірге тұрса, ол да отбасы болып келеді.

Ерлі-зайыптылар қандай отбасылық қатынаста болуды өздері таңдайды: азаматтық неке, ресми неке немесе тіркелген отбасылық қатынас. Таңдау жасаған отбасылық қатынас меншік құқығына, ерлі-зайыптылардың өзара міндеттеріне, мұрагерлік, қамқоршы болу, сондай-ақ бала асырау мәселелеріне тікелей ықпал етеді.

Атап айтқанда, ерлi-зайыптылардың мүлігі некеде ортақ болып табылады.

Сонымен қатар, ата-аналар құқықтарынан баланың мүдделері басым. Жұбайлар некені бұзған жағдайда, бала әкесі не анасымен қалуды таңдай алады.

Елде мүлікті сатып алу туралы шетелдіктер үшін Жергілікті заңнама:

Шетелдік азаматтар жылжымайтын мүлікті, оның ішінде, кәсіпорындар мен олардың акцияларын еркін түрде сатып алуға құқылы.

Сонымен қатар, шетелдік азаматтардың жылжымайтын мүлікті ұзақ және қысқа мерзімді жалға алуға, мұрагерлік немесе сыйға тарту жолымен алуға құқығы бар.

Жекеменшік құқық негізінде 180 күн ішінде 90 күнге дейін Шенген визасы беріледі.

Бизнесмендер компаниясының жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш жасай алады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алған кезде, сатып алушы оның иесі болады.

Финляндияда жылжымайтын мүліктің иесін және оның мұрагерін меншік құқығынан айыру мүмкін емес.

Финляндияда меншік құқығы Конституциямен қорғалады. Ерекше жағдайлар заңнамада қарастырылған. Бұл тек мемлекеттік немесе муниципалдық билік органымен сатып алынатын жағдайға қатысты. Бірақ, бұл жағдайда, мүлік оның толық құны бойынша сатып алынуы тиіс.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіп, әдеттегі аурулар:

Финляндия жұқпалы аурулар тұрғысынан қауіпсіз. Ауыр сырқаттар өте сирек кездеседі.

Әдетте маусымдық аурулар, яғни тұмау мен респираторлық вирустық инфекциялар жеткілікті.

Финляндияда мектептер мен медициналық консультацияларда вакциналау кең тараған. Соның көмегімен қызылша, полиомиелит, шошқаборық пен қызамық сияқты аурулардың алды алынған.

Денсаулық сақтау қызметінің ерекшеліктері:

Финляндияның барлық тұрғындарының базалық стационарлық және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек алуға құқығы бар.

2014 жылдың қаңтар айынан бастап, ЕО директиваларына сәйкес, 6 айдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасасқан үшінші елдердің шетелдік жұмысшылары медициналық көмек алуға тең құқылы.

Бұл ереже үшінші елдерден келген шетелдік студенттерге қатысты емес.

Денсаулық сақтау қызметін ұйымдастыру муниципалды сектордың құзыретінде.

Егер Сізде қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін алуға құқығыңыз жоқ болса, ақылы жекеменшік клиникаларға жүгінуіңізге болады. Денсаулық сақтау қызметтері мемлекеттік қызметтерден әлде қайда қымбат.

Денсаулық сақтау саласында фин және швед тілдері қолданылады. Сондай-ақ, ағылшын тілін білу көмек болуы мүмкін. Егер осы тілдерде сөйлей алмасаңыз, дәрігерге жазылу кезінде аудармашы сұраттыруға болады.

Дәрігер қабылдауына жазылғаннан кейін, оған уақытылы бару маңызды. Дәрігер қабылдауына бара алмайтын болсаңыз, алдын-ала ескерту қажет. Дәрігер қабылдауына жазылып, бармасаңыз, онда айыппұл төлейсіз.

Егулер:

Финляндияға кіру үшін егулер талап етілмейді.

95%-дан астам балалар вакциналау бағдарламасы бойынша екпе алады.

65 жастан асқан, жұқтыру қаупі жоғары топтарға гепатит пен тұмауға қарсы егулер мақсатты түрде жасалады.

Медициналық сақтандыру:

Финляндияның барлық тұрғындарында медициналық сақтандыру бар.

Сонымен қатар, Финляндияда кем дегенде төрт ай жұмыс істейтін барлық қызметкерлер мен кәсіпкерлер медициналық сақтандыру алуы қажет.

Медициналық сақтандыру дәрігермен белгіленген дәрі-дәрмектер, жеке дәрігерлер алымдары, сондай-ақ анализ бен емдік процедура шығындары құнының бір бөлігін өтейді.

Сауқтыруға арналған жәрдемақы күнедлікті емдеу деңгейін қатамасыз етеді. Өтемақыны Kela төлейді (мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру ұйымы). Сонымен қатар, медициналық сақтандыру қорынан ана және әке жәрдемақысы белгіленеді.

Финляндияда уақытша тұратындарға жалпыеуропалық медициналық сақтандыру картасын сатып алу ұсынылады.

Шұғыл медициналық көмек:

Финляндияда тұрғылықты мекен жай болмаса да, төтенше жағдайларда медициналық қызмет көрсетіледі.

Емдеу шығындары артынан төленеді.

Шұғыл ветеринарлық көмек:

Финляндияда ветеринарлық клиникалар жақсы жабдықталған. Үй жануарларына қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік климат:

Финляндияда басқа ел азаматтарына қандай да бір бизнес жүргізуіне заңдық шектеулер жоқ.

Компания ашуға ниет білдірген ТМД елдерінің тұрғындары үшін бір ғана шектеу бар - Финляндияда қалуға арнайы рұқсат алу.

Жаңа келген кәсіпкерлер Финляндияда бизнес жүргізу мәселелері бойынша арнайы курстар өтуіне болады. Елде 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан консалтингілік компаниялар (TE бюросы және ELY орталығы) бар.

Қажетті телефондар:

Жедел жәрдем, полиция мен төтенше қызмет телефоны - 112.

Финляндия коды — 358, Хельсинки — 9.

Басқада жайлар:

Такси. Таксидің құны - километрге, сондай-ақ күткен уақыт үшін тарифке сай алынады. Дәстүр бойынша, таксиге отыру үшін 12 еуро сыйақы алынады. Жолақы құны жолаушылар саны мен тәулік уақытына байланысты.

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар дүкендерінің жұмыс уақыты.

Күнделікті тұтыну тауарлар дүкендері жұмыс күндері 08.00-10.00 бастап 19.00-21.00 дейін, сенбі күні 18.00-ге дейін, жексенбі күні 12.00-ден 15.00 – 16.00-ге дейін ашық.

Хельсинкиде 22.00-ге дейін, ал сирек жағдайларда 23.00 дейін жұмыс істейтін дүкендер бар.

Электр желісіндегі кернеу 220—240 В. Финляндиядағы розеткалар «еуропалық» стандартқа сәйкес.

Қала орталығы, темір жол, автовокзалдар мен әуежай, көлiк байланыстарының қашықтығы:

Вантаа әуежайы қала орталығынан 20 км.қашықтықта орналасқан.

Әуежайдан қала орталығына таксимен (40-50 еуро), сондай-ақ Хельсинк орталық темір жол вокзалына (30 минутта) жетуге болады.