Ресми атауы:

Украина

Астанасы:

Киев

Ресми тілі:

украина

Территориясы:

Ел территориясы конституциясының құрылымы шегінде 603 549 км² құрайды, ол Еуропа территориясының 5,7%-мен және дүние жүзінің 0,44%-мен сәйкес келеді (ауданы бойынша дүние жүзінде 44 орында, ал Еуропадағы мемлекеттер арасында 1 орында. Украина территориясы

Халық:

Украинаның мемлекеттік қызмет статистикасының осы жылдың 1 шілдедегі деректері бойынша елде 42 488 512 адам тұрады.

Уақыты:

Украина территориясы елдің барлық территориясы шегінде бірдей уақыттағы EET (UTC+2, жаз кезеңінде- UTC+3) деп аталатын бір сағаттық аймақта орналасқан. Уақыт белдеулік уақыт сияқты қойылады, сонымен қоса қосымша жылдық сағат тілін ауыстыру орын алады, наурыздың соңғы жексенбісінде 03-00-де 1 сағат алға және қазанның соңғы жексенбісінде 04-00-де 1 сағат артқа ауыстырылады. Қазіргі кезде Украина сағаттық белбеу уақытын қолданады, қыс кезеңінде UTC (UTC+2) уақытынан +2 сағатқа және мәскеулік уақыттан (MSK-1) -1 сағатқа айырмашылығы бар

Мерекелік және демалыс күндері:

1,2 қаңтар – християндық жыл санау бойынша Жаңа жыл (григорияндық күнтізбе бойынша анықталады);

7 қаңтар – Иса Пайғамбардың туған күні (юлиандық күнтізбе бойынша анықталады);

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

1,2 мамыр – Халықаралық еңбекшілер ынтымақтастығы күні;

8 мамыр – Еске алу және достасу күні;

9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғысындағы нацизмға қарсы Жеңіс күні;

28 маусым – Украинаның Конституция күні;

24 тамыз – Тәуелсіздік күні;

14 қазан – Украинаның қорғаушылар күні

Валютасы:

Гривна

Климаты:

Украинаның барлық территориясында қоңыржай континенттік климат. Орташа жылдық ауа температурасы солтүстігінде +6-+7 С-тан, оңтүстігінде +12..+13°С-қа дейінгі шаманы құрайды. Температуралық жағдайы бірқатар ауытқулармен сипатталады. Сондай-ақ, ауа температурасы қаңтар айында –2-ден –7,5 С-қа дейін; шілде айында +19-дан +23 С-қа дейін ауытқулайды. Қара және Азов теңіздерінің орташа су температурасы +15°С.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Авиабайланыс: «Киев-Астана», «Киев-Алматы», «Киев-Ақтау»

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық сұрақтар:

Қазақстан Республикасы мен Украина арасында 2002 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметімен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімі қолданылады.

Бір Тарап мемлекетінің азаматтары шетелге жол жүру үшін жарамды құжаттарының негізінде баратын мемлекеттің мемлекеттік шекарасын бірінші рет кесіп өткен күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күнге дейінгі мерзімде екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, транзитпен өте алады, кете алады және бола алады.

Егер мұндай болу мерзімі екінші Тарап мемлекетінің аумағына бірінші рет келген күнінен бастап бір жүз сексен (180) күн ішінде тоқсан (90) күннен аспайтын болса, оларда осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кірген кезде шекаралық бақылау органдарының белгісі қойылған көші-қон карточкасы болған жағдайда, бір Тарап мемлекетінің азаматтары өзара негізде осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына құзыретті органдарда тіркелуден босатылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары Украинаға келесі құжаттар арқылы кіре алады:
- дипломаттық паспорт;

- қызметтiк паспорт;

- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

- теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);

- әуе кемесi экипажы мүшесiнiң куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда);

- Қазақстан Республикасына қайта оралуына арналған куәлік (Қазақстан Республикасына қайта оралу үшiн ғана).

Кәмелет жасқа толмаған азаматтар жеке жол жүру құжаты арқылы немесе ата-анасының паспортына жазылу жолымен бірге сапар шегуі мүмкін. Шекараны өту барысында тұлғаларда баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы және екінші ата-анасының баланың шетелге шығуына нотариалды түрде куәландырылған келісімі болу қажет.

Егер Украина аумағында 90 күннен астам уақыт болуды жоспарласыңыз, онда Украина аумағына кіру үшін тиісті санаттағы визаны ашып, Украинаға келген аралықта ықтиярхат (уақытша немесе тұрақты) рәсімдеуге болады.

Виза Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде – Астана қаласындағы рәсімделеді (кедендік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін виза рәсімделмейді).

Визалар келесі санаттарға бөлінеді:

транзиттік («В» түрі, рұқсат ету мерзімі 5 күнге дейін);

қысқа мерзімді («С» түрі, рұқсат ету мерзімі алғаш кіру күнінен бастап 180 күн аралығында 90 күннен аспауы қажет);

ұзақ мерзімді («Д» түрі, Украина аумағында 90 күннен астам уақыт аралығында болуға немесе тұруға құжаттарды рәсімдеу мақсатында беріледі).

Визаны рәсімдеу мерзімі – 15 күнтізбелік күн (30 күнтізбелік күнге ұзартылуы мүмкін).

Уақытша немесе тұрақты тұру ықтиярхатын рәсімдеу Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметінің өңірлік мекемелерімен немесе бөлімшелерімен жүзеге асырылады.

Ықтиярхат Украинаға келесі мақсаттарда келген тұлғаларға рәсімделуі мүмкін:

жұмыс,

оқу;

отбасымен бірігу;

дін оқыту;

халықаралық және өңірлік волонтерлік бағдарламаларға қатысу мақсатында мәдени, ғылыми, білім беру қызметін жүзеге асыру;

жетелдік БАҚ өкілі немесе тілші болып жұмыс істеу.

Украина аумағында болу мерзімі кей жағдайларда Мемлекеттік көші-қон қызметінің өңірлік мекемелерімен немесе бөлімшелерімен ұзартылуы мүмкін

Украинаның кейбір аймақтарына кіру ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты төменде көрсетілген сілтемелерден таба аласыз.

http://www.kmu.gov.ua/control/uk/cardnpd?docid=248222450, информация о получении разрешения: http://dmsu.gov.ua/posluhy/dokumentuvannya-inozemtsiv/3262-otrimannya-spetsialnogo-dozvolu-dlya-v-jizdu-do-krimu)

http://www.sbu.gov.ua/sbu/control/uk/publish/article?art_id=136476&cat_id=135945)

Паспорттың жарамдылығы:

Паспорттың қолданылу мерзімі жоспарланып отырған елден қайту уақытынан 3 айдан бұрын аяқталмауы тиіс.

Паспортта кемінде 2 таза бет болуы тиіс.

Құжат 10 жылдан астам уақыттан артық болмауы тиіс.

Кедендік бақылау:

Валютаны кіргізу/шығару

1.Ауызша түрде декларациялаған жағдайда – тұлғаның жас ерекшелігіне қарамастан қолма-қол ақшаны кіргізу/шығару соммасы 10 000 еуродан аспауы тиіс.

2.Міндетті түрде қағаз түрінде декларациялаған жағдайда (валюта соммасы ауызша декларациялау жағдайында көрсетілген мөлшерден жоғары болса) - тұлғаның жас ерекшелігіне қарамастан қолма-қол ақшаны кіргізу/шығару соммасы бір тұлғаға 10 000 еуродан жоғары болуы мүмкін (банкттердегі ( қаржы құрылымдары) есепшоттардан қолма-қол ақшаны алғанын растайтын құжат болған жағдайда). Украина аумағына жалпы мөлшері 10000 еуродан жоғары сомманы кіргізіп, оны қайтадан Украина аумағынан шығаруға негіз кедендік декларация және клиенттің есепшоттан қолма-қол ақшаны алғанын растайтын құжат болып табылады.

Толық ақпарат келесі сілтемелерде:

http://zakon3.rada.gov.ua/laws/show/z0571-02

http://sfs.gov.ua/baneryi/mitne-oformlennya

Кіргізуге/шығаруға тыйым салынған заттар:

Кеден шекарасы арқылы өтуге тыйым салынады:

1.Қатты әсер ететін, улы, радиоактивті, жарылғыш қауіпті заттар, адамның, жануарлардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті және зиянды т.б. заттар;

2.Соғысты, зұлымдықты, порнографияны, нәсілдік, этникалық және діни араздықты насихаттайтын, Украинаның конституциялық құрылысын күштеп құлатуға шақыратын әдеби және көркем шығармалар, полиграфиялық және басқа да баспа өнімдер, кино-, фото-, аудио- және бейнематериалдар;

3.Есірткі заттар;

4.Іздестіру жарияланған мәдени құндылықтар және т.б. заттар.

Толық ақпарат келесі сілтемеде: http://sfs.gov.ua/baneryi/mitne-oformlennya)

Санитариялық және фитосанитариялық бақылау

Санитариялық және фитосанитариялық бақылауға келесі кіреді:

Өсімдіктер және оның тұқымдары;

Кептірілген жеміс пен жаңғақтардың барлық түрлері;

Жеміс-жидектердің, көкөністердің және тұқымдардың барлық түрлері;

Ағаш материалдар және өңделмеген сүрек;

Мал жем-шөбі және үй жануарларының азықтары;

Жүк тасымалданатын құрал.

Толық ақпарат келесі сілтемеде:

http://www.vet.gov.ua/

Ветеринарлық бақылау

Ветеринарлық бақылауға келесі тауарлардың топтары кіреді:

Ет және балық өнімдері;

Су және жануар текті түрлі өнімдері.

Толық ақпарат келесі сілтемеде:

http://vet.in.ua/menu/legislation.php?id_article=794

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп:

Украинаның Қауіпсіздік қызметі 4 деңгейлі (қызыл – нақты қауіп, сары – ықтимал қауіп, көк – әлеуетті қауіп, сұр - ықтимал қауіп) Украина аумағындағы лаңкестік қауіпті белгілеген.

Толық ақпарат келесі сілтемеде:

https://urp.ssu.gov.ua/

Қылмыстылық:

Украинаның Бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, егер 2000 жылдары Украинада жасалған қылмыстардың саны азайса, онда 2014-2016 жылдары тонау, пәтер ұрлығы, көлік ұрлығы (кейбір аймақтарда екі есе), қасақана дене жарақатын салу күрт артты. Негізгі себептері: елдің шығысындағы әскери жанжал, елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы.

Сонымен қатар, атыс қаруын және жарылғыш заттарды қолдану жолымен жасалған қылмыстардың саны айтарлықтай азайып отыр.

Сондай-ақ, аталған мәселелерді ескере отырып, Украинаның әр түрлі өңірлеріндегі орта көрсеткіш бір-бірінен ерекешеленетінін назарға алу қажет.

Елдің түрлі өңірлеріне сапар шегу:

Аса қажет болмаған жағдайда, Донецк және Луганск облыстарына, сондай-ақ АР Қырымға сапарларыңызды тоқтата тұруларыңызды жөн санаймыз. Украинаның басқа өңірлеріне сапар шегу қауіпсіз болып табылады.

АР Қырымға кіруге қажет болған жағдайда Украинаның Министрлер кабинетімен бекітілген № 367 Тәртібімен танысуларыңызды сұраймыз. Аталған тәртіптің толық нұсқасы келесі сілтемелерде:

http://www.kmu.gov.ua/control/uk/cardnpd?docid=248222450,

http://dmsu.gov.ua/posluhy/dokumentuvannya-inozemtsiv/3262-otrimannya-spetsialnogo-dozvolu-dlya-v-jizdu-do-krimu

Донецк және Луганск облыстарының кейбір өңірлеріне кіру қажет болған жағдайда, сілтемеде көрсетілген ақпаратпен міндетті түрде танысып, қажетті рұқсатты алдын-ала рәсімдеуді сұраймыз.

http://www.sbu.gov.ua/sbu/control/uk/publish/article?art_id=136476&cat_id=135945

Құқық қорғау органдарының өкілдері ұстап алған жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

Полиция қызметкерінің онымен бірге жақын жерде орналасқан полиция бөлімшесіне бару туралы талабына келесіні ескеру қажет:

  • 1)қызметтік куәлігін көрсетуді талап ету;

2) міндетті түрде ұстау негізін анықтау. Егер мұндай негіздеме болмаған жағдайда - полиция қызметкерінің онымен бірге жақын жерде орналасқан полиция бөлімшесіне бару туралы талабынан бас тарта аласыз, себебі Сіз заңсыз талаптарды орындауға міндетті емессіз;

3) хабарлау қажет деп санайтын тұлғаларды, сонымен қатар ҚР Украинадағы Елшілігін дереу хабардар етуді талап ету;

4) полиция бөліміне жеткізілген жағдайда – ұсталғандар үшін жауапты қызметкерден талап ету:

а) ұсталғандар мен жеткізілгендер кітабындағы жазбаларды;

б) ұсталғанға қатысты барлық әрекеттерді, соның ішінде басталу және аяқтау уақытын, бұл іс-әрекеттер орын алғанда оған қатысқан тұлғаларды көрсете отырып жазуды қамтамасыз етуді;

в) тиісті медициналық көмек көрсетуді және ұсталған тұлғаның денсаулық жағдайы нашарлағанда немесе қандайда бір дене жарақаты орын алғанда медициналық қызметкермен бұл мәселелерді белгілеуді;

5) ұсталған немесе тұтқынға алған (қамауға алу) сәттен бастап заңгердің (қорғаушы, адвокат).

Белгілі бір жағдайлар орын алғанда Украинаның ІІМ сенім телефонын (044) 256-0333, (044) 256-1633 пайдаланған жөн.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Украинаның жол жүру ережесіне соңғы өзгертулер «күндізгі көлік шамы» деген ұғым енгізілді. 1 қазаннан бастап 1 мамыр аралығында елді мекендердің шегінен тыс жерлерде міндетті түрде күндізгі уақытта көліктер күндізгі шамды жағып жүрі қажет.

12 жасқа дейінгі және бойы 145 см төмен балаларға көліктің алдынғы орындарында арнайы қондырғысыз отыруға тыйым салынады.

Жанармайдың негізгі түрлері:

Украинада этилдендірілмеген бензин (92, 95 және 98) және дизель отыны пайданылады. Кейбір жанармай бекеттерінде 80 октандық санды бензин кездеседі. Газ бекеттері де бар.

Жанармайлардың орнаша бағалары:

  • A-80 — UAH 19.76 (€ 0.726)
  • A-92 — UAH 22.33 (€ 0.820)
  • A-95 — UAH 23.06 (€ 0.847)
  • A-98 — UAH 24.15 (€ 0.887)
  • ДО — UAH 20.55 (€ 0.755)
  • Газ — UAH 12.22 (€ 0.449)

Көлік тұрақтары:

Украинада ақылы көлік тұрақтарын пайдалану барысында бірыңғай ереже қолданылады. Украинаның үлкен қалаларында көлік қоятын орын табу проблема болып табылады. Көліктерді арнайы белгіленген орындарға қоймаса, айыппұл салынады.

Көлік жолдарын пайдаланғаны үшін салық төлеу:

Украина аумағындағы көлік жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу қарастырылмаған.

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Сақтандырылған көлік жүргізушісінің кесірінен ЖКО орын алғанда үшінші тұлғаның мүлкіне, денсаулығына немесе өміріне зиян келтірілгеннен азаматтық жауапкершілікті сақтандыруға болады.

Міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (ОСАГО) полисінің құны көліктің түріне байланысты.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Халықаралық және ұлттық жүргізуші куәліктері қолданылады.

Көлік құралдарын сақтандыру:

Украинаның заңнамасына сәйкес көлік иелеріне міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (ОСАГО) міндетті болып табылады.

Украина аумағында көлік құралдарын сақтандыру полисінсіз пайдалануға тыйым салынады.

Көлік құралдарын жалға алу:

Украинада Avis, Budget, Europcar, Hertz және т.б. жалпы әлемдік белгілі жалға беру компаниялары қызмет көрсетеді.

Жол көлік оқиғасы орын алған жағдайда Сіздің әрекетіңіз:

Жол көлік оқиғасы орын алған жағдайда шұғыл түрде полицияға 102 телефонына хабарласып, болған жағдай туралы хабарлау қажет. Сонымен қатар, сақтандыру компанияларына да хабарласу қажет. Қажет болған жағдайда 103 телефоны арқылы жедел жәрдем шақыруға болады.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Жүріс-тұрыс нормалары:

Жалпыға ортақ

Түрлі қылмыстар үшін жазалар:

Әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық үшін келесі жазалар қолданылады:

1) ескерту жасау;

2) айыппұл салу;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;

5) арнаулы құқықтан айыру;

6) түзеу жұмыстарына тарту;

7) қоғамдық жұмыстарға тарту;

8) бас бостандығынан айыру;

9) бас бостандығын шектеу;

10) қамауға алу.

Украинада өлім жазасы қолданылмайды.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіпті аурулар:

Күн радиациясы аса жоғары болғандықтан, қорғаныш кремдерін қолдану ұсынылады

Медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері:

Заңнамаға сәйкес Украина азаматтары үшін барлық медициналық қызметтер тегін негізде көрсетіледі. Шетелдік азаматтар жедел медициналық көмек алу үшін сақтандыру полистері болуы жөн.

Екпе жасау:

Дифтерияға қарсы екпе жасау ұсынылады.

Медициналық сақтандыру:

Украина заңнамасына сәйкес Украинаға келуші шетел азаматтарында жедел медициналық көмек көрсету жағдайында сақтандыру полисі болуы тиіс.

Жедел медициналық көмек:

Жедел медициналық көмек азаматтыққа қарамастан барлығына бірдей көрсетіледі. Бұдан арғы госпитализация және медициналық процедуралар үшін қаржы немесе сақтандыру полисі қажет болуы мүмкін.

Шұғыл ветериналық көмек:

Шұғыл және жоспарлы ветеринарлық көмек ақылы негізде көрсетіледі.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік климат:

Украинаның іскерлік климат көрсеткіші (-1-ден +1-ге дейінгі межелік бойынша есептегенде) 2015 жылғы қорытынды бойынша 0,01-ге тең.

USAID ЛЕВ бағдарламасының аналитикалық компоненті үйлестірушісінің ақпараты бойынша индекс нөлге жақын деңгейде бірақ жағымды жазықтықта.

2014 жылғы төртінші тоқсан жағдайы бойынша Орталық және Шығыс Еуропаның 21 мемлекеті ішінде Украинада іскерлік климат индекс көрсеткіштері өте нашар екені байқалды.

Пайдалы телефондар:

Киевтің ақпараттық анықтамалық қызметтері:

Өрттен қорғау: 101

Милиция: 102

Жедел жәрдем: 103

Апаттық «Киевгаз»: 104

Нөмірлер ұсынылатын анықтамалық қызмет: 109

Дәл уақыт қызметі: 121

Ауа-райы болжамы: 122

Милицияның арнайы күзет орындары: 126

Салық әкімшілігі: 127

Төтенше жағдайлар мәселелері бойынша ГУ кезекші диспетчерлік қызмет: 128

Ақпараттық анықтамалық қызмет: 170

Украинаның елді мекендерімен сөйлесуге тапсырыс алу: 171

Елді мекендермен сөйлесу бойынша анықтамалық тапсырыс қызметі: 172

Автоматты халықаралық байланыс кодтарының анықтамалық қызметі: 173

Қонақ үйлерден сөйлесуге тапсырыстар алу: 174

Поштаны жеткізу қызметі: 175

Жергілікті телефондық байланыс қызметтері туралы анықтама: 176

Арнайы қызметтердің автоматты түрде жауап қайтару қызметі: 178

Жедел жәрдемнің анықтамалық қызметі: 1503

Орталықты автоматтындырылған жөндеу бюросы: 1508

Толық емес мәліметтер бойынша жергілікті байланыс телефондары туралы анықтамалық қызмет: 1509

КСУ Киевтің байланыс орталығы: 1551 (веб-сайты: http://1551.gov.ua/)

Киевтің қалалық анықтама бөлімі: 1553

Медициналық жәрдем көрсету: 1555

Анықтамалық қызметі мен билеттер тапсырысы: 1556

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлмесі (су жүргізетін, канализациялық және электрлік жүйелерді пайдалану бойынша кәсіпорындар) мәселелері бойынша ақпараттық-авариялық диспетчер бөлімі, барлық апаттар үшін жалпы авариялық қызмет: 1557

Автоматика және байланыс, таксиге тапсырыс беру қызметі: 1558

Шет тілдердегі ақпараттық-анықтамалық қызмет: 1559

Киевгорсправка: 1561

Автомобильдерді сату бойынша анықтама: 1562

Таксофондарды жөндеу бюросы: 1564

Жеделхаттарды несиеге алу қызметі: 1566

Медициналық қызметтер: 1580

Су жіберетін жүйлердің авариялық қызметі: 1581

«Здоровье» анықтамалық-ақпараттық қызметі: 1583

Әуе тасымалы қызметі (сонымен қоса әуе билеттер тапсырысы): 1585

Лифттердің авариялық қызметі: 1586

Электр желілердің авариялық қызметі: 1588

Қозғалысты ұйымдастыру қызметі, авариялық қызмет: 1589

Орталық автовокзал (проспект Науки, 1): 527-99-86

Темір жол вокзалының тәуліктік анықтама бөлімі (площадь Вокзальная, 1): 309-70-05

«Борисполь» аэропортының анықтама бөлімі: 393-43-71

«Киев» (Жуляны) аэропортының анықтама бөлімі: 585-72-54

Билеттерді онлайн-брондап қою және сатып алу: booking.uz.gov.ua

Басқа:

Киев қаласы әкімшілік қызметінің орталық веб-порталы – барлығына арналған қызмет реестрі (категория бойынша): http://ac.dozvil-kiev.gov.ua/

Кез келген тақырыптар бойынша ойға салу: http://podskazok.net/poleznyie-telefonyi/informatsionno-spravochnye-sluzhby-kieva.html

Украина бойынша саяхаттарды ұйымдастыру: http://www.liktour.com.ua/index.php

Киевте қоғамдық көліктің жүйесі айтарлықтай дамыған:

http://www.44.ua/transport сайтында қажетті бағытты жалғастырып, ең ыңғайлы қоғамдық көлікті табуға болады.

Киевтің негізгі қоғамдық көлігі – метро.

Киевтік метрополитен ұзындығы 67,7 км болатын үш тармақтан тұрады. Олар қаланың 10 ауданын байланыстырады. Метрополитен тек жер астымен ғана өтпейді. Элетропоездың жолдары Днепр өзенінің көпірлері арқылы екі рет өтеді. Бағасы: 4 грн./0,15 долл.

Киевтік трамвай – бұл көлік негізінен қаланың жайлы аудандарында жинақталған. Днепрдің екі жағында да трамвайлық бағыттар бар, бірақ олар өзенді кесіп өтпейді, яғни бір-бірінен дербес қызмет атқарады.

Астана көшелеріне күнделікті троллейбустық парктердің жылжымалы құрамының 400 бірлігі жолға шығады. Троллейбус, трамвай және автобустың жол ақысы: 3 грн./0,11долл.

Киевтің түнгі бағыттарының бағасы: 10-15 гривен (түнгі бағыттардың жол ақысы күндізгіге қарағанда 2-3 есе артық).

Киевтің түнгі бағыттарының кестесі: киевтік қалалық түнгі көліктердің жұмыс уақыты шамамен: 23:00-ден 02:00-ге дейін, немесе 23:00-ден 06:00-ге дейін.

Такси: 1 км үшін таксимен жол жүрудің бағасы шамамен:

Қала орталығынан, темір жол, автобустық вокзал және аэропорттан алшақтық туралы көліктік хабарлама:

«Тәуелсіздік Майданы» алаңы – «Борисполь» аэропорты, арақашықтығы 44,7 км., жолдың болжамды уақыты 1 с. 14 мин. (тікелей қоғамдық көлік жоқ).

«Тәуелсіздік Майданы» - алаңы

«Орталық» темір жол вокзалы, арақашықтығы 3,5 км., орталық автовокзал да сол жерде орналасқан. 114 автобуспен немесе метромен жетуге болады.

Темір жол вокзалынан «Борисполь» (KBP) аэропорт бағытында №322 автобус жүреді.