Ресми атауы:

Түрікменстан

Астанасы:

Ашғабат

Ресми тілі:

Түрікмен, ұлтаралық тіл — орыс.

Территориясы:

491 200 км². Орталық Азия мемлекеті. Оңтүстікте Ауғанстан және Иранмен, солтүстікте Қазақстан және Өзбекстанмен шектеседі, Батыста Каспий теңізі бар, әлемдік мұхитқа тікелей жол байланысы жоқ. Ірі қалалар: Түрікменбашы, Дашоғыз, Мары және Түрікменабат.

Халық:

Ресми деректер бойынша, ел халқы 6,9 млн. Соның ішінде: қала тұрғындары – 47%, ауыл тұрғындары – 53%. Басты дін – суниттік ислам, 12 православиелік қауымдар бар.

Уақыты:

Сағаттық белдеу UTC+5. Астана мен Түрікменстан уақыт айырмасы -1 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

12 қаңтар – 1881 жылғы Геоктепе жанындағы шайқас құрбандардың еске алу күні
27 қаңтар – Отанқорғаушылар күні;
19 ақпан – Мемлекеттік ту күні;
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
21, 22 наурыз – Наурыз;
9 мамыр – Жеңіс күні;
18 мамыр – Жандану, бірлік және Мақтымқұлы Фраги поэззиясының күні;
6 қазан – 1948 жылғы Ашғабат жер сілкінісінің құрбандарын еске алу күні;
27, 28 қазан – Тәуелсіздік күні;
12 желтоқсан – Бейтараптылық күні;
21 желтоқсан – Түрікменстанның Бірінші Президенті Сапармұрат Ниязовты еске алу күні.

Валютасы:

Манат

Климаты:

Күрт құбылмалы, қуаң. Шілденің орташа ауа-райы +31,5 °С, қаңтардың +2,5 °С (Ашғабат). Ел аумағының басым бөлігін Қарақұм шөлі алып жатыр.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазақстанмен көлік қатынасы: «Туркменховаёллары» әуекомпаниясы тұрақты түрде аптасына 2 рет (жұма және жексенбі күндері) Қазақстанмен Ашғабат – Алматы бағытында әуетасымалын жүзеге асырады. Тікелей теміржол жолаушылар тасымалы жүзеге асырылмайды.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық сұрақтар:

2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келісімі.

Жарамды қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иеленушілері екі мемлекеттердің аумақтарына визасыз 30 күнге дейін кіре алады.

Атырау және Маңғыстау облыстарында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары ұлттық паспорттың иеленушілері Түрікменстанның Балқан велаятына визаны рәсімдемей 5 күнге дейін Қазақстан Республикасының жеке басын анықтайтын куәлікпен кіре алады.

Түрікменстанның Балқан велаятында тұрақты тұратын Түрікменстан азаматтары ұлттық паспорттардың иеленушілері және паспортта Түрікменстанның жоғарыда аталған велаятында тіркелу туралы белгінің болуы Қазақстан Республикасының Атырау және Маңғыстау облыстарына визаны рәсімдемей 5 күнге кіре алады және уақытша тұра аладаы.

Визаны беру және мерзімдердің ұзартылуы

Қазақстан Республикасының азаматтары Түрікменстан аумағына Түрікменстанға кіру туралы визасы арқылы кіре және бола алады. Кіру туралы визаны рәсімдеу үшін, шақырушы тарап (заңды немесе физикалық тұлғалар) Түрікменстанның Мемлекеттік көші-қон қызметіне арызданады.

Түрікменстан аумағынан тыс Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы;

Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Астана қ., 010000, Отырар көш.8/1 орналасқан, тел. 8(7172) 210882

Алматы қаласындағы консулдық бөлімі 050000, Фурманова көш., 137 тел.: +7(727) 272-69-22

Ақтау қаласындағы консулдық бөлімі 130000, 15 шағын ауданы, 51 үй «Самал» тел.: +7(7292)42-23-00

Туристік визаны алу. Түрікменстанға туристік сапарды азаматтар түрікмен туроператорлары арқылы жүзеге асыра алады:

ГТП «Лебапсыяхат» - Турікменабат қ., Бейтарап Түрікменстан көш. 106. Тел.: (993422)1-76-92;1-76-93, факс: 1-76-94;

ИП «Овадан-сыяхат» - Ашғабат, Азади көш.65.
Тел.:(99312)93-07-48,факс: (99312) 93-04-86;

ИП «Даг Сыяхат» - Ашғабат, Азади 69 көш.
Тел.:(99312)93-25-59. Факс (99312) 93-16-43;

ИП «Харыт Сыяхат» - Ашғабат, Азади көш. 72. Тел.: 93-79-05. факс: 93-81-79;

ГП «Сыяхат» қонақ үйі - Ашғабат, Кероғлы көш, 139/1.Тел.: (99312) 34-40-33.факс. (99312) 34-40-71;

ГП «Сыяхат» қонақ үйі - Ашғабат, Азади көш. 72. Тел.: 93-79-05. факс: 93-81-79;

ХО «Аян» - Ашғабат, Турікменбашы көш. 81.

Тел.: (99312) 22-05-03.факс (99312) 22-16-14;
ГТП «Ашхабадсыяхат» - Ашғабат, Ғарашсызлық көш. 76.

Тел.:(99312) 21-05-56; 21-05-58. факс (99312) 21-05-61; 21-06-40;

ГТП «Дашогузсыяхат» - Ташауыз, Азатлық көш, 88

Тел./факс: +(993 322) 2-40-15, +(993 322) 2-40-16, +(993 322) 2-40-17

e-mail: info@dashoguztourism.com

ГТП «Мары» - Мары, А.Ниязов даңғ, 42
Тел.: +(993 522) 4-50-40, +993 (522) 4-50-36, +993 (522) 4-57-87
Факс: +(993 522) 4-41-22
e-mail: marysyyahat@yandex.ru

Транзиттік визаны алу.Транзиттік визалар Түрікменстанның дипломатиялық өкілдіктерінде барлық қозғалыс бағдары бойынша жол жүру құжаттары және кіру визасын алуға кедергі келтірмейтін негіздер болған жағдайда ала алады Туристік виза арқылы Түрікменстанға келген шетел азаматтарын қабылдаушы туристік ұйым Түрікменстанның Туризм және спорт мемлекеттік комитеті органдарында тіркейді.

Паспорттың жарамдылығы:

Кіруі жарамды паспорттар негізінде жүзеге асырылады.

Кедендік бақылау:

Спирттік ішімдіктер мен темекі.Түрікменстан аумағына 3 литрден аспайтын алкогольді өнімдерді және 40 данадан артық емес темекіні әкелуге болады.

Зергерлік бұйымдар мен құнды заттар.Сынамалы таңбалар жоқ зергерлік бұйымдарды, құнды заттарды мен асыл тастарды және олардың жартылай фабрикаттарды әкелуге болмайды.

Валюта. 2015 жылғы 15 желтоқсан күнге Түрікменстанның кеден қызметі қолда бар валютаны елге әкелуге және әкетуге 10 мың АҚШ долл. шектейді. 10 мың АҚШ долл. асатын қолда бар валюта міндетті түрде мағлумдалуға жатады.


Шығаруға/кіргізуге тыйым салынған заттар:

Шығаруға тыйым салынады:
- ара және жылан уы, мумия, прополис;
- мия тамыры, мия тамырының экстраты және олардың жартылай фабрикаттары;
- тірі қара мал, үй құстары, ет және ет өнімдері;
- Түрікменстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктері мен жануарлары;
- «Түрікменхалы» компаниясының тиісті рұқсаты жоқ кілемдер және кілем өнімдері.

Кіргізуге тыйым салынды:

- қару, оқ-дәрі, әскери техника және арнайы толымдалушы өнімдер мен материалдар;

- жарылғыш заттар;

-ядролық материалдар;

-иондаушы сулелерді шығаратын көздері;

- қару және әскери техниканы жасайтын технологиялар мен материалдар;

- пиротехникалық өнімдер (фейерверк (бенгал от шашу және шақпақ, майшам және шырақ) петарда, тапанша);

- есірткі заттар, психотроптық заттар, прекурсорлар, оларды дайындау және пайдалану технологиялары;

- у және улы заттар;

- күші жойылған құнды қағаздар;

- жазба белгілер (этикетки) шөлмектің тығыны және басқа да алкогольді өнімдердің орау материалдары.

Санитарлық бақылау:

Жұқпалы аурулардан егі туралы сертификаттың қажеттілігі жоқ.

Фитосанитарлық
бақылау:

Ветеринарлық бақылау:

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп:

Жоқ

Қылмыскерлік:

Төмен деңгейінде

Елдің түрлі аудандарына бару:

Режимдік объектілер мен аймақтар бар

Құқық қорғау органдармен ұсталған жағдайда сіздің әрекеттеріңіз:

Біріншіден, Сізді ұстаған құқық қорғау органдарымен ынтымақтасу керек. Ұстағаннан кейін шетелдік құқық қорғау органдары қазақстандық дипломатиялық өкілдікті ұстау фактісі және себебі туралы хабардар етуі міндетті. Осыдан кейін консулдық туыстарыңызбен тікелей байланыса алады және сізге қатысты болу елінің қылмыстық-процессуалдық кодекстің орындалуын қадағалап отырады. Құқық қорғау органдарынан қазақстандық дипломатиялық өкідіктерінің қызметкерлерімен кездесуді ұйымдастыруды талап етуге құқығыңыз бар.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктері:

Түрікменстанда оң жақтағы қозғалыс.
Жол қозғалысының ұлттық ережелері халықаралық талаптарға сай келеді. Қалалардағы жылдамдық режимі — 60 сағ/км

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жиі-жиі жол ережелерінің бұзып отырады.

Жанармайдың негізгі түрлері:

Бензиннің негізгі түрлері: АИ-92 (90 тенге) и АИ-95 (1 манат).

Автомобильдер тұрақтары:

Үлкен сауда орталықтары жанындағы тұрақтар тегін

Жол салығын төлеу міндеттілігі:

Жол салықтары негізгі магистральдерінде қолданылмайды.

Сақтандыру полисін алу тәртібі:

Түрікменстанға сыртта тіркелген автокөлік құралдармен келген тұлғалар сақтандырылады, егер бұлар:
- Түрікменстанмен расталған халықаралық сақтандыру құжаттары бар болған жағдайда;
- «Туркменгосстрах» агенттігі мен автокөлік құралдарын тіркеуші мемлекеттің сақтандыру ұйымдары арасындағы екіжақты келісімдерге сәйкес, міндетті сақтандыру шартқа қол қойған жағдайда.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану:

Қазақстанның ұлттық жүргізуші куәлігін пайдалануға болады.

Автомобльді сақтандыру:

Барлық автокөлік құралдары сақтаныдырылуы қажет.
Түрікменстанға келген шетел азаматтарында халықаралық сақтандыру құжаттары болуы керек.

Автокөлік құралдарын жалға алу:

Кеңінен қолданылмайды

Жол апаты кезіндегі әрекетіңіз:

Қазақстанда жол апаты болған жағдайдағы әрекетіңіз сәйкес болуы қажет.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Тұрақты мінез-құлық нормалары:

Қалаларда халық зайырлы өмір сүреді,

Жергілікті тұрғындардың шетелдіктерге қатынасы толерантты болып табылады.

Елдегі ережелерді сақтау, заңдарды құрметтеу, басшылық өкілдеріне жағымсыз сипаттағы көз қарасын жарияламау, адамдармен әдепті болуы қажет.
Далада және қоғамдық орындарда темекіні шегуге және спирттік ішімдіктерді, сыраны қосқанда, ішуге тыйым салынған. Бұны ресторандар мен кафелерде істеуге болады. Түрікменстанда туыс-тайпалық қарым-қатынастар сақталып қалуда. Атлған фактор өмірдің көптеген жақтарында орын алады: мысалы неке қыю кезінде. Қазіргі кезде Түрікменстанда ең ықпалды туыс-тайпалық бірлестіктердің бірі – теке болып табылады. Түрікмен қоғамында басты орынды ер адамдар алып жатыр. Сондықтан да Түрікменстанда «патриархалды» отбасылар кеңінен таралған. Ерекше қадірлеушілікке және талассыз беделге ақсақалдар ие (қариялар, жасы үлкен адам).

Түрлі қылмыстар үшін жазалау:

Түрікменстанда Қазақстан азаматы түрікмен заңнамасын (қазақстандық заңнамаға ұқсас) орындау қажет.

2016 жылғы 14 қыркүйектегі Түрікменстанның конституциясына сәйкес, өлім жазасы алынып тасталды.

Отбасылық заңнама:

Түрікменстанның Отбасы кодексімен реттеледі.

16 жасынан бастап некелесуге болады. Түрікменстан азаматтарына шетел азаматтарын 18 жасынан бастап некелесуге болады.

Шетел азаматтармен жеке меншікті алу заңнамасы:

Түрікменстанның «Шетел азаматтардың құқықтық мәртебесі» туралы заңына сәйкес, шетел азаматтары бір тұрғын үйді және басқа да меншікті иелене алады, Мұраға алу және өсиет ретінде қалдыруға құқығы бар.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіпі, аурулар:

Жалпы Түрікменстан қалаларында санитарлық-эпидемиялық ахуал қанағаттандырылған.
Алайда, ыстық ауа-райын ескере отырып, қатал түрде жеке гигиенаны сақтау қажет.
Жеміс-көкөністерді антисептик-сабынмен жуу міндетті түрде қажет.

Әсіресе, шөл аудандарында, мамыр – қазан айлары аралығында сақтық шараларын қолдану қажет.
Аталған маусымда шөлдерде шағуы өлімге әкелетін улы жыландар (көлбаржылан, кобра, эфа) және жәндіктермен (бүйе, құршаян) қапталып жатыр.

Медециналық көмек көрсету ерекшеліктері:

Шетел азаматтары үшін медециналық қызметтер ақылы, бірқатар жеке клиникалар бар.
Медециналық қызметтердің деңгейі, қалаларға қарағанда, облыстарда және ауылдық мекендерде төмен.

Егу:


Елге кіру үшін егу қажет етілмейді.

Медициналық сақтандыру:

Елге кіру үшін Қазақстан азаматтарына медициналық анықтамалар қажет етілмейді.

Жедел медициналық жәрдем:

Ашғабатта және Түрікменстанның басқа қалаларында жедел медициналық жәрдем жүйесі қызмет етуде.

Жедел ветеринарлық жәрдем:

Қалаларда жоқ.

Қосымша мәліметтер:

Іскерлік ахуал:

Телефондар:

Басқалар:

Қоғамдық көліктердегі жүру бағасы (қала автобустары) — 1 манат, такси (әрбір жеке автомобиль) — 3-5 манат.

Орташа деңгейдегі ресторандарда ас ішу. Түскі ас (жеңіл тамақ, біріншісі, екіншісі, бокалдағы қызыл шарап) бір адам үшін 60–80 манат тұрады.

Орташа деңгейдегі қонақүйлеріндегі нөмірлер. Бірорынды 75—85 АҚШ долл. люкс, жартылайлюкс — 150 АҚШ долл. және одан әрі жоғары.

Дүкендердің жұмыс уақыты. 08.00 - 21.00 сағ, ірі сауда орталықтары — 09.00 - 22.00 сағ.
Ашғабаттағы базарлар 08.00 - 19.00 сағ жұмыс істейді. Ресторандар және кафелер қонақтарды 23.00-ге дейін қабылдайды. «Түнгі өмір» түсінігі жоқ.

Ұялы байланыс. Түрікменстан аумағында 2 негізгі операторлар қызмет етеді – «Алтын Асыр» компаниясы мен ХО МТС.
Шетел азаматтары аталған операторлардың сим-карталарын сатып ала алады. Сим-карталардың рәсімденуі компаниялардың орталық офистерінде жүзеге асырылады.
Қазақстандық операторлар KCell, Activ, Beeline роумингте жұмыс істей алады. 2G, 3G и 4GLTE қолданылады.

Банкоматтардың болуы және кредиттік карталардың таратылуы. Ресми түрде елде халықаралық төлемдер жүйелері қызмет жасауда, алайда, сауда және қызметтер көрсету салаларындағы, тауарларды және интернет арқылы билеттерді сатып алған кезде банк карталардың қолданылуы шектелуде. Ашғабатта банкоматтар үлкен сауда орталықтарында және ірі банктердің өкілдіктерінде ғана бар. Қала сыртында қолма-қол ақша болуы тиіс.

Интернет. Интернет-қызметтер жалғыз интернет-провайдермен - Туркментелекоммен Dial up және ADSL технологиялар арқылы және бірнеше тарифтік жоспарлармен көрсетіледі, алайда, жылдамдығы мен интернет-байланысының сапасы төмен деңгейінде болып отыр.
Интернетке ұялы телефон арқылы GPRS/ADGE, 3G и 4G LTE қосылуға болады.
Қалада бірқатар интернет-кафелер бар. Жеке басын анықтайтын құжаттармен ғана кіруге болады.

Теміржол, автокөлік вокзалдарының және әуежайлардың қала орталығынан алыстығы:

Теміржол вокзалы мен халықаралық әуежай қалада орналасқан.