Ресми атауы:

Оман Сұлтандығы

Астанасы:

Масқат

Ресми тілі:

Араб тілі, сондай-ақ ағылшын тілі кең қолданылады

Территориясы:

309,5 мың шаршы метр. Біріккен Араб Әмірліктерімен (солтүстік-батысында), Сауд Арабиясымен (батысында) және Йеменмен (оңтүстік-батысында) шекаралас. Масира өзері мен Даманият және Халаният екі архипелагын қоса алғанда, жағалау жиегінің ұзақты

Халық:

4.4 млн. адам. Елде Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінен (үндістандықтар, бангладештіктер, пәкістандықтар, филиппиндіктер және тағы басқалар) шыққан көптеген шетелдік еңбек мигранттары (жалпы халық санының 45 пайызын құрайды) тұр

Уақыты:

Уақыт белдеуі UTC+ 4. Оман мен Астана арасындағы уақыт айырмашылығы -2 сағат.

Мерекелік және демалыс күндері:

Омандағы ресми демалыс күндері — жұма мен сенбі. 18 қараша – Ұлттық күн. Мұсылман ай күнтізбесіне сәйкес Эйд-әл-Фитр ( Ораза айт), Эйд-әл-Адха (Құрбан Айт), Лейлат аль-Миғраж немесе Исра уаль-Миарадж (Мұхаммед Пайғамбарға зиярат ету күні), Миляд ан-Наби немесе Мәуліт (Мұхаммед Пайғамбардың туған күні), мұсылман жаңа жылы (Мұхаррам айының 1 күні) тойланады.

Валютасы:

Бір омандық риал 1000 байсаға тең (1 омандық риал 2.6 американдық долларды құрайды).

Климаты:

Жаздағы орташа ауа температурасы – +45-50 градус, қыста - +28 градус. Бір жыл ішінде ел аумағында біркелкі бөлінбейтін орташа жылдық жауын-шашын мөлшері Маскатта 100 мм. құрайды.

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Қазақстанмен тікелей көлік байланысы жоқ. Транзитпен БАӘ (Абу-Даби, Дубай), сондай-ақ Ыстамбұл арқылы ұшыға болады.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:


Қазақстандық азаматтар үшін Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде алдын-ала виза рәсімдеу қажет. Омандық виза беру мәселесі Оман Сұлтандығының Ішкі істер министрлігі құзыретінде. Визалық ережелер туралы толық ақпаратты Оман полициясының - Royal Oman Police — ресми сайтынан www.rop.gov.om. табуға болады.

Бұдан басқа, омандық визаны әуежайда келу бойынша алуға болады. Бұл үшін қабылдаушы омандық тарап Оман полициясында визалық қолдауды алдын-ала ресімдеу қажет.

Паспорттың жарамдылығы:

Паспорттың қолданылу мерзімі жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем болмауы тиіс.

Кедендік бақылау:

Жеке пайдалануға арналған 2 литр алкогольді ішімдік пен 300 темекі әкелуге рұқсат етіледі.

Елге қару еңгізуге тыйым салынған.

Елге атыс қаруын, суық қаруды, травматикалық, газды қаруды, соның ішінде пейнтбол және страйкбол мылтығын қоса алғанда, сондай-ақ су асты аң аулау аңшы мылтығын еңгізуге қатаң тыйым салынған.

Баспа және бейнематериалдар порнография немесе Оман қоғамының негіздеріне нұқсан келтіретін ақпарат тұрғысынан тексерілуі мүмкін.

Кіргізуге/шығаруға тыйым салынған заттар:

Оманға есірткі мен психотроптық заттарды тасымалдауға тыйым салынған.

Санитарлық бақылау:

Азық-түлік тексеру үшін тәркіленуі мүмкін.

Фитосанитарлық бақылау:

Әкелінетін өсімдіктер тексеру үшін тәркіленуі мүмкін

Ветеринарлық
бақылау:

Жануарлар карантиннен өтуі тиіс.


Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп:

Оман - әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі.

Қылмыс:

Қылмыс деңгейі төмен, ұрлық жағдайлары сирек кездеседі.

Елдің әртүрлі аудандарына бару:

Ел бойынша жүріп-тұру шектелмеген, табиғи қорықтарды қоспағанда, елдің барлық аудандары туристердің келуіне ашық.

Сіздің құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған жағдайдағы іс-әрекеттеріңіз:

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі болу еліндегі Қазақстан азаматтарына консулдық қорғауды жүзеге асырады.

Консулдық қорғауды тиімді пайдалану үшін, қазақстандық дипломатиялық өкілдіктердің байланыс телефондарын, сондай-ақ шетелдіктің құқықтары мен міндеттерін, болу елінің көші-қон заңнамасын білу тиіс, қоғамдық тәртіпті бұзбауы қажет. Сізді құқық қорғау органдары ұстаса, бірақ Сіз өзіңізді кінәлі деп санамасаңыз, ең алдымен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жанжалдасудан бас тарту қажет.

Талап етілетін барлық түсініктемелерді беріңіз, бірақ құқықтарыңызды бұздыртпауға дайын болыңыз. Мысалы, егер әңгіме білікті аудармашысыз өтсе, және Сіз білмейтін тілде толтырылған хаттамаға қол қоюды мәжбүрлесе, Сіз басқа жолмен, яғни қол қойылатын бетте атап айтқанда "Мәтін маған аударылмады. Мазмұны маған түсініксіз. Елшілік қызметкерлерімен кездесуді ұсыну туралы өтінішім қараусыз қалдырылды. Күні. Қолы" жазба-ескертпе қалдыра аласыз. Екі жағдайда да хаттама кейінірек шетелдік азаматтың құқықтары осы немесе басқа да бұзушылықтар туралы куәлік, дәлелге айнала алады.

Ерекшеліктер:

Отынның негізгі түрлері:

Автотұрақ орындары:

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Автокөлік құралдарын жалға алу:

Жол-көлік апатына ұшыраған жағдайдағы сіздің іс-әрекеттеріңіз:

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктер:

Омандағы жол қозғалысы он жақты. Қаладағы рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы - 50-60 км/сағ, қала сыртындағы жолдарда - 100-120 км/сағ. Омандағы жол ережесі өте қатаң - қауіпсіздік белдіктері тағылуы тиіс, жылдамдықты асыруға және ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған. Жол қоғалысы бірқатар жерлерде стационарлық радарлармен және полиция бекеттері тарапынан бақыланады.

Отынның негізгі түрлері:

Жанармайдың екі түрі бар: жоғары октанды (мумтаз) және қалыпты (ади), шамамен қазақстандық АИ-95 және АИ-92 сәйкес келеді.

Автотұрақ орындары:

Елді мекенде ақылы және тегін автотұрақтар бар.

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Жол салығын төлеудің қажеті жоқ

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Міндетті сақтандыру полисін сақтандыру компаниялары ресімдейді.

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Қазақстандық жүргізуші куәлігі Оман аумағында мойындалмайды

Автомобильді сақтандыру:

Автокөлікті сақтандыру жүйесі қазақстандық жүйеге ұқсас: (Third part) азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру және (allrisks) ерікті сақтандыру бар.

Автокөлік құралдарын жалға алу:

Автокөлікті жалға алу үшін қажет:

- кредиттік карта (300-400 USD қайтарылынатын депозитімен алмастырылуы мүмкін),

- халықаралық жүргізуші куәлігі,

- жүргізуші 21 жастан ересек болуы тиіс,

- жүргізу стажы - бір жылдан кем емес (жүргізуші куәлігі берілген күнінен бастап есептеледі).

Жол-көлік апатына ұшыраған жағдайдағы сіздің іс-әрекеттеріңіз:

Кез келген, тіпті кіші-гірім жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда, жол полициясын шақыру қажет. Оман заңнамасы ЖКО қатысушыларының полицияның келуіне дейін автомобильдердің орналасуын, тіпті жүру жолына бөгет жасаған жағдайда да, өзгертуге тыйым салады. Сақтандыру ақысын алу үшін полиция хаттамасы қажет болады. Егер ауыр көлік оқиғасы болса, тәуелсіз куәгер табуға тырысыңыз.

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан мінез-құлық ережелері:


Мемлекеттік дін - ибадит бағытындағы ислам. Елде басқа да діни ұстанымдарға құрметпен қарайды.

Қоғамдық орындарда әйелдерге ашық немесе тығыз киім мен қысқа белдемшелер киюден, ал еркектерге - қыска шалбар немесе жеңсіз көйлек киюден бас тартқан жөн. Омандықтар туристердің жергілікті ұлттық киім киюін оншалықты жақтыра бермейді, ешкім ашығынан қарсы болмағанымен, сән үшін "араб" болып киіну әдепке жатпайды. Мұсылман еместерге мешітке кіруге тыйым салынған (тек ел астанасындағы Сұлтан Қабус мешітіне шектеулі түрде кіруге рұқсат етіледі).

Түрлі қылмыстар үшін берілетін жазаның түрлері:

Жеке басқа тіл тігізу, көлікті мас болып немесе куәліксіз жүргізгені үшін шетелдік туристерге айыппұл салынуы және олар бірнеше тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Болу елінің отбасылық заңнамасы:

Отбасы заңнамасы шариғат ережелеріне сәйкестендірілген.

Шетелдіктердің ел аумағынан жылжымайтын мүлік сатып алуының жергілікті заңдарда қарастырылуы:

Шетелдіктердің Оманның белгілі бір аудандарында жылжымайтын мүлік сатып алуына мүмкіндік бар.

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіпті аурулар:


Оманда гигиена ережелері қатаң сақталады, сондықтан тіпті шағын кафелерде де тамақтанудан қауіптенудің қажеті жоқ.

Медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері:


Қажет болған жағдайда медицина орталықтарының біріне жүгінуге болады, алайда қызмет көрсету бағасы өте қымбат. Осыған байланысты, елде медициналық сақтандыру жүйесі кең дамыған.

Егу:

Екпе жасауға талап етілмейді

Медициналық сақтандыру:

Барлық туристік жолдамамен кіргендерде медициналық сақтандыру бар. Медициналық көмек алу тәртібі сақтандыру полисінде көрсетілген.

Жедел медициналық көмек:

Кезек күттірмейтін жағдайлар үшін жалпы телефон (полиция, жедел жәрдем және т. б.) - 9999.

Жедел ветеринарлық көмек:

Елде ветеринарлық клиникалар жұмыс істейді.

Қосымша мәліметтер:

Бизнес климат:

Оман Сұлтандығы нарықтық экономикасы бар ашық ел болып табылады. Елде дамыған инфрақұрылым және жақсы ұйымдастырылған банк секторы бар. Елде шетелдік капитал салынған жобарларға жеңілдетілген салық салу жүйесі қолданылады, бірқатар жағдайларда олар жеңілдік кезеңінде салықтардан толық босатылуы мүмкін.

Қажетті телефондар:

Авиакомпаниялар:

Emirates: +986 24-40-44-44

Etihad Airways: +986 24-82-35-00

Oman Air: +968 24-531-111

Flydubai: +968 24-76-50-91/92/93

TurkishAirlines: +968 24-76-50-71/72

Шұғыл жағдайларда:

Оман полициясы: +968 24-56-93-92

Khoula ауруханасы: +968 24 56 04 55

AlNahda ауруханасы: +24 83 78 00

A' Seeb денсаулық орталығы: +968 24-45-04-94

Басқалар:

Теміржол, сапаржайлардың және әуежайдың қала орталығынан қашықтығы, олармен көлік қатынасы:

Маскат Халықаралық әуежайы қаладан 30 минуттай қашықтықта орналасқан. Руви ауданында автобус стансасы орналасқан, онда сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріне баратын қалааралық автобустар бар.