Ресми атауы:

Норвегия (Норвегия Королдігі)

Астанасы:

Осло қаласы

Ресми тілі:

Норвег

Территориясы:

385,2 шаршы км. (Шпицберген архипелагымен, Ян-Майен аралымен қоса)

Халық:

5,304 млн. адам

Уақыты:

Ортаеуропалық. Сағат кестесі UTC+2 (жазғы уақыт). Уақыт айырмашылығы - +4 сағат (жазғы уақыт), +5 сағат (қысқы уақыт). Жазғы уақытқа көшу - наурыздың соңғы жексенбісі 1.00 түні, керісінше қазанның соңғы жексенбісі 1.00 түні

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар- Жаңа жыл

27 наурыз - Пасха

1 мамыр - Еңбек мерекесі ( Еңбек күні)

17 мамыр Норвегияның Конституция күні (Ұлттық мереке) мая

23 маусым – Қасиетті Ханс түні

24 желтоқсан- Норвегиядағы Сочельник

25 Желтоқсан - Рождество

Валютасы:

Норвегиялық крона

Климаты:

Баяу континентальды. Ең суық ай - қаңтар, ол айда түнгі температура -15 -17 °C құрайды, күндізгі -6 -7°C. Ең жылы ай– шілде, ол айда түнгі температура +7 +10°C, күндіз - от +17 до +18°C.

Қиыр солтүстікте климат субарктикалық. Ең суық ай - ақпан, орташа температура -22 °C құрайды, Ең жылы ай– шілде, ол айда түнгі температура +6°C, күндіз+18°C

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Астана және Алматыдан Ослоға көліктік қатынас Мәскеу, Копенгаген («Аэрофлот»), Амстердам («Скандинавиялық әуе жолдары»), Франкфурт, Вена («Британдық әуе жолдары»), «KLM», «Люфтганза») және Стамбұл («Турецкие авиалинии») арқылы жасалады.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Қазақстан азаматтары Норвегияға келу үшін Астанадағы Литваның Елшілігіне немесе Алматыдағы Литванын Бас консулдығына шенгендік визаны алу үшін жүгінулері тиіс. Нақты ақпаратты мына сайттардан алуға болады. http://urm.lt/almata/ru/ и https://kz.mfa.lt/kz/ru/

Төлқұжаттың негізділігі:

Шенгендік визаны алу үшін, құжаттарды тапсырған кезде, ҚР азаматының төлқұжаты сұратылған визаның аяқталуына дейін кем дегенде 3 ай бойы нақты болуы тиіс, төлқұжаттың нақтылығы алынған күннен 10 жылдан аспауы тиіс, визаны жапсыру және шекаралық белгілер үшін екі беті таза болуы тиіс

Кедендік бақылау:

Орыс тілінде ережелермен мына сайттан көруге болады http://www.toll.no/en/l/languages/ru/kontroll-russisk/

Норвегияның кедендік қызметінің телефоны +47 22 86 03 12

Әкелуге/әкетуге рұқсат етілмейтін заттар

Орыс тілінде ережелермен мына сайттан көруге болады http://www.toll.no/en/l/languages/ru/reise-russisk/

Санитарлық бақылау:

Орыс тілінде ережелермен мына сайттан көруге болады http://www.toll.no/en/l/languages/ru/reise-russisk

Фитосанитарлық бақылау:

Орыс тілінде ережелермен мына сайттан көруге болады http://www.toll.no/en/l/languages/ru/reise-russisk

Ветеринарлық бақылау:

Орыс тілінде ережелермен мына сайттан көруге болады http://www.toll.no/en/l/languages/ru/reise-russisk

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Лаңкенстік қауіптер

Норвегиялық биліктің этносаралық және дін аралық қатынастардың мәселелерін шешу негізінде, елде ұлтшылдық бағыттағы элементтер арқылы жағдайдың қиындауы байқалады.

Мысалы, Норвегиялық Үкіметтің көші-қон саясатымен келіспеген ұлтшыл-протестанттық фундаменталист А.Брейвик 2011 жылдың 22 шілдесінде Ослоның орталығында лаңкестік әрекеттер жасады, (НК Үкіметінің ғимаратын жарды) және Утойя аралында Норвегиялық еңбек партиясының жастар лагеріне шабуыл жасады, нәтижесінде 77 адам қаза тауып, 319 адам жарақат алды. А.Брейвик аталған қылмыстарды жасағанын мойындады, алайда өз қателігін мойындаған жоқ. (2012 жылдың 24 тамызында 21 жылға бас бостандығынан айырылды).

Қылмыс:

Ұлттық заңдарды иммигранттар орындағылары келмегенімен, этникалық жастар арасында қылмыстың өсуімен қатар, Норвегияда халық көп шоғырланған жерлерде бұзақылықтың және ұрлықтың жалпы өсімі байқалады. Келушілер теміржол станцияларында, әуежайларда, жергілікті тарихи орталармен сауда орындарында әсіресе абай болулары керек

Елдің әртүрлі аудандарында болу:

Келушілерге Ослоның астаналық«Греннлан» ауданымен қоса қылмыс жоғары қалалық жерлерде болу ұсынылмайды.
Норвегиялық полицияның телефоны: 112 немесе 226-690-50 (жедел көмек), сонымен қатар 02800

Құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекеттеріңіз:

+47 22420640 телефон арқылы бірден Елшілікпен хабарласыңыз, немесе полиция қызметкерлерінен дипломаттардың бірімен тікелей хабарласуды сұраңыз. Оларда жұмыстан тыс сағаттарда қолжетімді Норвегиядағы дипломатиялық корпустың дипломаттарының тікелей телефон нөмірлері бар. Норвегиялық полиция өз кезегінде, шетел азаматтарына қатысты Норвегиядағы кез келген оқиғалар / аварияларға байланысты тиісті шетелдік мекемелерге хабардар етуге міндетті

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктер

Электрлік автокөлік кеңінен қолданылады. Іс жүзінде автомобильдердің осы санаты үшін барлық жерде тегін зарядтағыш және автотұрақ бар. Электрлік автокөлік иелеріне, сондай-ақ такси мен автобустарға арналған арнайы желілеріді пайдалануға рұқсат етілген

Жанар-жағармайдың негізгі түрлері

Дизель, бензин. Норвегиялық қоғамдық жолдары басқармасынан қосымша ақпаратты http://www.vegvesen.no/en/Home сайтынан табуға болады.

Автотұрақтар

Көлік құралдарын «Р» белгісімен арнайы орындарда ғана қоюға болады. Белгіде көрсетілген тұрақ сомасына және уақытына ерекше назар аудару керек.

Жол салығын төлеу қажеттілігі

Норвегиялық қоғамдық жолдары басқармасынан қосымша ақпаратты http://www.vegvesen.no/en/Home сайтынан табуға болады.

Міндетті сақтандыру полисін сатып алу тәртібі

Норвегияда автокөлікті сақтандыру міндетті болып табылады. Толығырақ http://www.vegvesen.no/en/Home сайтының «Сақтандыру және салықтар» бөлімінде танысуға болады

Қазақстанның жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі

Норвегиялық заңға сәйкес, шетелдік жүргізуші куәлігіне қосымша, шетелдіктер норвегиялық жүргізу курстарын өтуге және елде жүргізу үшін сертификат алуға тиіс. Толығырақ http://www.vegvesen.no/en/Home сайтынан табуға болады.

Автокөлікті сақтандыру

Норвегияда автокөлікті сақтандыру міндетті болып табылады. Толығырақ http://www.vegvesen.no/en/Home сайтының «Сақтандыру және салықтар» бөлімінде танысуға болады

Көлік құралдарын жалға алу

Норвегияда әуежайларда немесе арнайы компаниялардың кеңселерінде көлік құралдарын жалға алуға болады. Мысалы, «Hertz» автокөлікті жалға беру қызметін көрсететін ең көп таралған компания болып табылады.

Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда сіздің іс-әрекеттеріңіз

Норвегияда, әрбір жүргізушінің автокөлігі жол-көлік оқиғасына байланысты арнайы формалар толтырылған және тараптар қол қойған соң одан кейін жөндеуді жабу үшін сақтандыру компаниясының мекен-жайына жіберіледі. Ымыраға келе алмаған жағдайда, полиция шақырылып, жол-көлік оқиғасын белгілеп, тараптардың кінәсі туралы шешім қабылдайды. Полицияның телефоны 02800 112

Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Мінез-құлықтың белгіленген нормалары

Норвегияда тазалықты, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаны бағалауды (селективті қалдықтарды жинау бойынша контейнерлер орнатылған) жақсы көреді.

Қоғамдық орталарда шектен тыс эмоционалдық білдіру әдетке жатпайды. Қоғамдық орталарда басқаларға құрметпен қарап, ұстамды болуы тиіс балаларды ұрып-соғып, айыптау мүмкін емес,.

Негізгі ережелер арасында: ұқыптылық, міндеттеме және тәртіп, өз мүмкіншілігін пайдалану мүмкін емес, бай адамдар қарапайым киініп, жеңіл және ашық қарым-қатынас ұстанады. Мақтаншақтық – иммигранттарға тән.

Әр түрлі құқық бұзушылықтар үшін айыппұлдар

Норвегияға келген шетел азаматтары елдің ұлттық заңнамасына бағынулары тиіс. Норвегиялық заңды бұзғаны үшін салынатын айыппұл ретінде: депортациялау, тұтқындау немесе түрмеге отырғызу қолданылуы мүмкін. Кез келген нысанда алкоголь ішу, маскүнемдік және төбелес, және жыныстық қудалаушылық бойынша ауқымды айып салынады, темекі шегу тек тағайындалған жерлерде рұқсат етілетінін де білу керек. Есірткі құралдарын және психотроптық заттарды сақтау, пайдалану және тасымалдау үшін қатаң айыппұлдар қолданылады.

Елдің Отбасы туралы заңнамасы

Отбасында баланың позициясын реттейтін заң, оның ішінде олардың ата-аналарының ажырасқаннан кейін, балалар және ата-аналар туралы «Lov om barn og foreldre» (barnelova) (https://lovdata.no/dokument/NL/lov/1981-04-08-7/KAPITTEL_6#§30). Заң болып табылады.

Екі ата-ана да бала қатысты құқықтарға ие және ажырасқаннан кейін, алдында туған немесе үйленгеннен соң бала дүниеге келген болса. Егер ата-аналары бірге өмір сүрмейтін болса, онда олар бала кіммен өмір сүруіне байланысты, жазбаша түрде келісім жасасуға уағдаласа алады. Келiсiм болмаған жағдайда, ата-анасының бірінің бала құқықтарын қолдау жөніндегі шешімді сот қабылдайды.

Елде мүлікті сатып алу туралы шетелдіктер үшін жергілікті заңнама

Норвегияда жылжымайтын мүлік сатып алу, жеке және заңды тұлғалар тұратын болмаса немесе тіркелмеген болса, және соңғы бес жылда тұрмаған болса, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін концессия туралы заң негізінде, «Lov om konsesjon ved erverv av fast eiendom» (konsesjonsloven) https://lovdata.no/dokument/NL/lov/2003-11-28-98 НК Әділет министрінің рұқсатымен жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау:

типтік аурулардың денсаулыққа қауіпі

Норвегиядағы типтік аурулар - қан айналымы жүйесінің аурулары, қатерлі ісік, өкпе және тыныс жолдарының аурулары.

Медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері

Елдің азаматтары және босқындар үшін шұғыл медициналық көмек, Норвегияда ішінара тегін (пациент медициналық қызмет көрсетудің құнының шамамен 10% төлейді). Тек осы санаттағы тұлғалар үшін қызмет көрсету, сондай-ақ тегін емдеуге жатқызу, оның ішінде одан әрі мамандандырылған емдеу және күтім тегін.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін іскерлік немесе демалыс сапарымен Норвегияға келген жағдайда медициналық сақтандыру талап етіледі.

Маңызды дәрі-дәрмек сатып алу кезінде дәрігердің рецепті талап етіледі.

Егулер:

Норвегияда эпидемиологиялық жағдай дұрыс жолға қойылған.

Медициналық сақтандыру

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін іскерлік немесе демалыс сапарымен Норвегияға келген жағдайда медициналық сақтандыру талап етіледі.

Жедел медициналық көмек

Жедел медициналық көмек

телефоны: 113.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін іскерлік немесе демалыс сапарымен Норвегияға келген жағдайда медициналық сақтандыру талап етіледі.

Төтенше ветеринарлық көмек

Елде норвегиялық Ветеринарлық қауымдастығының қамқорлығымен, (http://www.vetnett.no/english) жануарларға жедел медициналық көмек көрсететін ветеринарлық клиникалар желісі бар.

Қосымша мәліметтер:

Бизнес-климат

Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, Норвегия бизнес ортаға жеңілдігі бойынша әлемде алтыншы орында (http://www.doingbusiness.org/rankings)

Толығырақ:

http://www.doingbusiness.org/data/exploreeconomies/norway

Қосымша ақпарат

Осло кең қоғамдық көлік желісі бар. Метро және паром шығындары барлық көлік түрлерінің, қоса алғанда, ай сайынғы билет 650 кронаны (100АҚШ долл.) құрайды. Қаланы аралау үшін бір рейске арналған билет (алдын ала сатып алынған болса) сағатына 32 кронаны, ал автобус / трамвай жүргізушісінен тікелей сатып алынса 50 кронаны құрайды.

Такси. 1 км үшін таксидің шамамен бағасы:

(дүйсенбі - жұма) кезінде 22 норвег кронасы 06.00 -17.00 сағатқа дейін;

26 крона: кешкі және түнгі уақытта (дүйсенбі - бейсенбі) 17.00 -06.00 дейін, жұма күні 17.00-ден 22.00-ге дейін, сенбіде, 06.00-ден 22.00-ге дейін ал жексенбі күні 06.00- 06.00 сағатқа дейін.

30 крона: жұма - жексенбі күндері 22.00-ден 06.00 дейін

34 крона - мереке күндері 00.00-ден 24.00 дейін.

Аталған баға - төрт санаттағы: 4, 8, 12 және 16 орынды таксилерде қолданылады.

Осыған қосымша, алдын ала заказ, отырғызу, 13 минуттан кейін, 8км қашықтықты өткеннен кейін және жергілікті (Осло) мөлшерде алым алынады.

(Http://www.oslotaxi.no/oslo-taxi-ring-02323-eller-bruk-taxifix/hovedmeny/priser)

Орта мөлшердегі мейрамханада түскі ас. Орта мөлшердегі мейрамханада түскі ас бағасы алкогольсіз шамамен 300 кронаны (50 АҚШ доллары) құрайды.

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар дүкендерінің жұмыс уақыты. Азық-түлік дүкендері жұмыс күндері 07:00 ден 23.00, сенбі күні 08.00- 21.00 ашық.

Өнеркәсіптік тауарлар дүкендер жұмыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ашық. сенбі күндері жұмыс уақытының қысқартылғанына байланысты 12-ден 16 сағатқа дейін аяқталады. Банктер жұмыс күндері келушілерді 10 -16 сағатқа дейін қабылдайды.
Ұялы байланыстың болуы. Ұялы телефон желісі бүкіл елді қамтиды.

Банкоматтардың болуы мен кредиттік карточкалардың таратылуы. Норвегияда банктік карточкалық төлем жүйесі енгізілген, сондай-ақ ұялы телефондарда APP қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бажсыз тауарларды тіркеу практикасы (tax free). Тауар құнының 12% -20% -ын құрайтын Норвегияда ҚҚС қайтару үшін, бірнеше шарттарды орындау қажет: сатып алу Норвегия аумағында жасалуы тиіс және оның құны 315 кронадан (50 АҚШ доллары) артық болуы тиіс.

Сонымен қатар, сатып алу мәліметтерін растайтын, олар сатып алған дүкенге, қолма-қол ақша алу үшін, сондай-ақ «tax free»түбіртегімен сертификат қажет.

Тікелей ҚҚС төлеу немесе банктік шотына қолма-қол ақша аудару Осло әуежайында жүзеге асырылады.

(VAT refund in Norway - Practical information - Oslo - visitoslo.com

http://www.visitoslo.com/en/oslo/practical-information/vat-refund/)

(http://www.tax-free.no/?gclid=CNbjt_acutACFRBlGQodfNkG2g)

Кернеу желісі. Желіде кернеу 220В құрайды (адаптер қажет емес)

Қажетті телефондар

Төтенше көмек көрсету телефондары:

Жедел жәрдем – 113, полиция - 112, өрт - 110

Басқалары

Кез келген нысанда алкоголь ішу, маскүнемдік және төбелес, және жыныстық қудалаушылық бойынша ауқымды айып салынады, темекі шегу тек тағайындалған жерлерде рұқсат етіледі.

Негізгі ережелер арасында: ұқыптылық, міндеттеме және тәртіп.

Қала орталығынан темір жолдың, автовокзалдар мен әуежайдың алыстығы, олармен көлiк байланыстары.

«Осло S» теміржол станциясы қала орталығында орналасқан. қалааралық және халықаралық бағыттарды қамтитын жерүсті арқылы өтетін автобус терминалымен қосылған. Ол жерден сондай-ақ, «Flybuss» автобустарымен және «Flytoget» экспресс пойызымен жетуге болады (қала орталығынан саяхат уақыты пойызбен -25 мин. автобуспен - 55 минут ты құрайды)