Ресми атауы:

Нидерланд Корольдігі

Астанасы:

Амстердам

Ресми тілі:

Нидерланд және фриз тілі

Территориясы:

41 528 км²

Халық:

17 млн адам

Уақыты:

Сағаттық белдеу UTC+1. Астана мен Амстердам қаласы арасында 5 сағат айырмашылық бар. Қысқы/жазғы уақытқа ауысу жүзеге асырылады.

Мерекелік және демалыс күндері:

1 қаңтар – Жаңа жыл

16-17 сәуір – Пасха

27 сәуір – Король күні

5 мамыр – Азаттық күні

25-26 желтоқсан – Рождество

Валютасы:

Еуро

Климаты:

Қоңыржый теңіз климаты. Жалпы алғанда климат қоңыржай теңіз болғандықтан, қоңыр салқын жаз бен жылы қыс бұл жерге тән. Теңіз жағалауы бойында шілде айының орташа температурасы 16-17 °C, қаңтар айының орташа температурасы 2 °C болып келеді, ал континенттің түпкірінде кішкене суығырақ болып келеді. Ауа-райы болжамын Нидерланд Корольдігінің метеорологиялық институтының сайтында білуге болады. http://www.knmi.nl/home

ҚР-мен транспорттық қатынасы:

Амстердам-Астана-Алматы бағыты бойынша KLM әуе компаниясымен аптасына 4 рет сапар жүргізіледі. Амстердам-Атырау бағыты бойынша Air Astana әуе компаниясымен аптасына 6 рет сапар жүргізіледі.

Елге кіру, болу және транзиттік жол жүрудің талаптары:

Визалық мәселелер:

Қазақстан Республикасының азаматтарына Нидерланд Корольдігіне келулері үшін виза қажет. Нидерланд Корольдігі Шенген келісімінің мүшесі болып табылады.

Нидерланд Корольдігіне баруды қалайтын азаматтарға 3 түрлі виза қолданылады:

Транзиттік виза (А түрі)

Бірыңғай виза («қысқа мерзімге орналасу үшін») (С түрі)

Ұзақ мерзімді виза (D түрі)

Транзиттік виза (А түрі) әуежайлардың халықаралық транзит зоналары үшін жарамды. Бірақ Шенген мемлекетінің территориясына кіруге бұл визамен болмайды.

Бірыңғай виза (С түрі) бүкіл Шенген зонасының ішінде еркін жүруге құқық береді.

Ұзақ мерзімді виза (D түрі) Нидерланд Корольдігінде 90 күннен артық болғылары келетін ЕуроОдақтың мүшесі болып табылмайтын елдердің азаматтарына беріледі. ЕуроОдақтың мүшесі болып табылмайтын елдердің азаматтарын, қағида бойынша, «үшінші әлем елдерінің азаматтары» деп атайды.

Паспорттың жарамдылығы:

Паспорт соңғы 10 жыл ішінде берілген болу керек. Паспорттың әрекет ету мерзімі визаның әрекет ету мерзімінен ең кемінде 3 ай артық болуға тиіс.

Кедендік бақылау:

Жеке өз басқа пайдаланылатын дәрі-дәрмектерді әкелуге болады. Кейде дәрінің өзіңіздікі екенін дәлелдеуді сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігерден немесе аптекада берілген рецепт қағазын көрсетуге болады.

Егер сізде Еуроодаққа келерде немесе Еуроодақтан шығарда € 10000 –дан аса ақша немесе бағалы қағаздар болса, онда сіз декларация толтыруыңыз қажет. Сонымен қатар, егер ақша сіздікі болмай, басқа адам үшін әкелген ақша болса да, сіз декларация толтыруыңыз қажет.

Кіргізуге/шығаруға тыйым салынған заттар:

Наша, кокаин, героин және басқа есірткілерді әкелуге болмайды. Бұл әрекет үшін қатаң тыйым салынады.

Қару, ату жарақтарын және жарылғыш заттарды әкелуге болмайды. Қару, ату жарақтарын және жарылғыш заттарды тек Нидерланд Корольдігінің үкіметі берген лицензиясы болса ғана әкелуге болады. Сонымен қатар, спорттық ату немесе аңшылыққа арналған оқ ататын қару үшін лицензия қажет.

Ветеринарлық дәрі-дәрмектерді әкелуге болмайды.

Санитарлық
бақылау:

Фитосанитарлық
бақылау:

Өсімдіктерді, кесілген гүлдерді, гүлдердің баданаларын, түйнектерді, жеміс-жидектерді сияқты фитосанитарлық өнімдерді әкелу үшін фитосанитарлық сертификат қажет.

Бұл сертификатты жолға шығар алдында өз еліңізде алуыңыз жөн. ЕуроОдақ территориясына келген кезде сіздің өнімдеріңізді фитосанитарлық инспекция қызметкерлері тексереді.

Шағын мөлшер үшін ерекшеліктер:

Кейбір кездерде сізге фитосанитарлық сертификаттың қажеті жоқ. Бұл тек қана келесі жағдайлар жүзеге асатын болса ғана:

· Өнім зиянды организмдердің тарауына қауіп тудырмаса

· Өнім қол жүгіңізде әкелінсе

· Тікелей немесе жанама сауда-саттықта пайдаланбаса

· Ғылыми мақсаттарға пайдаланбаса

Егер осы жоғарыда аталған қағидалар орындалса, онда:

· Ең көп дегенде 5 кг жеміс немесе жидек

· Ең көп дегенде 5 шоқ кесілген гүлдер

· Ең көп дегенде 5 гүлдердің баданаларын, жапырақсыз және гүлсіз түйнектерді

әкелуге болады.

Ветеринарлық
бақылау:

ЕуроОдақ территориясына үй жануарларын алып келіне қатаң талаптар қойылған. Үй жануарларын алып келу үшін уй жануарының денсаулығы жөнінде анықтама қағазы керек. Кей уақытта қан талдауы да сұралуы мүмкін. Жануарыңызды қарайтын ветеринарыңыз бірнеше ай бұрын бұл іспен айналысу қажет.

· Үй жануарын алдын-ала вакциналау және жол жүру қағаздарын дайындап реттеу

· 5 үй жануарына дейін алып келуге болады

· Сіз әкелінген үй жануарының иесі болуға тиіссіз немесе үй жануарының иесі өкілетті сенімгері болуға тиіссіз

· Иттер, мысықтар және саскүзендер микрочиптермен жабдықталуы немесе анық жазылған нөмірлермен белгіленулері және құтыруға қарсы екпе болуы қажет.

· Әкелінетін үй жануарлар сатылмауы тиіс.

· Әрбір үй жануардың өзінің денсаулығы жөнінде анықтама қағазы немесе үй жануарының паспорты болуы керек.

Саяхатшының қауіпсіздігі жөнінде:

Террористік қауіп:

Ә.Ф.Aс-Сиси Мысыр Араб Республикасының Президенті болып сайланғаннан бері (26-28 мамыр 2014 жыл) елде терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Солтүстік Синай провинциясы аумағында антитеррорлық операциялар режимі енгізілген. Мысырдың тұрақты қарулы күштері лаңкестікке қарсы ауқымды операциялар жүргізуде. «Мұсылман бауырлары» бірлестігінің жасырын жасушаларын ашу бойынша Мысыр ІІМ күштері белсенді жедел-іздестіру іс-шараларын атқаруда.

Қылмыс:

Мысырда әлеуметтік-экономикалық ахуалдың асқынуы салдарынан елдің кейбір қалалары мен аудандарында жеке заттар мен ақша ұрлау фактілері кездеседі. Алайда, қылмыстың бұл түрінен жекелеген жағдайлардың тіркелгені болмаса, ол жалпылама сипат алмаған.

Елдің әртүрлі аудандарына бару:

Бейтаныс аудандарға барудан бас тартқан жөн. Туристік сапарға шықпас бұрын ашық ақпарат құралдарынан қосымша мағлұмат алған жөн.
Дәстүрлі туристік маршруттардан тыс бағытта күзетсіз саяхатқа шығуға рұқсат етілмейді. Ондай сапарға шықпас бұрын жергілікті билікпен кеңесу қажет. Тарихи ескерткіштер мен басқа да орындады кәсіби құралдарды пайдалана отырып, бейне таспаға түсіру Мысыр құзыретті органдарының міндетті түрде рұқсаты мен келісімін алуды талап етеді.

Сіздің құқық қорғау органдары тарапынан ұсталған жағдайдағы іс-әрекеттеріңіз:

Елшіліктің Консулдық бөлімімен немесе консулға хабарлау үшін шетелдік мекеменің коменданттық қызметімен шұғыл байланысу қажет. МАР Ішкі істер министрлігінің өкілдерімен сөйлесу кезінде шыдамдылық пен ұстамдылық таныта білу қажет. Консул келгенге дейін кез келген хаттамалар мен құжаттарға қол қоюдан бас тарту керек.

Жол жүру тәртібі:

Ерекшеліктер:

Жол жүру ережелері Қазақстан Республикасынын ережелеріне ұқсайды. Автомобильді айдаған кезде көптеген велосипед айдаушыларға мұқият қарап сақ болу керек.

Отынның негізгі түрлері:

Негізгі отын түрлері 95 октандық және дизель болып табылады.

Автотұрақ орындары:

Нидерланд Корольдігінің ірі қалаларының көпшілігінде тұрақ төленеді. Орта есеппен, Амстердам қаласының орталығында тұрақ сағатына 4-5 еуро тұрады. Гаага қаласының орталығында тұрақ сағатына 3-4 евро тұрады.

Жол салығын төлеу қажеттілігі:

Нидерланд Корольдігінде барлық автокөліктердің иегерлері көліктік салықты төлеу қажет. Дегенмен, бұл шет елдердік компаниялардың қызметкерлері және аккредитациясы бар дипломаттарға қатысты емес. Осындай жағдайда Салық қызметіне хабарласу керек.

Тел: 0800-0749.

belastingdienst.nl/deutsch or belastingdienst.nl/English

Міндетті сақтандыру полисін алу тәртібі:

Нидерландының ірі сақтандыру компаниядан толық ақпаратты алуға мүмкін

https://meijers.nl/home-en/

Қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалану мүмкіндігі:

Нидерланд Корольдігінде қысқа мерзімге келетін Қазақстан азаматтары Қазақстанда берілген жүргізу куәлігін пайдалануға болады.

Автокөлік құралдарын жалға алу:

Нидерланд Корольдігіндегі автомобильдерді прокатқа беретін танымал агенттіктер Avis, Budget, Europcar, Hertz және Sixt болып табылады. Бұл компаниялардың бүкіл ел бойынша көптеген жерлерде өкілдіктері бар, солардың бірі Схипхол әуежайы болып табылады.


Жол-көлік апатына ұшыраған жағдайдағы сіздің іс-әрекеттеріңіз:

Жол-көлік оқиғасы жағдайында немесе сізді кенеттен ауруханаға жатқызса, сіз Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктің Консулдық бөліммен келесі тел хабарласыңыз: +31 70 427 22 20.


Жергілікті заңдар мен салт-дәстүрлер:

Қалыптасқан мінез-құлық ережелері:

Жалпы Нидерландыда қоғамда жоғары дәрежелі өзін-өзі ұстау ережелеріне сәйкес жүру қажет. Дүкендер, кафелер, мейрамханалар, жанармай құю станцияларында және басқа да қызмет көрсету жерлерінде әрқашан күлімсіреп қызметкерлері қызмет көрсетеді.

Нидерландыдағы веложолдардың кең желісін ескере отырып, жаяу жүруші велосипед жолымен жүруге тиісті емес.

Түрлі қылмыстар үшін берілетін жазаның түрлері:

Нидерланд Корольдігіне келген кезде Қазақстан азаматы Нидерланд елінің заңына бағынуға міндетті. Нидерланд заңдарын бұзғаны үшін айыппұл ретінде депортациялау, қамауға алуға немесе бас бостандығынан айыруға қолданылуы мүмкін. Есірткіні және психотроптық заттарды иелену, пайдалану және тасымалдағаны үшін Нидерланд Корольдігінде орнына қатаң айыппұлдар қолданылады.

Болу елінің отбасылық заңнамасы:

Нидерландыда жұптар бірге тұрудың заңмен реттелген екі түрлі формалары арасында таңдау жаса алады: олар үйленуге немесе бірге тұратындарын тіркеуге тиіс.

Сонымен қатар бірге тұру туралы ресми келісімге қол қоюға немесе ресми келісімсіз бірге тұра алады.

Нидерландыда 2001 жылдан бастап біржынысты неке қиюға болады.

Шетелдіктердің ел аумағынан жылжымайтын мүлік сатып алуының жергілікті заңдарда қарастырылуы:

Шет мемлекеттердің азаматтары Нидерандыдағы жылжымайтын мүлікті сатып алуға немесе жалға ала алады. Толықтай ақпарат НК Үкіметі сайтында ұсынылған.

https://www.rijksoverheid.nl/onderwerpen/koopwoning

Денсаулық сақтау:

Денсаулыққа қауіпті аурулар:

Нидерланд Корольдігіне саяхат жасау алдында сіздің өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесуіңіз жөн және сізде барлық екпенің бар екендігін анықтау қажет.

Гепатит «А»-ға қарсы вакцинаның болуы жоғары тәуекелі бар саяхатшылар үшін ұсынылады (мысалы шағын қалаларда, ауылдарда және ауылдық аумақтарда баратын саяхатшыларға азық-түлік немесе су арқылы немесе «авантюралық» тағамдар арқылы әсер ететін ауру).

«Б» гепатитініне қарсы вакцинацияның болуы қан немесе басқа дене сұйықтарының әрекетіне тап болатын, жергілікті тұрғындармен жыныстық байланыста болатын, немесе емдеу арқылы аурудың әсеріне тап болатын (мысалы авария болған жағдайда) көптеген саяхатшыларға ұсынылады.

Медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері:

Дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін дәрігердің рецепті талып етіледі.

Егу:

Нидерланд Корольдігіндегі эпидемиялогиялық жағдайы жақсы болып табылады.

Медициналық сақтандыру:

Нидерландыда медициналық сақтандыру міндетті болып табылады. Медициналық сақтандыру бірнеше бөліктерден құралады:

Негізгі сақтандыру - міндетті сақтандыру

Қосымша сақтандыру - ерікті сақтандыру

Тіс сақтандыру - ерікті сақтандыру

Жедел медициналық көмек:

Құтқару қызметінің ортақ нөмірі – 112

Жедел ветеринарлық көмек:

Нидерланд Корольдігінде ветеринарлық клиникалармен қатар үй жануарларына арналған жедел жәрдем өте көп.

Қосымша мәліметтер:

Бизнес климат:

Нидерланд қаржы секторы Еуропа бойынша жақсы орналасқан. Бірнеше факторлар қаржы институттары үшін Нидерланд Корольдігін сүйікті орын қылады:

  • Қалыптасқан дәстүр бойынша Нидерланд Корольдігі ірі қаржы институттары үшін қалаулы жер болып табылады.
  • Нидерланд Корольдігінде қаржы секторын қадағалау үшін заманауи заңнамалар қолданылады.
  • Нидерландыда бизнес-климат тұрақты.
  • Кәсіби халық саны бұл білімді оқытылған, даярланған сондай-ақ халықаралық деңгейде бағытталған болып табылады.
  • Нидерланд Корольдігінде барлық білім мен тәжірибе, байланыс және бизнес мәдениеті ЕуроОдақ бойынша және одан тыс елдерде өзге қаржы орталықтары арасында байланысты қалыптастырады.

Қажетті телефондар:

Бірыңғай жедел қызметтердің нөмірі (өрт сөндіру қызметі, полиция, жедел жәрдем және т.б.): 112

Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі:

Тел: +31 70 363 47 57

Консулдық бөлім: +31 70 427 22 20

Факс: +31 70 365 76 00

Басқалар:

Бүкіл Нидерланд елі бойынша қоғамдық көлік желісі жеткілікті дамыған. Қоғамдық көлік желісінің тарифі жолдың қашықтығына байланысты.

Такси. Әрқашан таксиге мінердің алдында жол ақысының шамамен қанша болатынын сұрауыңыз жөн. Такси есептегішінің жұмысы саяхатыңыз басталған кезде басталуына көз жеткізіңіз. Такси тарифінің құны 7.50 еуродан басталып, төрт адамға дейін алғашқы екі шақырымды қамтиды. Тарифтің құны бастапқы мөлшерлемесі (7.50 еуро) плюс сапардың қашықтығына және ұзақтығына байланысты. Тариф әрбір қосымша километрге € 0 және € 2,20 арасында түрленуі мүмкін. Таксидің сізді күткені үшін ең максималды баға сағатына 30 еуро болып табылады.

Орта таптың мейрамханасында түскі ас. Бюджеттік мейрамханасындағы түскі астың орташа бағасы 15-20 еуро болуы мүмкін.

Ұтқыр желісінің бары. Нидерланд елі толығымен ұтқыр телефон желісімен жабдықталған.

Банкоматтар мен кредиттік карточкалардың бары. Нидерландыда пластикалық карталарын пайдалану өте ыңғайлы, өйткені терминал желілері жеткілікті орналасқан., дүкендердің көбісі, сонымен қоса шағын дүкендер, төлеу үшін пластикалық карталарды қабылдайды.

Электр желісінің кернеуі. Электр кернеуі 220 В болып табылады. Қазақстанда қолданылатын ажыратқыштың ашасы Нидерланд елінде ешбір жалғастырғыш тетіксіз қолданылады.

Азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар дүкендерінің жұмыс уақыты. Көптеген дүкендер күн сайын сағат 9-дан кешкі 5.30-ға дейін ашық. Дүйсенбі күні дүкендер жиі түскі уақытта ашылады. Әдетте дүкендер бейсенбі күні сағат 9-ға дейін жұмыс істейді.

Tax free құжаттарын рәсімдеу. Нидерландыда ҚҚС тауар құнының 21%-ын құрайды. ҚҚС-ты қайтару үшін келесі шарттар ұстану керек:

Сатып алынған тауардың бағасы ең кемінде 50 еуро болуы керек және бұл тауар ЕуроОдақ территориясынан кетер дейінгі үш ай ішінде сатып алынуы тиіс.

Сонымен қатар келесі ақпаратты қамтитын түбіртек алуға қажет:

- Сатып алу күні;

- Дүкен атауы;

- ҚҚС тіркеу нөмірі;

- Шетелде сатып алушының атауы мен мекен-жайы (паспорттың ашып көрсетілуі талап етіледі);

- Тауарлардың саны, атауы және құны (ҚҚС және ҚҚС құны бар сату бағасы).

Кеден қызметінің өкілдерінен ЕуроОдақ аумағынан кету туралы чекте мөр қойдырту керек.

http://www.globalblue.com/destinations/holland/tax-free-shopping-in-netherlands/

Теміржол, сапаржайлардың және әуежайдың қала орталығынан қашықтығы, олармен көлік қатынасы:


Амстердам қаласының темір жол вокзалы қаланың ортасында орналасқан. Осы вокзалға қалааралық және халықаралық автобустардың бағыттары жүргізілген.

Елдің барлық қалаларында темір жол вокзалы қаланың ортасында орналасқан.