«HALAL KAZAKHSTAN» «қолшатыр» бренді алғашқы рет «HALFEST ASEAN 2017» көрмесінде таныстырылды

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының» АҚ және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен Куала-Лумпур қаласында «HALAL KAZAKHSTAN» «қолшатыр» бренді алғашқы рет «HALFEST ASEAN 2017» мамандандырылған көрмесінде таныстырылды. Ү.ж. 23-27 тамыз аралығында отандық өнім «АБАЯ» ЖШС, «Ордабасы Құс» ЖШС, «Евразиан Фудс» АҚ және ««Астана Агропродукт» ЖШС өндірушілерімен қазақстандық павильонда ұсынылды.

Қазақстандық компаниялардың «HALFEST ASEAN 2017» көрмесіне қатысуы тәжірибе және ақпарат алмасу, серіктестік орнату және Оңтүстік-Шығыс Азияның ауқымды нарығына кіру, кең саланы дамытудың болашақ үрдістерін талдау үшін жақсы алаң болды.

Малайзиялық сарапшылардың пікірі бойынша, Қазақстан болашақта Орталық Азия аймағының «халал хабына» айналуы мүмкін. Осыған байланысты, осы бағытты дамытудың табысы - ел экономикасының көптеген секторларын қамтитын халал «экожүйелерді» қалыптастыруға жүйелі тәсілдерді енгізу болып табылады. Малайзияның тәжірибесі Қазақстандағы осы секторды дамыту үшін ерекше қызығушылық тудыратыны атап өту керек, бұл өз кезегінде елдің экономикалық өсуінің қосымша көзі бола алады.

Анықтама: Бүгінгі уақытта Малайзияның халал өнеркәсібі, экономикалық өсімнің негізгі факторларының бірі болып табылатын, инвестициялар үшін ең тартымды болып қала береді және еліміздің сыртқы сауда көлемінің өсуіне ықпал етеді. 2016 ж. халал өнімдерінің экспорты 12,5 млрд. долл. құрды. Қазіргі таңда Малайзияның ЖІӨ халал индустриясының үлесі шамамен 7,5% -ды құрайды және 2017 ж. бұл көрсеткіш 8,5% дейін ұлғаяды деп болжануда. Бруней-Даруссалам, Камбоджа, Индонезия, Лаос, Малайзия, Мьянма, Филиппин, Сингапур, Таиланд, Вьетнам, Иран, Сирия, Қытай және басқа да елдер аталған көрмеде өз павильондарды ұсынды. Азық-түлік өнімдеріне қосымша фармацевтикалық өнімдер, косметика, өсімдік өнімдері мен ингредиенттері, қонақ үй қызметтері, азық-түлік қызметтері, ислам банкингі, такафул және тағы басқа қызметтер ұсынылды. Аталған көрме Малайзияның Халықаралық сауда және өнеркәсіп министрлігінің («МITI»), Халал өнеркәсібін дамыту жөніндегі корпорацияның («HDC»), Малайзияның Ислам даму департаментінің («JAKIM») және Мұсылман тұтынушылар қауымдастығының («PPIM») қолдауымен ұйымдастырылды.

Қосылған : 28.08.2017, 19:20, Өзгертілген : 28.08.2017, 19:20