Загребте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған «дөңгелек үстел» өтті

9 қыркүйекте Загреб қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауына арналған белгілі қоғам қайраткерлері мен іскер топтардың, қазақстан-хорват достығы Қоғамының, бейресми «Қазақстан достары» клубының, «Севдах» босниялық мәдени қоғамының, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі бірқатар хорват компанияларының басшылығының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. 

Қазақстан Елшісі Төлежан Барлыбаев Жолдаудың саяси және әлеуметтік жаңару, әлеуметтік-экономикалық даму және қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту саласындағы міндеттері туралы айтты. Қазақстанның экономикасын әртараптандыру, шағын және орта бизнесті, агробизнесті және өндірістік инфрақұрылымды дамытудың жаңа міндеттеріне орай Хорватиямен өзара тиімді ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді. 

Хорватияның экс-президенті Степан Месич әлеуметтік-саяси жүйені модернизациялаудың негізгі принципін сақтай отырып, Қазақстан басшылығының экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы жан-жақты көзқарасын жоғары бағалады. «Күшті президенттік биліктің, парламентаризм мен тиімді үкіметтің нығаюының теңдестірілген формуласы (Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет) тұрақтылықтың негізі, реформалардың сәтті болуының кепілі және қазақстандық қоғамның өркендеуінің кілті болып табылады» делінген. 

«Қазақстан-Хорватия» достық қоғамының төрағасы Андрия Карафилипович Қазақстан Президентінің билік пен қоғам арасындағы диалогты дамыту, азаматтық институттарды нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жаңа бастамаларын құптады. «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесін құру Қазақстан Республикасындағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар екендігі атап өтілді. 

Хорватиялық ядролық физик, академик Иво Шлаус, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасының лауреаты және «Қазақстан дипломатиясының 25 жылдығы» мерейтойлық медалінің иегері, Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауының басты ұстанымы - келісім мен тұрақтылықтың негізі ретінде сындарлы қоғамдық диалогты дамыту, яғни ол ХХІ ғасырдағы Қазақстанның тұрақты дамуының тірегі болып табылады.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған кең ауқымды мемлекеттік реформаларды, экономикалық және әлеуметтік қайта құру бағытындағы мақсатты іске асыруға қызмет ететініне келісті.

Қосылған : 9.09.2019, 20:50, Өзгертілген : 9.09.2019, 20:50