Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан Республикасы КХДР-дың 2017 жылғы 12 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын өрескел бұзылып, жасаған баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң айыптайды.

Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға тең төрағалық ете отырып, сондай-ақ Баллистикалық ракеталардың таралуының алдын алу іс-қимылдары жөніндегі Гаага кодексіне төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және өңірлікпен қатар ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді.

Қазақстан әлемнің ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі екеніне кәміл сенімді болып, КХДР-ды Қытай, Ресей, АҚШ, Корей Республикасы және Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы келіссөздер үстеліне кідірмей оралуға және ядролық шамданушылықтан толық бас тартуға шақырады.

Қосылған : 31.01.2017, 05:25, Өзгертілген : 8.02.2017, 18:30