Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі «KWAP» малайзиялық зейнетақы қорының Бас атқарушы директоры және «MRCB» компаниясының басқарушы директорымен кездесті

8 қарашада Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекеновтің «KWAP» малайзиялық зейнетақы қорының Бас атқарушы директоры Дато Ван Камаразуманмен және «MRCB» компаниясының басқарушы директоры Тан Сри Мохамад Салиммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында елші Қазақстанның индустриалды-инновациялық жобаларының және инвестициялық климаты жайында баяндады. Тараптар инвестициялық әріптестік мәселелерін және 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына «KWAP» пен «MRCB» қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Қорытындысымен Дато Ван Камаразуман мен Тан Сри Мохамад Салим қазақстандық тарапымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беруіне қызығушылық танытты және ү.ж. желтоқсан айында «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, Астана қаласының әкімшілігі, Астана Халықаралық қаржы орталығы мен «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басшылығымен бірлескен әлеуетті жобаларды талқылау үшін Қазақстанға баруға ниетті екендіктерін жеткізді.

«KWAP» Малайзиядағы екінші орында тұрған ірі зейнетақы қорының бірі болып табылады. Оның қаржы активтері шамамен 30 млрд. АҚШ доллары шамасында. Зейнетақы жинақтарын басқару аясында қор ел ішінде және шетелдерде белсенді инвестициялық жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда «MRCB» елдегі құрылыс, инфрақұрылымды дамыту және инжиниринг салаларындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың тізіміне кіреді.

Қосылған : 8.11.2017, 16:15, Өзгертілген : 8.11.2017, 16:15