Астанада Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары саяси консультацияларды өткізді

АСТАНА, 2018 жылғы 5 сәуір – Қазақстан және Ресей сыртқы саяси ведомстволарының Саяси ынтымақтастық жоспарын іске асыру аясында екі ел Сыртқы істер министрліктері арасында саяси конультациялар өткізілді.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ресейлік делегацияны – Сыртқы істер министрінің орынбасары – статс-хатшысы Григорий Карасин басқарды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың жағдайын және оларды дамыту келешегін, Орталық Азиядағы жағдайды, көпжақты қауымдастықтағы өзара әрекеттестікті, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздікті дамыту мәселелерін талқылады.

Консультациялардың қорытындысында делегация басшылары Қазақстан мен Ресейдің мемлекетеаралық қатынастардың барлық салаларында өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.

Екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, интеграциялық байланыстарды, аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары атқарып отырған жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

Қосылған : 5.04.2018, 15:00, Өзгертілген : 5.04.2018, 15:00