Визаларды беру

«Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өту» мемлекеттік қызмет паспорты

Қызмет көрсетуші:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелері.

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде мемлекеттік қызметті берушінің құжаттарды қабылдау сағаты 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағаты 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Сәрсенбі қабылдамайтын күн.

Веб-сайт:

http://mfa.gov.kz; шетелдегі мекемелердің сайттары

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және олардың нәтижесін беруді жүзеге асыратын мекеме:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдегі мекемелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

қағаз түрінде

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Қажетті құжаттар тізбесі:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі растаухаттың 3-ші данасының көшірмесі немесе, көрсетілетін қызмет алушы, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар болған жағдайда вербалдық нота;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жол жүру құжаты;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес визаны ресімдеуге арналған сауалнама;

адамның беті анық, көзілдіріксіз және бас киімсіз алдынан қарағанда бейнеленген мөлшері 3,5х4,5 сантиметр (бұдан әрі - см)бір дана ақ-қара немесе түрлі-түсті фотосурет, егер де бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болса, адамның осындай бас киіммен жол жүру құжатында бейнеленген фотосуреті және азаматтың құжатты ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуы тиіс;

консулдық алымның төленгендігін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Қазақстан Республикасының визасы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының нөмірі:

1414, 8 800 080 7777

* толық ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен танысуды сұраймыз

Қосылған : 14.02.2017, 16:35, Өзгертілген : 15.02.2017, 16:35