Бос лауазымдар

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, 010000,

Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31-үй, анықтама үшін телефон: (8-7172) 72-02-92, электрондық пошта: m.taizhanov@mfa.kz,

бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 Құжаттар қабылдау мерзімі 2016 жылғы 29 қыркүйекке дейін

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

C-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйке ссалаларда жұмыс тілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

C-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;*

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.*

1. Кадрлар басқармасының басшысы (С-3санаты) - (1 бірлік).

Функционалдықміндеттері:Кадрлық саясатты жүргізу. Әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына конкурс өткізу және ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет кадрлық құрамына мониторинг жүргізу, сынақтама, кадрлық резервті қалыптастыру, қызметкерлерді дамыту, ҚР СІМ қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және біліктілігін көтеру; ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінің кадрлық жұмысын тексеру іс-шараларын белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету; жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы бойынша міндеттер атқару.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілк лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.

2. Қазақстан Республикасының Дубай қ. Бас консулдығының бірінші хатшысы
(С-3 санаты) - (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті арасындағы стратегиялық қатынастар саясаты мәселелері бойынша сапалы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асыру; болу еліндегі ішкі саясаты ахуалды, сондай-ақ аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талдау және қадағалау;  Шетелдік мекеменің іс жүзіндегі қызметінің мәселелері бойынша болмыш мемлекеттің сыртқы істер ведомствосы басшылығымен, дипломатиялық корпуспен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен өзара байланыс жұмыстарын жүзеге асыру; Елшінің тасырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілк лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.

3. Халықаралық ақпарат комитеті Баспасөз қызметінің кеңесшісі(С-4 санаты – 1бірлік)

Функционалдық міндеттері:Шетелдік қонақтардың Қазақстан Республикасына жұмыс және ресми сапарларын жариялауды ұйымдастыру бойынша ҚР мемлекеттік органдарымен және ұлттық компанияларымен және даму институттарымен, өзара іс-қимыл жасау; ҚР шет елдердегі мекемелерімен – шетелдік, орталық және өңірлік БАҚ, ҚР Президентінің, Премьер-министрінің және мемлекеттік органдарының баспасөз қызметімен өзара іс-қимыл жасау; ҚР Сыртқы істер министрінің ресми сапарларын ұйымдастыру (жариялау, материалдарды дайындау, журналистік пулды айқындау және рәсімдеу); қазақ тілді БАҚ-тарға басшылықтың мақалалары мен сұхбаттарын дайындау; қазақстандық мемлекеттік органдар өкілдерінің шетел БАҚ-тарымен сұхбаттарын ұйымдастыру; мемлекеттік органдар, БАҚ, басқа да ұйымдар мен азаматтардың сауалдары мен өтініштеріне жауап дайындау; іс-шаралар нәтижесі бойынша шығатын басылымдар мен құжаттарды орындау мерзімдерін бақылау; Баспасөз хатшысының апталық баспасөз-брифингтерін ұйымдастыру (тиісті ақпарат жинау және пысықтау, журналистерді тіркеу).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, (халықаралық қатынастар, халықаралық журналистика, жұртшылықпен байланыс).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілк лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.

4.Сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментіСыртқы саяси болжамдау басқармасыныңбірінші хатшысы (С-4 санаты) - (1 бірлік).

Функционалдіқ міндеттері: Еуропа, ТМД, Каспий теңізі және Оңтүстік Кавказ аймақтарындағы ахуалдардың дамуын болжау; аумақтық ынтымақтастықтың болашағы мен қазіргі жағдайын сараптау және сыртқы дамудың жаңа саяси парадигмаларын үлгілеу; ҚР СІМ стратегиялық жоспарын іске асыру жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілк лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.

5.Қазақстан Республикасының Индиядағы Елшілігінің екінші хатшысы
(С-4 санаты) - (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы мен болу мемлекеті арасындағы стратегиялық қатынастар саясаты мәселелері бойынша сапалы ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеуді жүзеге асыру; болу еліндегі ішкі саясаты ахуалды, сондай-ақ аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талдау және қадағалау;  Шетелдік мекеменің іс жүзіндегі қызметінің мәселелері бойынша болмыш мемлекеттің сыртқы істер ведомствосы басшылығымен, дипломатиялық корпуспен, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен өзара байланыс жұмыстарын жүзеге асыру; Елшінің тасырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары білім: гуманитарлық, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, халықаралық құқық, саясаттану, аймақтану немесе әлемдік экономика).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілк лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Мүмкіндігінше мемлекеттік және шетел тілдерін меңгеру.

Қосылған : 24.09.2016, 01:11, Өзгертілген : 18.10.2016, 15:49