Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы 2017 жылы ынтымақтастықтың қорытындылары белгіленді

Варшава, 2017 жылғы 28 желтоқсан – 2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстанның Польшадағы Елшілігі 2017 жылы Қазақстан мен Польшаның арасындағы ынтымақтастықтың қорытындыларына арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға поляк әкімшілігі, сыртқы саяси ведомствосы, іскер топтар, сарапшылар қауымдастығы, поляк жұртшылығы, БАҚ және қазақ диаспорасының өкілдері, полония және студенттер қауымы қатысты.

Кездесудің ашылуында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Қазақстан-Польша қатынастарын дамыту және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Польшаның еңбек сіңірген қайраткерлерін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен берілген мерейтойлық медалімен, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің медалдарымен марапаттады.

Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, елдің экономикасын дамытудың басым салалары, Қазақстан-Польша ынтымақтастығындағы қолайлы салық режимі және негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ 2018 жылы Елімізде маңызды саяси және экономикалық оқиғалары, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы және Астананың 20 жылдығын тойлау тақырыптары бойынша презентация ұсынылды.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары 2016 және 2017 жылдары Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Польша Президенті А.Дуданың кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын оң бағалап, екі ел арасындағы қазіргі ынтымақтастық жайында пікір алмасты.

Польшаның іскер және ғылыми топтарының өкілдері экономикалық ынтымақтастық динамикасының қалыптастыру маңыздылығын және барлық салалардағы ынтымақтастықтың сындарлы сипатын атап өтті.

Кездесудің барлық қатысушылары Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістер мен бастамаларға жоғары баға беріп, болашақта белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін білдірді.

Қосылған : 28.12.2017, 19:20, Өзгертілген : 28.12.2017, 19:20