БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сириядағы гуманитарлы ахуал талқыланды

2017 жылы 22 ақпанда Қазақстан делегациясы Сириядағы гуманитарлық ахуалға арналған кезекті Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты.

Мәжілісте БҰҰ-ң Бас хатшысының орынбасары Стивен О'Браеннің гуманитарлық сұрақтарға байланысты брифингі тыңдалынды.

Аға дипломат сириялықтардың көпшілігінің мүшкіл халіне, әсіресе әйелдер, балалар мен басқа да осал топтарының, сондай-ақ, елдегі дәрі-дәрмек тапшылығы туралы Қауіпсіздік Кеңесін хабардар етті. С. O'Брайен 6 жыл бойы Сирия қалаларындағы тұрғындардың күрделі жағдайы туралы баяндады.

Мәжіліс мүшелері сириядағы мәселені бейбіт жолмен шешудің баламалы еместігін басып айтты. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Сириядағы соғыс қимылдарын тоқтатуды нығайтуда белсенді рөл атқарған Қазақстанның күш-жігерін атап шықты. Дәлірек айтқанда, Астанада бейбітшілік процесіне арналған 2017 жылғы 15-16 ақпандағы соңғы отырысқа жоғары баға берді.

Қазақстандық делегация Сириядағы гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі С. О'Брайен бастаған БҰҰ басқармасының гуманитарлық және медицина қызметкерлерінің өмірге қауіпті және тәуекелді жағдайлардағы жұмысын жоғары бағалады. Осы қиын жағдайдан шығудың жалғыз тәсілі ретінде келіссөздер жалғастырылу қажет екені ескерілді. Сириядағы жанжалды бейбіт реттеу жолдарын іздестіру бойынша перспективті алаң ретінде Астана процесі БҰҰ қамқорлығындағы Женевалық платформаны сапалы түрде толықтыратындығы айтылды.

Қазақстан қақтығыс тараптарына, әскери мақсаттарға жету үшін қарапайым халыққа адам төзгісіз азаптайтын, қалаларды қоршауға алу тактикасын пайдаланудан толығымен және дереу бас тартуға шақырады. Сондай-ақ, делегациямыз әлемдік қауымдастықты гуманитарлық көмек аз қамтылған қалаларға гуманитарлы көмекті қауіпсіз және кедергісіз жеткізуде БҰҰ гуманитарлық агенттіктеріне ықпалдасуға шақырды.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломаттар ДАИШ тобының Эль-Ракка мен Эль-Баб қалаларындағы су көздері, әлеуметтік инфрақұрылым, көпірлер, жолдар мен ауруханалар жоюын айыптады. Сол ретте, зардап шеккендер адамдардың азапталуына байланысты, лаңкестік топтарға қарсы қатаң шаралар қажеттігін, топтардың мүшелерін олардың қылмыстары үшін халықаралық құқыққа сәйкес жауапкершілікке тарту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Қосылған : 24.02.2017, 15:55, Өзгертілген : 24.02.2017, 19:25