Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай кездесулер өтті

1 желтоқсанда Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Франциядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Қазақстанның Елшісі Жан Ғалиев келген қонақтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, Мемлекет басшысы бастаған реформалардың іске асырылуы туралы баяндады. Елші елден тыс жерде тұрып жатқан қазақ халқының өкілдерімен тығыз байланысты қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақ диаспорасының басын біріктіріп отырған «AKFT» ассоциациясының төрағасы Мустафа Услужан өз тарапынан елшіліктің әрдайым қолдау көрсетіп жатқанын тағы бір атап өтті. Сондай-ақ Франциядағы қазақ қоғамдастығы жастарының туған тіл мен ұлттық дәстүрлерді меңгеруі өз тек тамырларын нығайтып, халқымызбен байланысын сақтауда маңызы зор. «Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпіне көшу туралы шешімін үлкен жылулықпен қабылдадық, себебі кириллицаны білмейтін жас ұрпақтың қазақ тілі мен әдебиетін оқып үйренуде, қазақ өнерін танып білуде үлкен жеңілдік берері сөзсіз», - деді ол. Одан бөлек диаспора Қазақстанға таныстыру сапарларын ұйымдастыру, оның ішінде студенттермен алмасу және балаларды отандық оқу орындарына жіберу қызығушылығын танытып отыр.

Кездесуге қатысқандар алдағы уақытта өткізуге, мәдени және спорттық шараларды, сондай-ақ ұлттық мейрамдар шеңберінде бірлесіп іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.

2 желтоқсанда Елші Ж.Ғалиев Францияда оқып жатқан студенттер мен жұмыс істеп жүрген қазақ жастарының өкілдерін қабылдады.

«Араларыңызда еліміздің бірталай дарынды тұлғалары бар, Отанымыздың игілігі жолында бастау көрсетіп, түрлі жобаларды жүзеге асырып жатқандарыңызға, сонымен қатар қазақ-француз достастығын нығайтуға атсалысып жатқандарыңызға қуаныштымыз», - деп дипломаттық өкілдіктің басшысы атап өтті. «Қорқыт» орталығының негізін қалаушылардың бірі Әйгерім Ерсаинова қазіргі таңда жас балалардың, сонымен бірге француз отбасыларымен асырап алынған балалардың қазақ тілін қаншалықты меңгеріп жатқандағы туралы бірқатар мағлұмат берді. Аталған орталықта қазақтың ұлттық аспапттарында ойнауға оқытып, қолөнер шеберлігі мен салт-дәстүрді жетік зерделеп, үйретеді.

«JAAK» (Қазақстан достарының жас альянсы) жастар бірлестігі көшбасшыларының бірі Нұрболат Торениязов Қазақстан мәдениеті мен салт-дәстүрін дәріптеу, әлеуметтік-мәдени сипаттағы түрлі шараларға қатысу арқылы еліміздің тартымдылығын арттыруда ассоциацияның қосып жатқан үлесі туралы айтып өтті.

«Этно Балет» ассоциациясының басқарушысы балерина, хореограф Дана Мусса атқарған жобаларымен таныстырды, өз әңгімесінде би мен музыканың тілі арқылы француз шәкірттерін көшпенді қазақтардың көне мәдениетімен таныстыратыны жайында атап өтті. «Осыған байланысты жас бишілердің біздің елге деген махаббаты мен құрметі күн санап артуда және олар елімізбен жақынырақ танысуды армандайды», - деп мақтанышпен сөзін аяқтады.

Белсенді жастардың бірі Андрей Иванов Франциядағы қазақстандық жастардың Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баяндаған идеясын толықтай қолдайтынын айтты. Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында бейбітшілік, ынтымақтастық және махаббат тақырыбына арналған дизайнерлік орнатылым жобасын елордамыздың 20 жылдығына орай Астана қаласында қарастыруды ұсынды.

Қазақстан Елшісі қонақтарға жанжақты бағыттардағы қызметтері үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта елшілік жаңа мазмұнды тартымды жобалар мен бастамаларға қолдау көрсетуге дайындығын растады. Сонымен бірге ол жастарды шетелдегі мекемемен белсенді түрде, оның ішінде әлеуметтік желі арқылы қарым қатынас ұстап тұруға шақырды.

Қосылған : 2.12.2017, 17:40, Өзгертілген : 2.12.2017, 05:25