Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде Қазақстан Президентінің Жолдауына арналған кездесу өтті

Ү.ж. 1 наурызда Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде Г.Әлиев атындағы «Әзербайжан - Қазақстан» Республикалық достық қоғамының өкілдерімен кездесу өтті. Сонымен қатар, іс-шараға Әзербайжанның қоғамдық-саяси топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы болды.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Б.Исабаев қатысушыларды Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстыра отырып, Елбасының атап өткен келесі басымдықтарға назар аударды: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, технологияларды терең қолдану мен «Ақылды қала» технологиясын енгізу. Сондай-ақ, ол Қазақстан әлемнің дамыған 30 елі қатарына енуіне айтарлықтай жұмыс атқарып отырғанын және бұл мақсатқа қол жеткізуге технологияларды дамыту мен енгізу өз септігін тигізетінін атап өтті. Өнеркәсіп пен Үкімет қызметін цифрлау экономикалық дамуды нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыра түсетін болады.

Сонымен қоса, Б.Исабаев Достық қоғамдастығының басшылығына Жолдауды әзербайжан тіліне аударып, кітапша ретінде шығаруға атсалысқаны үшін алғысын білдірді.

Іс-шара аясында Қазақстан Елшісі Қазақстанның да, Әзербайжанның да өз көліктік-логистикалық әлеуетін дамытуға, жоғары технологияларды енгізу мен жалпы ұлттық экономикаларын диверсификациялауға жұмсап отырған күш-жігерін ескерсек, көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру Президент Жолдауындағы ең маңызды тапсырмалардың бірі болғандығын атап өтті.

Республикалық қоғамдастықтың Президенті, академик Эльдар Гюнайдынның айтуынша, Қазақстан Президенті өз Жолдауында алға қойған тапсырмаларды іске асыру экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени және басқа да салалардың жанжақты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Әзербайжан жазушылар Одағының мүшесі, Жолдаудың әзербайжан тіліндегі аудармасының авторы Исмаил Умудлу Н.Ә.Назарбаев Түркі әлемінің Ұлы көшбасшысы екенін атап өтіп, Жолдау тек Қазақстан халқына ғана емес, жалпы түркітілдес мемлекеттердің халқына бағытталғанын жеткізді.

Республикалық қоғамдастықтың вице-президенті, профессор Эльдар Исмаилов «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығы мен дер кезінде көтеріліп отырғандығына ерекше назар аударды.

Кездесу соңында Б.Исабаев қатысушыларды Қазақстанда 1 наурыз күні «Алғыс айту» күні аталып өтетіні туралы ақпараттандыра келе, Қоғамдастыққа Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту бағытында қосып келе жатқан бағаланбас үлестері үшін және бүгінгі кездесуге қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Қосылған : 1.03.2018, 19:00, Өзгертілген : 1.03.2018, 19:00