Нью-Йорк қаласында Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісім құру жөнінде келіссөздер басталды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ерболат Сембаев бастаған отандық делегация Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтіп жатқан Ядролық қарудың түбегейлі жойылуына әкелетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы заңдық міндеттеуші күші бар құжат әзірлеу бойынша БҰҰ конференциясының

1-ші сессиясына қатысуда.

Конференцияның жоғарғы деңгейлі сегментінде жасаған мәлімдемесінде қазақстандық дипломат Конференцияның қатысушыларын еліміздің ядролық қарусыздандыру саласында атқарып жатқан әрекеттері туралы баяндады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында жария етілген 2045 жылы, Ұйымның жүз жылдығына орай ядролық қарудан азат әлем құру туралы бастамасының және Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінің маңыздылықтары айтылып өтілді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация өкілдерімен құрылып жатқан халықаралақ құжат мәтінінің жобасына өзінің деректі ұсыныстары ұсынылды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы A/RES/71/258 қарарына сәйкес Ядролық қарудың түбегейлі жойылуына әкелетін Ядролық қаруға тыйым салу туралы заңдық міндеттеуші күші бар құжат әзірлеу бойынша БҰҰ Конференциясы Нью-Йорк қаласында
2017 жылғы 27-31 наурыз және 15 маусым - 7 шілде аралығында өтеді.

Қосылған : 28.03.2017, 17:05, Өзгертілген : 28.03.2017, 11:30