​ҚР СІМ-нің мұражайында «Өнегелі өмір» сериясымен шығатын кітаптар көрмесі ашылды

Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиялық қызметінің 25-жылдығына орай іс-шаралар аясында 16 маусымда ҚР Сыртқы істер министрлігінің мұражайында «Қазақ университеті» Баспа үйі ұсынған «Өнегелі өмір» сериясымен кітаптар көрмесі ашылды.

«Өнегелі өмір» сериясы ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның көрнекті тарихи тұлғаларының өмірі жайлы баяндайтын басылымдарды қамтиды. Осы уақытқа дейін жарыққа шыққан 115 кітаптың 10-ы дипломатиялық қызметке тікелей қатысты, мемлекеттік және қоғам қайраткерлеріне арналған, оның ішінде ҚазССР сыртқы істер министрлері Т. Тәжібаев, Ә. Шәріпов, М. Базарбаев, М. Есенәлиев. Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшілері Е. Асанбаев, О.Сүлейменов, М. Жолдасбеков, Қ. Сұлтанов, теолог, шығыстанушы және дипломат А. Дербісәлі, халықаралық қатынастар білім беру саласындағы ұйымдастырушы Г. Жамбатыров бар.

Ұсынылған басылымдар келушілер арасында қызығушылық тудырды. Олар дипломатияның сипаты және оның біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты және табысты дамуындағы маңыздылығы туралы мазмұндағы ақпаратты қоғамда насихаттаудың маңызды екенін атап өтті.

Анықтама: ҚР СІМ-нің Мұражайы 2012 жылдың 29 маусымында ашылды және ол мекеменің қызметкерлері мен қонақтарының келуіне қол жетімді болып табылады. Жоғары оқу орындарының студенттері мен орта мектептің жоғары сынып оқушыларының ұйымдасқан топтарына экскурсия өткізуге сұраныстар электрондық пошта мекен-жайы: kmi@mfa.kz, немесе (7172) 720515 телефон нөмері бойынша жіберілуі мүмкін.

Қосылған : 16.06.2017, 18:10, Өзгертілген : 16.06.2017, 18:10